Қуатты өлшеу
Автор: Азамат Абдижали • Апрель 17, 2020 • Контрольная работа • 377 Слов (2 Страниц) • 719 Просмотры
Қуатты өлшеу
- Айнымалы тоқ тізбегінде тоқ мәні 2 А, кернеу мәні 220 В және қуаты 380 Вт өлшенді. Барлық өлшеулер класс дәлдігі 0,5 болатын құрылғымен өлшенді. Егер амперметрдің Iн номинальды тогының мәні 2,5 А, вольметрдің Uн номиналды кернеуінің мәні 300 В болса тізбектің толық және активті кедергісін, cosj және өлшеудің қателігін есепте.
2. Айнымалы тоқ тізбегіндегі қуаттың шығынын өлшеңіз, егер өлшеу схемасына мынадай приборлар қосылған болса: номинальды мәні 5 А, 150 В, бөлік шкаласы 300 болатын ваттметр; трансформатор кернеуі kU = 400/100, және трансформатор тогы kI = 200/5. Егер ваттметрдің көрсеткіші 240 бөлікті көрсетсе қажетті қуатты анықтаңыз. Приборлардың қосылу схемасын сызыңыз.
3. Айнымалы тоқ тізбегіндегі қуатты өлшеңіз, егер өлшеу схемасына мынадай приборлар қосылған болса: Трансформатор тогы 600/5, трансформатор кернеуі 3000/100 және тоғы 5 А, 150 В, 150 бөлік шкаласы бар ваттметр қосылған болса. Егер ваттметрдің көрсеткіші 40 бөлікті көрсетсе тұтынатын қуат қаншаға тең болады?
4. Трансформатор тоғы 10/0,5 және трансформатор кернеуі [pic 1] арқылы бір фазалы айнымалы тоқ тізбегіне амперметр, вольтметр және ваттметр жалғанған. Егер амперметр 0,3 А, вольтметр – 45 В, ваттметр – 14 Вт көрсетсе, тоқты, кернеуді, қуат коэффициентін және бірінші тізбек қуатын анықтаңыз. Приборлардың қосылу схемасын сызыңыз.
5. Трансформатор тоғы 50/0,5 және трансформатор кернеуі [pic 2] бірфазалы тоқ тізбегіне амперметр, вольтметр және фазометр жалғанған. Егер амперметр 0,4 А, вольметр 90 В, ал фазометр cosj = 0,9 көрсетсе. Қабылдағыштың қуатын, тізбектің кернеуі мен тоғын анықтаңыз. Приборлардың жалғану сұлбасын сызыңыз.
...