Материалдар кедергісі
Автор: Romanvictor • Сентябрь 22, 2021 • Лекция • 327 Слов (2 Страниц) • 423 Просмотры
Материалдар кедергісі1
Көрсетілген суреттерде июші моменттердің эпюрлері
арқалықтың қысылған талшықтарында тұрғызылды(Машина жасау мамандықтары үшін).
[pic 1] | [pic 2] | [pic 3] |
Қарастырылған мысалдарды талдай отырып, қию əдісі мен: [pic 4]
дифференциалдық байланыстардан туындайтын көлденең күштер мен ию моменттерінің эпюрлерін тұрғызу жəне тексеру ережелерін төмендегідей тұжырымдауға болады:
1) таралған жүктемемелер əсер етпеген аралықтардың Q эпюрлері нөлдік сызыққа (база) параллель, ал M эпюрі жалпы жағдайда көлбеу түзулермен шектеледі (9.7-сурет);
2) таралған жүктемемелер əсер ететін аралықтардың Q эпюрлері көлбеу түзумен, ал M эпюрі квадрат параболалармен шектеледі (9.8, 9.9-суреттері);
3) көлдең күш нөлге тең болатын қимада ию моменті экстремаль (не өте үлкен, не өте кіші) мəнге ие болады (9.8-сурет);
4) Q > 0 аралықтарда M - өседі, яғни солдан оңға қарай M эпюрлерінің оң ординаталары өседі де, терістері кемиді (9.7, 9.8 -суреттердегі АС және ВЕ аралықтары);
егер Q < 0 болса, онда M кемиді (9.7, 9.8-суреттерінде, сəйкесінше CD жəне DB аралықтары);
5) арқалықтың сыртқы қадалған күштер əсер ететін қималарында:
а) Q эпюрі кілт өзгереді (секірісболады) және шамалары қадалған күштердің мəндеріне тең (9.7-суреттегі C, D, B қималары);
б) M эпюрі сынады, яғни іргелес аралықтың эпюрлерінде баяу жанасу болмайды (9.7-суреттегі C, D, B қималары);
6) сыртқы моменттер əсер ететін аралықтың қималарында M эпюрі кілт өзгереді (секірісболады) жəне өзгеру шамалары моменттердің мəндеріне тең болады, ал Q эпюрінде өзгеріс болмайды (9.9-суреттегі D қимасы);
7) арқалықтың ұштарындағы қималардағы көлденең күш пен ию моменті сол қималарға түсірілген сыртқы (активті не реактивті) күшке жəне қос күштердің моменттеріне (активті не реактивті) сəйкес тең болады (9.7, 9.8 жəне 9.9-суреттердегі тірек қималары);
...