Автоматты ажыратқыштар
Автор: aaizgan • Апрель 9, 2019 • Реферат • 536 Слов (3 Страниц) • 2,647 Просмотры
Автоматты ажыратқыштар
Кернеуі 1000 В дейінгі электқондырғыларда автоматты құрылғылары (расцепитель-қысқыш) бар ажыратқыштар кеңінен қолданылады. Егер ажыратқыш арқылы өтетін ток қысқыштың уставка тогынан асып кетсе, онда қысқыш ажыратқышты өшіреді.Мұндай ажыртақыштарды автоматты ажыратқыш деп аталады. Қысқыштар электрмагнитті және жылулық деп бөлінеді.
[pic 1]
Сурет 1. Электрмагнитті қысқыштың принципиалды схемасы (а) және уақыт-ток сипаттамасы (б).
Ажыратқыштың тогы қысқыштың ормасы арқылы өтеді (9). Қысқы тұйықталу болған жағдайда ажыратқыштын тогы Iв 0ыс0ыштын уставка тогынан Iуст асып кетеі, якорь Я прижинадан П1 өтін, электрмагнитке жақындап тартылады, ілмектің (защелка) рычагы РЗ қозғалып ілмекті З ашады, пружина әрекетінің көмегімен П2 автоматты ажыратқыштың контактілері К ажыратылады, бүлінген элементті қөрек көзінен ажыратады.
Өнеркәсіп АВМ сериялы автоматты ажыратқыштарды шығарады. Мұндай ажыратқыштарда электрмагнитті қысқыштарда іске қосу тогы бойынша екі уставкасы. Iуст1 және Iуст2.Егер автомат арқылы өтетін ток Iуст1≤ I ≤ Iуст2, онда қысқыш I тәуелді болатын уақыт ұстанымен іске қосылады.
[pic 2]
Сурет 2. Сағатты механизмі бар электрмагнитті қысқыштың принципиалды схемасы (а) және уақыт-ток сипатаммасы
Iуст1≤ I ≤ Iуст2 якорьдің электрмагнитті күш Я электромагниттке Э тартылады, бірақ тартылған кезде П3 пружинаға күш салмайды, және П1 пружина созалады. Нәтижесінде рычаг Р сағатты механизмнің осіна О әсер етеді. Ось қозғалған кезде якорь электрмагниттке жақындап тартылады, қысқыштың ілмегі ажыратылып автомат өшіріледі. Тізбектің ажыратылу уақытысы тібектің тогынан тәуелді. Уставка тогы Ш1, Ш2 шкалаларда белгілену мүмкін (фиксироваться). АВМ сериялы автоматтар көбіне тұтынушылардың электрқондырғылардың қорғанысы мен коммутациясы ретінде қолданылады. Өйткені олар электрқондырғыға екісатылы ток қорғанысы ретінде қызмет көрсете алады. Қорғаныстың бірінші сатысы электр қондырғыда қысқа тұйықталу болған жағдайда орындалады. Ал екінші сатысы электрқондырғыда асқын жүктеме болған жағдайларда орындалады.
Осы себептен желілердің ток қорғаныстары АВМ сериялы селективті автоматтармен орындалу мүмкін. Мұндай автоматтардың келесі сипаттамаларымен сипатталады:
- Автоматтың номинал кернеуімен
- Автоматтың номинал тогымен
- Қысқыштың номинал тогымен
- Бәсендетіп іске қосылу қысқыштың уставка тогымен
- Лезде іске қосу қысқыштың уставка тогымен.
Егер ток қорғанысы автоматтар көмегімен орындалатынболса, онда келесі шарттар орындалу керек:
Uав.ном≥ Uсети
Iав.ном≥ Iраб.мах
Iуст1≥ (1,3-1,5)Iраб.мах
Iуст2≥ (1,5-1,8)Iпер
Iпер-асқын жүктеменің тогы келесідей анықталады
[pic 3]
Қорғаныс сезімтал болып есептеледі, егер
[pic 4]
Реле қолданылған ток қорғаныстардың орындалу принциптері
Релелер тағайындалуы бойынша өлшеуіш және логикалық болып бөлінеді.
...