Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жеңіл атлетикада қауіпсіздік ережелері

Автор:   •  Сентябрь 14, 2020  •  Реферат  •  3,127 Слов (13 Страниц)  •  13 Просмотры

Страница 1 из 13

        ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ     ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ                                        

[pic 1][pic 2]

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Жеңіл атлетикада қауіпсіздік ережелері

                                                                                Орындаған: Жолдыбаев Т.К

                                                                                 Тексерген: Малькей Асылтек

                                     

Нур-Султан 2020г.

                                                     Кіріспе

               Қазіргі заманғы жаһандану мен жаңалану бір жағынан адам өміріне пайдасы болса, екінші жағынан адамды табиғаттан алшақтатады. Адамның қозғалу белсенділігінің төмендеуі, экологияның бұзылуы адам ағзасына зиян       келтіруде. Аурулар мен жұқпалы аурулар тізімі артып, адам ағзасы әлсіреуде. Ертеде қарт адамдарауырған аурулар бүгінгі таңда «жасарды», сол себептептен адамдардың өмір сүру ұзақтығы қысқарды. Қимыл белсенділігінің төмендеуі─ол адам өміріне қарсы әсер ететін өте жағымсыз фактор. Жеңіл атлетика бұқара көп айналысатын спорт түріне жатады.Жеңіл атлетикамен жүйелі түрде айналысу адамның қимылын жақсартып, өмірге деген құштарлығын арттырады. Жеңіл атлетика дене мәдениеті және спорт жүйесінде спорттың ең басты түрінің бірі болып саналады. Себебі оны игеру өте оңай. Жүгіру, секіру, лақтыру тағы басқаларының бірнеше түрлері мен қолданбалы белгілері жетерлік. Осылардың барлығы жеңіл атлетика сабағында үйретіледі. Жеңіл атлетика курсының мақсаты ─ дене шынықтыру сабағында мұғалімінің студенттерге негізгі мамандығы бойынша сабақтарын жүргізу.                                                                                                                                        Оқу курсы өз алдына бірнеше міндет қояды:                                                                                       - жеңіл атлетика аясындағы кешенді білім беруді қалыптастыру;                      - жеңіл атлетиканы оқу барысында шеберлік сыныбын дене шынықтыру маманынан дұрыс қабылдай білу;                                                                           - дене шынықтыру саласындағы жаңалықтарды ғылыми әдістермен игере білу;                                                                                                                             - кешенді іс қимылдарды және тәндік сапаны кәсіби маманмен бірге дайындау.                                                                                                                    Оқу әдістемесілік құралы Мемлекеттік білім үлгісі стандартына сай, арнайы жоғарғы оқу орындарында оқитын Дене шынықтыру және спорт – 5В010800 мамандығына дайындалған. Оқу әдістемелік құралдың бірінші бөлімінде жеңіл атлетиканың жалпы тәртібі жайлы жазылады. Қысқаша түрде сайыстарды қалай ұйымдастыруға болатыны жайлы сөз қозғалады. Екінші бөлім жеңіл атлетиканың техникасын меңгеруге арналған. Үшінші бөлімде оқу әдісінің негізгі теориясы мен әдістемесі қарастырылған. Әрбір тақырыптан кейін студенттерге өткен материалдарын пысықтау мақсатында тест тапсырмалары берілді. Осы оқу-әдістемелік құралын жазғанда шығармашылық әріптестер ежелгі және заманауи дене шынықтыру техналогияларына жүгінді. Авторлар сіздердің шағымдарыңыз бен идеяларыңызды ризашылықпен қабылдайды.

                               Жеңіл атлетикалық жаттығулардың сипаттамасы

       Жеңіл атлетикалық спорт түрлерін әр түрлі параметрлеріне байланысты топтауға болады: жеңіл атлетиканың түрлері, жасына және жынысына байланысты топтау, өткізу орындары. Жеңіл атлетиканың негізгі бес түрі бар: спорттық жүру, жүгіру, секіру түрлері, лақтыру, көпсайыс. Жынысқа және жасқа қарай топтау: ерлер мен әйелдерге арналған, әр түрлі жастағы ер балалар мен қыз балаларға арналған. Жеңіл атлетика бойыншаәйелдерге арналған, ашық стадиондарда өтетін 50 спорт түрі,ер адамдарға арналған – 56түрі, ал жабық ғимараттарда өтетін әйелдерге де, ерлерге де арналған 14 спорт түрі. Келесі спорт түрін топтастыру жаттығатын және жарыс болатын орынға байланысты бөлінеді: стадиондар, жүргінші жолдары, ойлы-қырлы жолдар, жергілікті жолдар, спорт алаңдары мен залдары. Құрылымы бойынша жеңіл атлетика спорт түрлерін бір бағытты, қарсы бағытты және аралас деп бөледі. Сондайақ,жылдам, күш, жылдамдық пен күштің бірігуі, жылдамдық пен шыдамдылықтың бірігуі, арнайы төзімділік. Сонымен қатар, жеңіл атлетиканы классикалық (К) (олимпиадалық) және классикалық емес (қалғандары)деп бөледі. Қазіргі таңда олимпиада ойындары бағдарламаларына ерлерге арналған жеңіл атлетикалық ойынының 24 түрі, ал әйелдерде 22 түрі   кіреді.

...

Скачать:   txt (25.3 Kb)   pdf (142.9 Kb)   docx (43.6 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club