Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кіріспе. Электрлі машиналар мен трансформаторлардың қазіргі заман көлік техникасындағы ролі мен маңызы. Электрлік машиналар дамуының қыс

Автор:   •  Февраль 12, 2018  •  Лекция  •  1,547 Слов (7 Страниц)  •  1,772 Просмотры

Страница 1 из 7
  1. Дәріс №1.

Тақырыбы – «Кіріспе. Электрлі машиналар мен трансформаторлардың қазіргі заман көлік техникасындағы ролі мен маңызы. Электрлік машиналар дамуының қысқаша тарихы».

Мазмұны: электрлік машиналар мен трансформаторлар жайлы жалпы мәліметтер. Халық шаруашылығында, оның ішінде көлікте электрлік машиналарының белгіленуі. Электрлік машиналарының даму тарихы. Электрлік машиналарының жалпы көрсеткіштері бойынша жіктелу.

  1. Кіріспе

        Өндірісті,көлікті,ауылшаруашылығын түрлі электротехникалық жабдықтарды қолдану қажеттілігімен түсіндіріледі, осы жабдықтардың негізгі түрінің бірі болып электро машиналар табылады, олар механикалық энергияны электірлікке және керісіншеге түрлендіреді, сонымен қатар электр энергиясының бір түрін екіншісіне түрлендіреді.

Механикалық энергияның электрлікке түрленуі генератор деп аталатын электр машиналар арқылы іске ауысады.Генераторлар булы, гидравликалық , газды турбиналарда және іштен жану қозғалтқыштар арқылы айналысқа келеді.

Көптеген жағдайларда электір станцияларда өндірілетін электр энергиясы қайтадан әртүрлі машиналар мен механизмдерді іске келтіру үшін механикалыққа айналады.Бұл мақсатта электір қозғалтқыш деп аталатын электір машиналар қолданылады.

Қазіргі кездегі электро станцияларда айнымалы тоқ  өндіріледі және оны тұтынушыларға электр берілістер және электр торлар арқылы беру  үшін тоқтың кернеуін ауыстырып отыру қажет. Айнымалы тоқтың бұндай өзгерісі немесе трансформациялануы трансформатор деп аталатын түрлендіргіштер арқылы іске асады. Трансформаторлар айналу бөлшектері жоқ статикалық электромагниттік аппараты бар жабдық. Алайда, олардың жұмыс істеу негізі және құрылысы айналмалы электр машиналарына ұқсас болып келеді, сондықтан оларды электрлік машиналар қатарына жатқызады.

Электрлік машиналарын жіктеу. Тоқтың тегіне қарай электрлік машиналар тұрақты және айнымалы машиналар болып бөлінеді.

Тұрақты тоқ машиналары қозу әдісіне қарай келесі топтарға бөлінеді:

  • Тәуелсіз қозу машиналары- оларда қозу орамы жәкір орамымен электрлік байланысы жоқ.
  • Паралельді қозатын – бұнда қозу орамы жәкір орамымен паралельді жалғасқан және электр байланысы бар.
  • Тізбектік қозу –бұнда қозу орамы жәкір орамымен тізбекті түрде байланысқан және онымен электр байланысы бар;
  • Аралас қозу - бұнда екі қозу орамы және электр байланысы бар.

Барлық қозу әдістері қозғалтқыштарда және генераторларда да кездеседі.

Айнымалы тоқты машиналар жұмыс істеу негізі бойынша синхронды және асинхронды машиналар болып бөлінеді. Асинхронды айнымалы тоқ машинасының роторының айналу жылдамдығы статордың магнит өрісінің айналу жылдамдығына тең емес.

Айнымалы тоқтың синхронды машинасының роторының айналу жылдамдығы  статордың магнит өрісінің айналу жылдамдығына тең.

Асинхронды машиналар  ротордың  құрылымы бойынша былай бөлінеді:

а) роторы қысқа тұйықталған машиналар (тиін торы);

б) фазалық роторлы машиналар.

Тұрақты тоқ машинасының жұмыс істеу принципі

Қарапайым машинаның құрылымы Машинаның айналу бөлігі білікте бекітілген цилиндірлік жәкірден 2 және коллектордан 3 құралған. Жәкір электротехникалық болаттан құралған өзекшеден және өзекшеде бекітілген орамнан тұрады. 1.1 және 1.2 суреттерде көрсетілгендей тізбектің орамы қарапайым машинада бір айналымнан тұрады. Орам тармақтарының соңы біліктен шеттелген коллектордың мыс пластиналарынақосылған, ал пластиналар саны қарастырылып тұрған жағдайда екеу. Коллектордың үстінде екі қозғалмайтын щеткалар 4 бар, солардың көмегімен жәкірдің орамы  сыртқы тізбекпен байланысады.  

...

Скачать:   txt (18.7 Kb)   pdf (470.2 Kb)   docx (105 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club