Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі

Автор:   •  Февраль 9, 2021  •  Эссе  •  272 Слов (2 Страниц)  •  842 Просмотры

Страница 1 из 2

Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап, елдің дамуы үшін белгілі бір деңгейдегі даму реформаларын қабылдады. Алғашқы жаңғыру елдің экономикасын жоспарлы түрден нарықтыққа өткізу, ал екіншісі «Қазақстан-2030» стратегиясын қабылдап, дамыған 50 елдің қатарына қосылу болды.

Елбасымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жылы өз жолдауында екі жаңғыру сатысынан табысты өтіп, баға жетпес тәжірибе жинағанымызды алға тарта отырып, келесі үшінші жаңғыруды нық қадаммен бастау керек екенімізді айтқан болатын.

Үшінші модернизацияның басты мақсаты: бәсекеге қабілетті дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін елдің экономикасының жаңа моделін құру. Алайда бұл жерде үшінші модернизацияның философияға қандай байланысы бар деген сұрақ туындайды. Жалпы философия өмірлік даналық туралы ғылым және оның басты сұрағы: ойлаудың болмысқа, болмыстың ойлауға қатысы. Яғни, философия біздің қоғамымыздың барлық сатысында: білім беруден бастап, елдің экономикасына дейін болуы тиіс.

Үшінші модернизацияда айтып өтілгендей, ең басты міндет: технологиялық жаңғыру, бәсекеге қабілетті ел болу. Ал бәсекеге қабілетті болу үшін әлемге ашық болуымыз керек, сонғы өзгерістемен танысып, өз ыңғайымызға қолда білуіміз керек. Яғни бұл жердегі маңызды мәселе ой ашықтығы, яғни кез келген өзгеріске философиялық тұрғыдан қарау арқылы жетістікке жете аламыз.

Кез-келген өзгерісті жүзеге асыру үшін ең алдымен оны жете түсініп, өз ойымызды өзгерту арқылы белгілі бір жетістікке жете аламыз. Ал ғасырлар бойы қалыптасқан сана-сезімізді, ойымызды өзгерту үшін рухани деңгейде жаңғыруымыз керек. Рухани жаңғыру үрдісін жүргізу арқылы біз қазақ философиялық мұрасын жоғары орынға қоямыз, яғни оның адамгершілік мазмұны ұлттық дүниетанымымыздың негізін құрап, отандық мәдениетті жаңғыртып ел санасына сіңдңре аламыз. Ал біз философия саласын, ойлау мәдениетін дамытып, қоғамның барлық саласына енгізу арқылы кез-келген реформаны, кез-келген жаңа өзгерісті тез қабылдап, еліміздің дамуына өз үлесімізді қоса аламыз. Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі өте үлкен екеніне көзіміз жетеді.

...

Скачать:   txt (3.9 Kb)   pdf (54.6 Kb)   docx (7.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club