Робот және робототехника – ХХІ ғасыр күші
Автор: moonwayd • Февраль 2, 2021 • Эссе • 1,250 Слов (5 Страниц) • 1,011 Просмотры
[pic 1]
Робот және робототехника – ХХІ ғасыр күші
Жоба: эссе
Бериккожа Дильназ
2019
Мамандығы: Менеджмент
Тобы: 191 (4)
Оқытушы: Измаханова Анара Карамановна
Нұсқа: 1
Сөз саны: 1131
Түйіндеме
Қазіргі таңда робототехника адамзат дамуына әсер етіп жатқан маңызды факторлардың бірі. Бұл тақырыпты оқу барысында бізге роботтар қалай келгенін және болашақта олар біздің өмірімізге қалай әсер ететінін зерттейтін боламыз.
Робототехниканың қоғамдағы рөлі қандай? Болашақта біздің өміріміз роботтармен тікелей байланысты болады ма? Түрлі болжамдар мен дәйектер келтіре отырып осы сияқты көптеген сұрақтарға жауап береміз.
Статистикаларға және желі қолданущылардың пікіріне қарап зерттей отырып адамзаттың робототехниканы қалай қабылдайтының біліп көрсетеміз. Алайда, қазіргі таңдағы жағдайларға қарап робототехникасыз болашақта өмір сүру мүмкін бола алмайтынын да ескергеніміз жөн.
Мазмұны
Кіріспе
Әдебиетке шолу
Зерттеу сұрағы
Гипотеза
Зерттеу әдісі
Зерттеу нәтижесі
Талқылау
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Соңғы жүз жылдықты адамдар әр қилы атауда. «Ғаламшар ғасыры", «Электроника ғасыры» және тағыда басқа. Көптеген фактілерге сүйене отырып біз бұл ғасырды «Роботтар ғасыры» немесе «Робототехника ғасыры» деп атасақ та болады. Жақында ғана бұл құрылғыларды біз фантастикалық кітаптардан оқып жүрдік. Бүгінде роботтар қоғам өміріне белсене ат салысуда. Сол себептен де мен бұл тақырыпты өзекті деп санаймын.
Роботтар – бұлар енді қиял ғажайып әлем емес, олар шындық. Мысалға алып қарайтын болсақ робототехника шығарудан көшбасшылық алатын Жапония елі. Роботтардың жапон халқының өміріне кіріп, сініп кеткені соншалық, олар әр үйде кездесетін бір зат секілді. Сол себептенде олар қазіргі танда таңқалдыратын жайттардын бірі болудан қалып бара жатыр. ХХІ ғасыр талабына сай қазіргі уақытта бізде бәрі жаңа технология, жаңа заман, жаңа күш.
Жаңа ғасыр талабына сай қазіргі әлемде роботтарға үлкен сұраныс бар. Сол себептенде олар біздің өміріміздің көптеген біз білетін де, білмейтін де салаларында қолданылады. Роботтарды адамдар қаншалықты қолдайды және оның біздің өмірімізге қауіптілігі қаншалықты екенің анықтайтын боламын. Мен өзімнің зерттеу жұмысымда роботтарды терең зерттеп, олардың біздің заманымыздағы алатын орны мен ерекшеліктерін айтып өтемін.
Әдебиетке шолу
ХХ ғасырдың 50 жылдардағы фантастика өкілдері 2000 жылдың басын ұшатын көліктер мен адамдардан кем түспейтін, олармен қатар жүретін роботтарды елестетті. Көріп отырғанымыздай, мұндай жайт әлі бола қойған жоқ, соған қарамастан, робототехника саласы соңғы онжылдықтарда біршама дамыды. Басында асқан басымдықпен дамып, кейін бәсендеп қалды. Алайда, қазіргі таңда робототехника саласы қайтадан асқан жылдамдықпен дамып келуде. Әр ай сайын мыңдаған түрлі өнеркәсіптік роботтар шығарылады, гуманоидтар мен андроидтар жасалынады, бүкіл әлем ғалымдары жасанды интелектті құру үшін жұмыс жасауда, және мұнын бәрі тек бастамасы.
Робототехника – бір ғана саладан тұрмайды, бірінші кезекте бұл техникалық, жаратылыстану ғылымдары мен ақпараттық технологиялардың барлық соңғы жетістіктерінің синергиясы.
Осыдан 30 жыл бұрын күллі әлем – «Терминатор», «Жұлдызды соғыстар», «Робокоп» секілді туындыларды үзбей қарады. Кеңес балалары Кира Булычевтің әңгімелерін оқитын, ал олардың сүйікті фильмдері – «Қонақ және болашақ» және «Күлгін шар» болды. Ғылыми фантастика мен роботтық мания толқыны кеңес жастарының санасын жаулап алды. Сол себептенде біз «Робот» деген сөзді айтсақ, онда адамдардың көз алдына кеңес дәуіріндегі фантастикалық фильмдегідей қол аяғы темір алдамдар елестейді. Әрине, қазірде біз бұл тұжырымдамаларға әлде қайда кең мағыналар беріп зерттеудеміз.
...