Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жалпы физика

Автор:   •  Сентябрь 16, 2021  •  Реферат  •  7,513 Слов (31 Страниц)  •  328 Просмотры

Страница 1 из 31

КІРІСПЕ

Физика материяның қозғалысын және оған сәйкес келетiн жалпы да ортақ заңдылықтарды зерттейтiн ғылым.

Табиғаттағы әрбiр нәрсе материя, олай болса,  ол кеңiстiк пен уақыт бойынша үнемi қозғалыста болады.

Табиғатта материя екi түрде өмiр сүредi:

  1. зат түрiнде
  2. өрiс түрiнде.

Материяның зат түрiне - электрондар, протондар, атомдар,

молекулалар және осы бөлшектерден тұратын барлық заттар жатады.

Материяның өрiс түрiне - гравитациялық (тартылыс),

электр, магнит және т.б.  өрiстер жатады.

Материяның негiзгi қасиеттерiнiң бiрi - қозғалыс.

Табиғатта түрлi қозғалыстар кездеседi

1. Механикалық  қозғалыс     3. Электромагниттiк қозғалыс

2. Жылулық  қозғалыс           4. Биологиялық қозғалыс және т.б.

Қозғалыстың ең қарапайым түрi – механикалық қозғалыс.

Механикалық   қозғалыс деп уақыт өтуiне қарай дененің басқа денелерге қатысты кеңiстiктегi орын өзгертуiн айтады.

        Жалпы физика курсы мынадай бөлiмдерден тұрады:

1  Механика

2  Молекулалық физика және термодинамика

3  Электр және магнетизм

4  Оптика

5  Атом және ядро физикасы.

        Физикада және техникада халықаралық бiрлiктер жүйесi (СИ) қолданылады.

СИ жүйесiнде 7 негiзгi бiрлiк және 2 қосымша бiрлiк бар.

Негiзгi бiрлiктер:      

1. ұзындық - 1м (метр)

2. уақыт – 1с (секунд)

3. масса – 1кг (килограмм)

4. температура – 1К (Кельвин)

5. зат мөлшерi – 1моль

6. ток күшi – 1А (Ампер)

7. жарық күшi – 1кд (кандела) 

Қосымша бiрлiктер:

1.Жазық бұрыш –1рад (радиан),[pic 1][pic 2]

2.Денелiк бұрыш – 1ср  (стерадиан)

1 тарау. МЕХАНИКА НЕГІЗДЕРІ

Механика – денелердiң механикалық қозғалысын және өзара әсерлесуiн зерттейтiн физиканың бөлiмi. Механика екi бөлiмнен тұрады: кинематика және динамика.

Зерттелетiн денелердiң сипатына қарай механика  үшке бөлiнедi.

Материялық нүктенiң механикасы. Берiлген жағдайда көлемiн, пiшiнiн ескермеуге болатын дененi - материялық нүкте деп атайды. Егер дененiң өлшемдерiне қарағанда оның жүрiп өткен  ара қашықтығы көп есе үлкен болса, бұл дененi материялық нүкте деп қарастыруға болады.

Қатты дене механикасы. Кез-келген екi нүктесiнiң ара қашықтығы өзгермейтiн дененi абсолют қатты дене деп атайды.

Тұтас орта механикасы.  Газдардың, сұйықтардың тепе-теңдiгiн және қозғалысын зерттегенде оларды үздiксiз тұтас орта түрiнде қарастырады.

Физиканың табиғатты зерттеуi - құбылыстар табиғи жағдайда бақылаудан немесе арнаулы қойылған тәжiрибеден басталады. Осы бақылаулардың немесе тәжiрибелердiң нәтижелерiн жинақтай келе болжам (гипотеза) жасалады. Болжам тексерулерден өтiп дәлелденуi қажет. Ал тексерiлген және дәлелденген болжам ғылымға заң немесе физикалық теория түрiнде енгiзiледi.

       Егер денелердiң қозғалыс жылдамдығы вакуумдегi жарық жылдамдығынан көп аз болса, бұл қозғалысты қарастыратын механика - классикалық деп аталады. Классикалық механиканың негiзiне Ньютонның қозғалыс заңдары жатады. Сондықтан кейде классикалық механиканы- Ньютон механикасы деп атайды.  

Егер    дененiң    қозғалыс      жылдамдығы       вакуумдегi         жарық

жылдамдығымен шамалас болса, бұл дененiң қозғалысы -релятивистiк механика заңдылықтарына бағынады. Релятивистiк механиканың негiзiне Эйнштейннiң салыстырмалы теориясы жатады.

Егер қозғалыстағы денелердiң өлшемдерi (элементар бөлшектер) аз болған жағдайда олардың қозғалысы кванттық механика заңдылықтарына жатады. Кванттық механиканың негiзiне Шредингер теңдеуi жатады.

§1.Материялық нүктенiң механикасы

Дененiң таңдап алынған санақ жүйесiндегi жасайтын үздiксiз сызығын траектория деп атайды. Траекториясына байланысты қозғалыс түзу сызықты және қисық сызықты болып екіге бөлiнедi.

...

Скачать:   txt (84.9 Kb)   pdf (4 Mb)   docx (3.3 Mb)  
Продолжить читать еще 30 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club