Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы

Автор:   •  Апрель 6, 2018  •  Практическая работа  •  1,346 Слов (6 Страниц)  •  1,374 Просмотры

Страница 1 из 6

Сабақтың тақырыбы: Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы.

Сабақтың мақсаты: 

 Білімділік:  Электр тогының жұмысы мен қуатын түсіндіру, механикада өткен жұмыс және қуатпен салыстыру. Жұмыстың,  қуаттың өлшем бірліктерін  ағылшын тілінде атау.

Дамытушылық: Күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, алған білімді өмірде пайдалана білуді. Күнделікті кездесетін физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды түсіне білу, дамыту.

Тәрбиелік: Оқушының ғылымға қызығушылығын арттыру, ұжымдылыққа,топтық және жекелей жұмыс жасай білуге, жауапкершілікке, іздемпаздыққа тәрбиелеу.

Сабаққа қажетті құралдар мен жабдықтар: Оқулық  «Физика» 8-сынып, плакаттар, интерактивті тақта, физика есептерінің жинағы,амперметр, вольтметр, қыздыру  шамдар, кілт,өткізгіш сымдар, топтамалар.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.

Сабақтың әдісі: топтықтық жұмыс, сұрақ-жауап, салыстыру.

Пәнаралық байланыс: Ағылшын тілі.

Сабақтың типі: Жаңа білім қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-мысалды, теориялық-пратикалық, интерактивті.

І.Ұйымдастыру. (4 минут)  

1.1.  Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу

а) сынып бөлмесін сабаққа әзірлеу;
ә) оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру;
б) сабақ мақсаты мен жоспарын хабарлау.

в) топқа бөлу.

       І.   Warm up                                           Сергіту сәті.

Each country has own customs.      Әр елдің салты әр басқа, иттері қара қасқа.  

Kazakh shaking hands                             Қазақтар қол алысады      

Italian hugging                                          Италияда құшақтасады

    In Brazil touching with shoulders           Бразилияда бір-бірінің иығын қағады

In Nicaragua with backs                          Никарагуада арқасымен

In Zimbabwe with elbow                         Зимбаведе шынтақпен    

In Australia claps, jump ,buttocks         Австаралияда шапалақ, секіру,бөксемен

 Ал енді балалар, бүгінгі сабағымызды Елбасының үш тұғырлы тіл саясатына байланысты айтылған жолдауындағы сөздерден бастасақ. Елбасы Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдалана алатын білімді ел болып көрінуі тиіс деген болатын.

Оқушылар,  физика мен ағылшын тілін не байланыстыратынын стикерге жазып, тақтадағы идеялар  себетіне  жапсырады.

ІІІ.Үйге берілген тапсырманы сұрау.

Қайталау сұрақтары. Әр топқа  сұрақтар беріледі. Жуаптарын қазақ тілінде және ағылшын тілінде атап береді. (3 минут)

  1. Таза металдардың және бірқатар қоспалардың кедергісінің абсолют нөлге жақын температураларда кенет нөлге дейін төмендеу құбылысын не деп атайды? (Асқын өткізгіштік-superconductivity)
  2. Өткізгіштің материалын сипаттайтын шаманы не деп атайды? (меншікті кедергі)
  3. Бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал шаманы қалай атаймыз. (тоқ күші – current strength)
  4. Электр тізбегі қандай бөліктерден тұрады?(ішкі және сыртқы-inner and external)
  5. Кедергінің өлшем бірлігі қалай аталады? (Ом – Om)
  6. Токты тудыратын электр өрісінің жұмысын не деп атайды? (токтың жұмысы)
  7. Негізгі өлшем бірліктің бірі . (Ампер-Ampere)
  8. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншісінің соңы үшіншісінің басымен жалғанса онда мұндай қосуды не деп атайды? (тізбектей жалғау – Chain connection) 

«Мозаика» әдісі.

Оқушылар сурет  қиындыларын құрастырып қандай өлшеуіш құралы екенін және осы құралмен нені өлшейді, жалпы өлшеуіш құралына байланыстының барлығын түсіндіріп береді.Осы құралдардың атауларын (ағылшын, қазақ, орыс тілінде) атап береді. (5 минут)

 Демонстрация

Екі топқа электр құрал-жабдықтары беріледі. Электр құрылғыларын бір топ тізбектей қо суы, ал екінші топ параллель қосуы қажет.(5 минут)

...

Скачать:   txt (11.9 Kb)   pdf (300.8 Kb)   docx (153.6 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club