Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Валютаның тұрақты бағамы. Валюталық интерванцтя

Автор:   •  Май 22, 2018  •  Реферат  •  2,063 Слов (9 Страниц)  •  1,208 Просмотры

Страница 1 из 9

Валютаның тұрақты бағамы. Валюталық интерванцтя

        Валютамен жасалатын операциялар ақша – несие  саяатының құрамдас бөлігі болып табылды, олар бюджет жағдайына, экономикалық өсуге ықпал етеді. Валюта қатынастары халықаралық байланыстардың – тауар айналымы мен капитал қозғалысының, ғылыми – техникалық және гуминатарлық ынтымақтастықтың, мәдени айырбас пен туризмнің мазмұнын көрсетеді. Бұлардың бәрі валюта бағамының динамикасы мен мемлекеттің валюта саясатынан тікелей тәуелді болады. Халықаралық саудада белгілі бір ара қатынаста валюта нарықтарында бір – біріне айырбасталатын әр түрлі ұлттық валюталар қолданылады. Валютаның тұрақты, номиналды, икемді, нақты деп аталатын бағамдары болады.                                                                                                      

       Тұрақты валюта бағамы кезінде ұлттық валюта бағамын Орталық Банк белгілейді. Ол кез – келген көлемдегі шетел валютасын белгіленген бағам бойынша сату және сатып алу міндеттемесін өз мойнына алады. Тұрақты айырбас бағамының жүйесі бойынша Орталық банк елдер арасындағы валюталардың ресми арақатынасын (мысалы, ) белгілеп, оны ұстап тұруға міндеттеме алады. Бұл кез – келген азамат елдің Орталық Банкінен тұрақты бағамы бойынша шетел валютасын сатып ала алады немесе сол бағам бойынша сата алады дегенді білдіреді. Бірақ Орталық Банк пен үкімет тұрақты бағамды енгізу туралы хабарланғанымен, шетел валютасының сұранысы мен ұсынысының тұрақтылығын қамтамасыз ете алмайды. [pic 1]

Шетел валютасының сұранысы мен ұсынысы келесі факторлармен анықталады;

  • экономикалық субъектілердің инфляцияны күтуі.

Айталық, егер Қазақстандағы инфляция АҚШ – тағыдан артық болса, долларға сұраныс артады да, теңгеге сұраныс төмендейді;

  • салыстырмалы түрдегі нақты пайыздық ставкалар

(яғни инфляция қарқынын шегергеннен кейін номиналдық ставкалар).

Егер шетелде пайыздық ставка ел ішіндегіден жоғары болса, экономикалық субъектілер өздерінің қаржылық активтерін депозиттерде үлкен пайыздық табыс ала отырып, шетел валютасымен орналастыруды таңдайды;

  • экспорт пен импорт арасындағы өзгерістер. Мысалы,

      Қазақстаннға келетін АҚШ импорты долларға сұраныс тудырды: американдық тауарларды импорттағанда қазақстандықтарға американдық жеткізушілермен есеп айырысу үшін доллар қажет. Қазақстаннан АҚШ-қа тауарды экспорттау доллар ұсынысын тудырады: қазақстандық экспортшылар, өздерінің отандық тауарын шетелге сата отырып, шетел валютасын алады.

      Әдетте, Орталық Банк макроэкономикалық тұрақтандыруды көздеу мақсатында ұлттық валюта бағамының еркін ауытқу шектерін белгілейді. Егер валюта бағасы осы шектердің жоғарғы немесе төменгі шекараларына жақындаса, Орталық Банк интервенция жүргізеді. Валюталық интервенция валюта нарығындағы айырбас бағамы тұрақты бағамнан ауытқыған кезде Орталық Банктің шетел валютасын сатып алытынын және өзінің халықаралық резерв көздерінен шетел валютасын сататынын білдіреді.

      Төменгі шекке жақындау Орталық Банктен ұлттық валютаны шетел валютасына сатып алуды талап етеді және, керісінше Мысалы, Қазақстанның Ұлттық Банкі тұрақты бағамды 1 теңге үшін 2,5 доллар, ал ауытқудың жоғарғы және төменгі шектерін сәйкесінше, 1тг үшін 3 доллар және 2 доллар деп белгіледі делік. Егер теңгенің бағамы 1 теңге үшін 1,5 долларға төмендесе, Ұлттық Банк теңгені долларға (1 теңге үшін 2,5 доллар төлейді) сатып алады.

      Ал, Алтын Стандарт жүйесі тұсында ұлттық валютаны алтынға сатып алуға болады. Өйткені, Алтын Стандарт кезінде алтынның елден елге еркін ауысуына ресми органдар мүмкіндік береді.

      Экономистер арасында алтынның «құдіреттілігі» туралы түсінік осы күнге дейін таралған, олар Алтын Стандартқа қайта оралуды көздейді. Олардың ойынша, банкноты алтынға айырбастау инфляцияны болдырмайды. Алтын – байлықтың көзі және ақша каналдарының алтын ақшамен толтыруының нәтижесінде олар тезаврация сферасына өтеді, ал экономикалық өсу тұсында айналысқа қайтып оралады. Алайда, инфляция мен экономикалық құлдырауы алтын ақша айырбасы кезінде де орын алады: XVI ғасырдағы тауарлардың бағасы 4 – 5 есе өскен. Тағы бір мысал. Мексиканы жаулап алғаннан кейін Испанияға көп алтын келген, Оны Испания үкіметі сыртқа шығаруға тиым салды. Нәтижесінде, әлемдік саудагерлер – ағылшындықтар мен голандықтар Испанияны қажетті және ішкі нарықта өндірілмейтін тауарларды қымбат бағаға сатып алуына мәжбүр етті. Сөйтіп, алтынға ие Испания экономикасы біртіндеп құлдырай бастады.

...

Скачать:   txt (26.9 Kb)   pdf (187.9 Kb)   docx (19 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club