Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Электр тогының механикалық әсері

Автор:   •  Апрель 22, 2024  •  Реферат  •  1,436 Слов (6 Страниц)  •  98 Просмотры

Страница 1 из 6

     Тізбектегі электр тоғы кейбір әрекеттер арқылы байқалып тұратыны бізге мәлім. Бұл әрекеттер белгілі бір жүктемедегі жұмыс немесе токтың ілеспе яғни, қайталану әрекеті болуы мүмкін.

     Токтың осындай әрекеттері арқылы бізге берілген тізбекте токтың бар немесе жоқ екенін анықтауға болады, егер де жүктеме жұмыс жасап тұрған болса ток бар деп есептеледі. Токпен байланысты құбылыс байқалса, ток тізбекте бар деп есептеледі және т.б. типтегі құбылыстар арқылы біз токтың бар жоғын анықтай аламыз. Жалпы тұрғыдан алып қарағанда, электр тогы әр түрлі әрекеттерді тудыруға қабілеті бар. Олар: жылулық, химиялық, магниттік немесе электромагниттік, механикалық және әр түрлі ток әрекеттері бір уақытта пайда болуы ықтимал. [pic 1]

            Зарядтың адам ағзасына механикалық әсер етуі нәтижесінде зардап шегушінің бұлшық еттері мен ішкі мүшелерінің бөлінуі яғни ажырауы, жарылуы немесе басқа да түрлі зақымданулар орын алуы мүмкін. Токтың ағзаға енуі нәтижесінде жәбірленушідегі биологиялық сұйықтықтардың (қан) қызуынан туындаған бу лезде пайда болады. Бұл құбылысты қорытындылай кетсек адам ағзасы токты жақсы өткізетін орта болып саналады.

     Токтың механикалық әрекеті электродинамикалық әсер ету нәтижесінде дене тіндерінің стратификациясына, жарылуына, сонымен қатар ұлпа сұйықтығының, қанның құрамындағы будың да лезде жарылғыш құрылысының пайда болуына әкеліп соқтырады.

      Механикалық әсері бұлшықеттердің  жиырылуымен қатар бұлшықеттердің үзілуіне де байланысты болып келеді. Биологиялық әсері тірі тіндердің тітіркенуінде және қозуында көрінеді және де конвульсиялық жиырылу құбылысымен қатар жүреді.

     Электр тогының денеге әсер ету механизмі. Электр термиялық яғни жылу беру арқылы әсер етеді. Өлімге әкелмейтін жарақаттармен жүйке жүйесінің бұзылуы және де көру есту органдарының нашарлауымен байқалады. Кей жағдайларда электр тогының соғуы сананың терең яғни өте ұзақ уақытқа жоғалуына әкеліп соқтырады. Жалпы  ток соғу кезіндегі өлімнің бірнеше түрі бар. Оларға ойдан шығарылған өлім яғни уақытша денедегі токтың күші кеткенге дейін өлу, тез өлім- адам ағзасы төмен болған жағдайда денесінде ток өткізетін заттар болса адам бірден өліп кетті әбден мүмкін жағдай. Кешіктірілген өлім- бұл жағдайда адам бастапқыда өзін қалыпты сезінуі мүмкін бірнеше уақыттардан соң соңы өлімге әкеліп соқтырады. [pic 2]

     Механикалық зақымданудан келетін зиян- адам арқылы өткен ток әсерінен бұлшықеттер еріксіз жиырылуымен, терінің, тіпті қан тамырларының жыртылуына әкеліп соқтырады. Одан бөлек буындардың шығуы, байламдардың тіпті сүйектердің үзілуімен бөлек  бұлшықеттердің  конвульсиялық жиырылуы пайда болады. Қатты зақымданулар кезінде тіптен сынақтар пайда болуы да мүмкін.[pic 3]

     Мұндай жағдай орын алған адамда қатты ауырсынулар болып, соның салдарынан қатты есеңгіреп, қорқып биіктен құлап кетті де мүмкін. Бұл жағдайлар 380 В төменгі кернеуде ток көзінен босатуға тырысқанда, яғни адам есін жоғалтып алмай тұрып болатын жағдайлар қатарынан кіреді.

       Зарядтың адам ағзасына динамикалық (механикалық) әсер еткенде адам ағзасында бөліну, жиырылу, жарылу т.б. защымданулар орын алады.

       Электр тізбегі міндеті бойынша 3 топқа бөлуге болатын жеке құрылғылардан басқаша айтқанда элементтерден тұрады.

       Бірінші топқа-электр энергиясын генерацияларуға яғни өмірге арналған электрлік энергия элементтері жатады. Бұл элементтің атауын басқаша қуат көздері немесе қысқаша ЭКҚ көздері деп атасақ та болады.

       Екінші топ- электр энергиясын басқа түрлерге мысалы:механикалық, жылулық, жарықтық, химиялық және т.б. элементтерді қарастыруға болады. Бұл элементтерді басқаша электр энергиясын қабылдағыш элементтер деп атауға да болады.

...

Скачать:   txt (17.4 Kb)   pdf (438.2 Kb)   docx (382.9 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club