Ауаның меншікті жылусыйымдылығын ағынды калориметр әдісімен анықтау
Автор: Almasbek Bazarbaev • Март 11, 2022 • Контрольная работа • 1,303 Слов (6 Страниц) • 379 Просмотры
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
1 зертаханалық жұмыс
Жылу және жылу техникасы негіздері
Тақырып: Ауаның меншікті жылусыйымдылығын ағынды калориметр әдісімен анықтау
Мамандығы: Электроэнергетика
Орындаған:Базарбаев Алмасбек
Тобы: ЭЭк-20-2
Тексерген:Сейдалиева.А
«_ » 2022 ж.
[pic 1]
(бағасы) (қолы)
Алматы, 2022
№ 1 зерттеу жұмысы. Ауаның меншікті жылусыйымдылығын ағынды калориметр әдісімен анықтау
Жұмыстың мақсаты. Атмосфералық қысымдағы ауаның меншікті жылусыйымдылығын тәжірибелік анықтау мен ағынды калориметр әдісін игеру.
Тапсырмалар:
1) Ағынды калориметр әдісімен 3÷5 тәртіпте ауаның с’р - көлемдік меншікті жылусыйымдылығын (кДж/(м3К)) тәжірибелік анықтау;
2) Ауаның t = 0 0C-дегі меншікті маңыздық ср мен cv (кДж/(кгК)), көлемдік c’v (кДж/(м3К)) және мольдік μср мен μcv (кДж/(кмольК)) жылусыйымдылық мәндерін тәжірибелік анықталған с’р (кДж/(м3К)) арқылы ((1.2)-мен) есептеп, әдебиеттік мәндерімен салыстыру ([1, 2], [7], 20 ÷ 26 c.).
3) Өлшеу қателіктерін анықтап, зерттеу нәтижелерін талдау [1].
1.1 Зерттеуге қажетті теориялық кіріспе
Берілген х теңесулі құбылысындағы дененің 1 К (Кельвин) температураға қыздыруына қажетті жылуын жылусыйымдылық дейміз
[pic 2]
Дененің m, кг не μ, кг/кмоль маңызына, не физикалық қалыпты (tқ = 0 0C, рқ = 101 325 Па) күйдегі Vқ, қм3 көлеміне келтірілген жылусыйымдылықты меншікті маңыздық (сх = Cx/m, Дж/(кгК), қалыпты көлемдік (сх’ = Cx/Vқ, Дж/(қм3К) не мольдік (схμ = Cxμ/m, Дж/(кмольК) жылусыйымдылық дейміз.
Бұл меншікті жылусыйымдылықтардың арақатынасы келесі болады
[pic 3]
Бұлардағы Qτ - жұмыс денеге берілетін (не одан алынатын) жылу, Дж;
q = Qτ/m - жылуқозғалымдық жүйедегі жұмыс дененің 1 кг маңызына келтірілген жылылық, Дж/кг;
m - жұмыс дененің маңызы, кг;
Т - жұмыс дененің температурасы, К;
∂Т = ∂t – дербес туынды температура, К, 0С;
сх – х = p, v, T = тұрақты құбылыстардағы меншікті (ауаға t = 0 0C-де) маңыздық (ср = 1,0036, cv = 0,7164 кДж/(кгК)), көлемдік (с’р = cpρ = 1,0036∙1,293 = 1,2971, c’v = 0,9261 кДж/(қм3К)), мольдік (μср = 28,96∙1,0036 = 29,073, μcv = 20,758 кДж/(кмольК), мұндағы 1,293 кг/м3 = ρ – тығыздық, μ = 28,96 кг/кмоль – ауаның мольдік маңызы (массасы)) жылусыйымдылық [1].
Жылусыйымдылықтың кванттық теориясы күрделі. Сондықтан ол іс жүзінде көпмүшелік бернемен сипатталып, aумаққылық орта (үстіндегі сызықшалы) мәні пайдалынады
[pic 4]
Мүлтіксіз газдардың Майер теңдеуі:
[pic 5]
мұндағы R – газ тұрақтысы (ауаға R = Rμ/μ = 8314Дж/(кмольК)/28,96 (кг/ кмоль) = 287,0 Дж/(кгК)).
1.2 Тәжірибелік қондырғы және жұмысты орындау тәртібі
Жылусыйымдылығы анықталатын ауа (1.1 сурет) жылулық оқшауланған ағынды калориметр 1-ден электрлі 2-де қыздырылып, сорғы 3- пен ағындалады. Қыздырғыш 2 мен сорғы 3-тің қуаттары зертханалық өзгерткіш ЛАТР-1, ЛАТР-2-лермен реттеліп отырады.
...