Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Аналитикалық химияның қазіргі заманғы рөлі, орны

Автор:   •  Сентябрь 26, 2024  •  Реферат  •  1,793 Слов (8 Страниц)  •  46 Просмотры

Страница 1 из 8

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ.

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ. [pic 1]

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫ.

Реферат

Тақырыбы: Аналитикалық химияның қазіргі заманғы рөлі, орны.

Аналитикалык химияның жіктелуі және аналитикалық химияда қолданатын әдістер.

Орындаған: Елшібек Арайлым, “Ғылыми химия”

мамандығының 2-ші курс студенті

Қабылдаған: Аналитикалық химияның теориялық

негіздері пәнінің оқытушысы

 Бақыткәрім Ырысгүл

Алматы, 2024

Жоспар:

•Кіріспе

•Аналитикалық химия пәні және оның алатын орны

•Химиялық анализдің маңызы және қолданылу аясы

•Қорытынды

•Пайдаланған әдебиеттер

                                                                 

                                                                                Кіріспе

        Аналитикалық химия – заттардың химиялық құрамын және құрылымын анықтаумен айналысатын ғылым саласы. Бұл ғылымның негізгі міндеті – әртүрлі әдістер арқылы заттардың сандық және сапалық құрамын зерттеу. Заманауи аналитикалық химия тек зертханаларда ғана қолданылмайды, ол биологияда, медицинада, экологияда, материалтануда және өнеркәсіптің көптеген салаларында маңызды рөл атқарады.

         Химияның бұл саласы үнемі дамып келеді және қазіргі заманғы талаптарға сай жаңа технологиялармен байытылып жатыр. Әсіресе, соңғы жылдары аналитикалық химияда автоматтандырылған және компьютерленген жүйелер кеңінен енгізілді, бұл зерттеулердің нақтылығы мен тиімділігін арттырады. Жаңа аналитикалық құралдар мен әдістердің пайда болуы нәтижесінде аналитикалық химия кез келген заттың құрамын тереңірек талдауға мүмкіндік береді.

       Аналитикалық химияның жіктелуі де осы ғылымның қаншалықты ауқымды екенін көрсетеді. Ол химиялық талдаудың сапалық және сандық әдістерін, сондай-ақ, қазіргі заманғы аспаптық әдістерді қамтиды. Химиялық талдаудың дәстүрлі әдістері мен қазіргі заманғы технологиялар бірлесіп, аналитикалық химияны ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарда маңызды құралға айналдырды.

             Аналитикалық химия пәні және оның алатын орны

        Аналитикалық химияның мақсаты - анализдеу әдістерін жасау және оны тәжірибе жүзінде қолдану, сонымен бірге аналитикалық әдістердің теориялық негіздерін кеңінен зерттеу болып табылады.Атап айтқанда, әртүрлі орталарда және түрлі агрегаттық куйлерде болатын элементтер мен олардың қосылыстарын зерттеу, координациялық қосылыстардың құрамы мен тұрактылығын, заттың оптикалық, электрохимиялық және басқа да сипаттамаларын анықтау, химиялық реакциялардың жылдамдықтарын зерттеу, әдістердің метрологиялық сипаттамаларын анықтау және т.б. көптеген сұрактар. Әсіресе анализдің жаңа әдістерін іздеу және ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін аналитикалық мақсаттарда қолдануға қазіргі кезде қатты көңіл бөлінеді. Практикалық мақсаттарда әрдайым толық химиялық анализ жүргізу қажет бола бермейді. Көп жағдайда материалдың сапасын, технологиялық сипаттамаларын, эксплуатациялық қасиеттерін, кейде екі-үш немесе төрт-бес аса маңызды компоненттерді ғана анықтаумен шектеледі.

       Қойылған мақсаттарға, талданатын заттың қасиеттеріне және тағы да басқа шарттарға байланысты заттардың құрамы әртүрлі өрнектеледі. Заттың химиялық құрамы элементтердің немесе олардың оксидтерінің, болмаса басқа да қосылыстарының массалық үлесімен (%), сонымен бірге үлгіде шын мәнінде кездесетін химиялық қосылыстардың немесе фазалардың, изотоптардың және т.б. болуымен сипатталады. Құймалардың құрамы әдетте құрамдас элементтердің массалық үлесімен (%) сипатталады; тау жыныстарының, рудалардың, минералдардың және т.б. құрамы олардың қандай да бір қосылыстарына, көбінесе оксидтеріне шаққандағы элементтердің құрамымен анықталады.         Талданатын үлгіде кездесетін қандайда бір элементтің жеке химиялық қосылыстар, формалар түрінде сынақта болуын анықтау мақсатындағы фазалық немесе заттық анализ әлдеқайда күрделі. Органикалық қосылыстарды анализдеу кезінде жеке элементтерді (көміртегі, сутегі, азот және т.б.) анықтаумен қатар молекулярлы және функционалды анализ жиі жүргізіледі (яғни жеке химиялық қосылыстар, функционалды топтар және т.б. анықталады).

...

Скачать:   txt (23.3 Kb)   pdf (192.2 Kb)   docx (49.1 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club