Құйып жасалатын және автоматты түрде оралатын глазирленген кәмпиттерді өндірудің механикаландырылған ағынды желісі
Автор: 1nd1rka • Март 13, 2023 • Реферат • 1,163 Слов (5 Страниц) • 188 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
[pic 1]
ОБӨЖ №4
Тақырыбы: «Құйып жасалатын және автоматты түрде оралатын глазирленген кәмпиттерді өндірудің механикаландырылған ағынды желісі»
Группа:ТХ 19-11
Орындаған: Тельманова И.Р
Тексерген: Дайрашева С.Т
Алматы 2022
Жоспар
- Кіріспе
II. Негізгі бөлім
- Құйып жасалатын және автоматты түрде оралатын глазирленген кәмпиттерді өндірудің механикаландырылған ағынды желісі
III . Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Кәмпит деп қанттың негізінде дайындалған, құрамы, пішіні әрлендірілуі мен дәмі жағынан әр түрлі болып табылатын, бір немесе бірқатар кәмпит массасынан алынатын кондитерлік бұйым түрін атайды. Әзірлену тәсілдері мен әрленуінің әр түрлілігіне байланысты кәмпиттерді бірнеше түрлерге бөледі, мысалы глазирленбеген (сыртқы қабаты глазурьмен көмкерілмеген), глазирленген (толық немесе жартылай глазурьмен көмкерілген), сыртқы бетіне әр түрлі бедерлер салынған және түрлі салмалар толтырылған әр түрлі пішіндегі шоколадты («Ассорти» тәрізді), қант ұнтағында жасалған («Қант ұнтағындағы Клюква») және т.б. түрлер белгілі. Кәмпиттердің көптеген түрлері жұмсақ консистенцияға ие. Бұл құбылыс оларға «жұмсақ кәмпиттер» деген атауды беруге себеп болған. Қатты консистенцияда тек бір ғана кәмпит түрі бар, ол грильяж негізінде жасалатын кәмпит. Кәмпиттердің сыртқы бетін рәсімдеп әзірлеу барысында белгіленген стандартқа сәйкес келесідей түрлермен: оралған, оралмаған, қауашықтарда (капсюлаларда) немесе филейлі, полимерлі және өзгедей материалдардан әзірленген корекстерде шығарылатын түрлерін, фольгалармен немесе полимерлі материалдармен қалыпталған түрлерін шығарады.
Негізгі бөлім
Құйып жасалатын және автоматты түрде оралатын глазирленген кәмпиттерді өндірудің механикаландырылған ағынды желісі
Осы желі құйып жасалатын және автоматты түрде оралатын
глазирленген қантсықпалы, қантсықпалы-сүтті, жемісті-желелі және басқа
корпустардағы кәмпиттерді дайындауға арналады.
Механикаландырылған желі келесідей үрдістерді атқарады:
әр түрлі кәмпит массаларын дайындау;
кәмпит корпустарын крахмалға құйып қалыптау;
құйылған кәмпит корпустарын ағында жедел кептіру;
кәмпиттерді крахмалдан тазарту;
шоколадты немесе майлы глазурьмен көмкеру;
глазирленген кәмпиттерді ағынды желіде орау;
оралған кәмпиттерді тасымалдау;
оларды өлшеу және саудалық тараларға орамдау.
Өлшеу, орау және бұйымдарды буып-түю автоматтандырылған.
Осы желі кәмпит массасын дайындау үшін кешенді
технологиялық үрдісті қамтиды; кәмпит корпустарын жедел кеберсіту
қондырғысы бар құюға арналған жартылай автомат; глазирлеу агрегаттары,
автоматты жағдайда кәмпиттерді орау және буып-түю.
[pic 2]
Құйып жасалатын және автоматты түрде оралатын глазирленген кәмпиттер өндірісіне арналған механикаландырылған ағынды желі
Көптеген әртүрлі кәмпит массалары үшін қажетті құрамалар (шәрбат, сірне, қоюландырылған сүт, жеміс-жидек езбесі) құбыр желісі арқылы жинақталып, жұмсалу багына (1) беріледі. Плунжерлі сорғышмөлшерлегіштер (2) арқылы секциялы араластырғышқа (3) сорғытылып беріледі. Араластырғыштан құрама қоспалар шәрбат түрінде құралады да сүзгіштен (4) өткізіліп, басқа плунжерлі сорғышпен (5) ирек құбырлы қайнату аппаратына (6) жете қайнату үшін беріледі. Мұнда шәрбат құрамындағы құрғақ заттары 8 – 12% дейін жеткенше жете қайнатылады. Қантсықпалы және өзге кәмпит массаларын әзірлеген кезде, олар технологиясы бойынша бұлғауды қажет етеді, сондықтан шәрбат жете қайнатылғаннан кейін бу бөлгіш (7) арқылы қантсықпаны бұлғау 313 машинасына (8) түсіріледі. Одан бұлғанған масса аралық жинақтағышқа (9) бағытталады, содан кейін сорғышпен (10) бұлғағышы бар темперирлеу машинасына (11) сорғытылып алынады. Мұнда массаны 68–75 0С температураға дейін қыздырады және оған рецептік өлшеммен қарастырылған дәмдік, бояғыш және хош иістендіргіш қоспаларды қосады. Сөйтіп, массаны сорғышпен (12) сорғытып, кәмпит құю машинасының (14) қабылдағыш воронкасына (13) түсіреді. Кәмпит құю машинасы құйылған кәмпит корпустарын үздіксіз жедел кептіруге арналған арнайы қондырғысымен (15) бірге жиынтық агрегатқа біріктірілген. Олар өзара шынжырлы аралық тасымалдағышпен байланысқан. Машинада келесідей әрекеттер атқарылады:
...