Симметриялы пассивті төртұштықты зерттеу
Автор: Жасулан Бердикожа • Июль 7, 2023 • Лабораторная работа • 1,519 Слов (7 Страниц) • 235 Просмотры
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«Ғ.Ж.ДӘУКЕЕВ атындағы АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
«Электр энергетикасы және электр техникасы институты»
[pic 1]
«Электр техникасының теориялық негіздері пәні»
№4 Зертханалық жұмыс
Симметриялы пассивті төртұштықты зерттеу
Орындаған:
Тобы:
Тексерген:
Алматы 2023
Зертханалық жұмыс № 4. Симметриялы пассивті төртұштықты зерттеу
Жұмыстың мақсаты: пассивті симметриялы төртұштықтардың әртүрлі режимдерін тәжірибелі зерттеу.
1.1 Жұмысқа дайындық
ЭТН2 курсының «Төртұштықтар» бөлімін қайталау. Сұраққа жауап беру және келесіні орындау:
- Электр тізбегіндегі қай элемент төртұштық деп аталады? Төртұштықтың шартты бейнесін келтіріңіз .
- Қандай төртұштықтар симметриялы деп аталады?
- Төртұштықтың теңдеулерін А түрінде жазыңыз .
- Симметриялы төртұштықтардың А11, А12, А21, А22 коэффициенттері қандай қатынастар арқылы байланысады?
- Z1бж және Z2бж бос жүріс, Z1қт және Z2қт қысқа тұйықталу кедергілерін тәжірибе жүзінде қалай анықтайды?
- Симметриялы төртұштықтың Z1бж және Z2бж, Z1қт және Z2қт
байланыстары қандай?
- Бос жүріс және қысқа тұйықталу тәжірибелерінен төртұштықтың А11, А12, А21, А22 коэффициенттерін есептеу формулаларын жазыңыз .
- Симметриялы төртұштықтың ZC сипаттамалық кедергісі қалай анықталады және төртұштықтың А түрлі теңдеуінің коэффициенттері арқылы, сондай-ақ Zбж бос жүріс және Zқт қысқа тұйықталу кедергілері белгілі болса қалай есептеуге болады?
- Төртұштықтың беріліс тұрақтысы Г дегеніміз не және төртұштықтың А түрлі теңдеуінің коэффициенттері арқылы, сондай-ақ Zбж бос жүріс және Zқт қысқа тұйықталу кедергілері белгілі болса қалай есептеуге болады?
- Симметриялы төртұштық үшін a әлсіреу тұрақтысы (сөну коэффициенті) мен b фазалық коэффициентін қалай анықтауға болады?
- Симметриялы төртұштықтың кіріс кедергісін анықтайтын теңдеуін жазыңыз.
- Келісілген жүктеме режимі деп қандай режимді айтамыз?
4.1 кесте – Бастапқы деректер нұсқасы
Нұсқа № | Төртұштықтар сұлбасы | f, Гц | L, мГн | C, мкФ |
1 | 4.1сурет | 1500 | 15 | 1 |
2 | 4.1сурет | 3000 | 5 | 0,25 |
3 | 4.2сурет | 2000 | 10 | 0,75 |
4 | 4.2сурет | 1500 | 15 | 1 |
5 | 4.3сурет | 2500 | 7 | 0,5 |
Төртұштықтар сұлбасына нұсқалар
[pic 2][pic 3]
4.1сурет 4.2 сурет
[pic 4][pic 5]
4.3 сурет 4.4 сурет
Жұмыстың орындалу тәртібі
- Стендте зертханалық жұмысты орындау кезінде нұсқаға сәйкес конденсатор мен индуктивті катушканың элементтерін таңдап алу қажет. Ом заңын пайдаланып берілген жиілікте олардың нақты кедергісін 4.5-суреттегі тізбекке сәйкес ток пен кернеудің өлшенген мәндерін есептеңіз.
[pic 6]
- сурет – Нақты кедергіні өлшеу сұлбасы
Нұсқаға сәйкес көрсетілген симметриялы төртұштық үшін T- немесе П- тәрізді орынбасу сұлбасын салыңыз. Төртұштықтың Z1 және Z2 нақты көрсеткіштерін 4.2 -кестеге жазыңыз.
- Тізбекті жинаңыз (4.6 сурет) оған зерттелінетін симметриялы төртұштықты қосыңыз. Нұсқаға сәйкес (4.1 кесте) f жиілігін, L және C, сонымен қатар кіріс кернеудің мәнін U1 = 3 В етіп орнатыңыз.
- Төртұштықты бос жүріс режимін зерттеңіз. Ол үшін 2-2' шығыс қысқыштарын ашыңыз, (EWB қосымшасында жұмыс жасаған жағдайда R2 кедергісінің шамасын 1 МОмға тең етіп қойыңыз) және төртұштықтың кірісіндегі I1 ток пен шығысындағы U2 кернеудің әсерлік мәндерін өлшеңіз, сонымен қатар[pic 7][pic 8]
шығыс кернеудің және[pic 9][pic 10]
2
токтың фазаларымен бірге T2 – T1 уақыт
...