Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Технологии"

Автор:   •  Апрель 10, 2019  •  Контрольная работа  •  5,527 Слов (23 Страниц)  •  570 Просмотры

Страница 1 из 23

Жусупов Шайхы

СӨЖ сұрақтары

   1.Басқарылатын P-Nауысулы өрістік транзистордың каналының эффектілік ені   Uтжәне Uқөзгергенде қалай өзгереді?

    Физика курсынан белгілісіндей, өткізгіштігі түрлі типті жартылайөткізгіштерді тығыз беттестіргенде, оларды бөліп тұрғанзаряд тасушылардың едәуір концентрациялы аралығында зарядтардың қозғалысы диффузиялық сипатқа ие бола бастайды. Нәтижесінде n–аймағы оң, ал p–аймағы теріс зарядталады.

      Шекаралық қабатта контактілік электр өрісі Ек туындап, электрондар мен кемтіктердің бір аймақтан екіншіге әрмен қарай өте беруіне кедергі жасайды . Сонымен, негізгі заряд тасушылардың төмен концентрациялы n–типті жартылайөткізгіш жағынан –электрондардан, p–типті жартылайӛткізгіш жағынан – кемтіктерден тұратын P–N ауысуы құралады.Бұл ауысу токқа өсіңкі кедергі жасайды жәнежабық қабат немесе потенциалдық тосқауыл деп аталады.

    Контактілік өріс тепе–теңдік жағдайын белгілі деңгейде ұстайды. Соның өзінде жылу әсерінен электрондар мен кемтіктердің аз бөлігі жабық қабат арқылы өтуін жалғастыра беріп диффузия тогын құрайды. Бірақ сонымен қатар, контактілік өрістің әсерінен p–жәнеn– аймақтарының негізгі емес заряд тасушылары (сәйкес электрондар мен кемтіктер) аз шамалы өткізгіштік тогын құрайды. Тепе–теңдік жағдайында бұл токтар өзара бірін–бірі жояды. Электрондық– кемтіктік P–N ауысуы сонымен қатар жартылайөткізгіш пен металдың түйісу шектерінде де туындайды. Егер P–N ауысуына сыртқы ток көзін қосса, онда кері полярлы деп аталатын кернеу контактілік өріспен Ек бағыттас болатын сыртқы өрісті шақырады. Нәтижесінде, жабық қабаттың ені өседі және негізгі заряд тасушылардың тогы өте аз болады. Тізбекте тек негізгі емес тасушылардың тогы мүмкін болады (кері ток Iк).

    Тіке полярлы кернеуді қосқан жағдайда сыртқы өріс Е контактілік өріспен Ек бағыттас болмайды . Жабық қабаттың ені тарылады, оның кедергісі кенет өзгереді, тізбекте үлкен тіке ток Iт туындайды. Сонымен, P–N ауысуы анық байқалатын біржақты өткізгіштікке ие. Оған оның вольт- амперлік сипаттамасы I= f (U)сәйкес келеді.

    Тіке токта сипаттама тік өрлеу бұтағы түрінде болады. Кері бағытта ток жылдам қанығуға жетеді және кейбір шектік кернеуге Uшек дейін өзгермейді, одан кейін шұғыл өсе бастайды. Шектік кернеуден үлкен кернеулерде P-N ауысуының «тесілуі» басталады және оның вентилдік әрекеті тоқтайды. P-N ауысуының біржақты өткізгіштігі жартылайөткізгіш диодтардың құрылысында және айнымалы токты түзету үшін, электр сигналдарының басқа да түрлендірулері үшін қолданылады.

2. Басқарылатын P-N ауысулы өрістік транзистордың бастауы мен құймасы арасындағы максималь мүмкін кернеу U қбнемен шектеледі?

   Үш қабаттан тұратын басқа аспаптар қатарына n-, p- типті өрістік транзисторлар жатады.

Электродтар сәйкес бастау (Б), құйма (Қ) және тиек (Т) деп аталады. Тиекке (Т) оң кернеу  түссе, онда р- n ауысулары кері бағытта ығысады да, өткізбейтін қабат кеңейеді, ал арна тарылады. Бұл арна тогының азаюына әкеледі.Бұл р–типті каналы бар транзистор. Егер түсірілген кернеу шамадан тыс оң болса, арна жабылады, арна тогы нөлге тең болады.

   Кері орналасқан қабаттарда n– типті каналды транзистор шығады.Онда арна арқылы электрондар ағады, құймаға (Қ) – плюс , ал тиекке (Т) –минус жалғанады. р–типті каналы бар транзисторға оралайық. Тиекке кері кернеу берілетіндіктен, ол токты нашар ӛткізеді (бұл р–n ауысуының кері тогы), яғни өрістік транзистордың кіру кедергісі өте үлкен. Өрістік транзистор кернеумен немесе өріспен басқарылады. Бұл жағынан ол радиолампаға ұқсас. Кернеудің Uтб=U0 мәнінде қабаттар өзара беттеседі, арна жабылып, құйма тогы нӛлге тең болады. Бұл кернеу қию кернеуі деп аталады.

   Сипаттамаларды қарапайым қарастырғанда түзу болуы тиіс және олардың иілуі тиек-бастау кернеуі неғұрлым үлкен болса солғұрлым аз болуы керек. Себебі, тиектегі кернеу өскенде каналдың кедергісі де өседі. Бірақ қисықтар тез қаныға бастап көлденең бөлікке өтеді. Ол каналға түсетін кернеудің 0-ден –Uқб - ға өзгеруімен түсіндіріледі, яғни р–nауысуында кернеу түсуі әртүрлі: бастауға жақын бӛлікте Uтб- ға тең, ал құймаға жақын бөлікте : Uтб+ Uқб, яғни үлкен. Сондықтан, кернеудің Uқб өсуімен каналдың кедергісі өседі, ал сипаттама төмендейді.

...

Скачать:   txt (78.4 Kb)   pdf (322.8 Kb)   docx (28.3 Kb)  
Продолжить читать еще 22 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club