ЖЭО жылу жүктемелерін есептеу
Автор: Karla Ilyasova • Май 18, 2018 • Курсовая работа • 7,056 Слов (29 Страниц) • 1,020 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе 1.Жобаланатын ЖЭО бу турбиналарына сипаттама 1.1 Бу және газ турбиналарының топтастырылуы 1.2 Бу турбиналарының стандарт белгіленуі (маркировка) 1.3 Бу турбиналарына қойылатын эксплуатациялық талаптар 1.4 Бу турбинасының бөлшектерін дайындауға қолданылатын материалдар 1.5 Бу турбинасының құрылғылары 2. Негізгі бөлім 2.1 ЖЭО жылу жүктемелерін есептеу 2.2 Жылдық жылу жүктеме графиктерін салу 2.3 ЖЭО негізгі жабдықтарын таңдау 2.4 ЖЭО жылу сұлбаларын есептеу 2.5 hs-диаграммада турбинадағы будың кеңеюінің нақты үрдісін салу 3 Қоршаған ортаны қорғау Қорытынды Қосымшалар Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | 2 3 4 6 7 7 8 10 11 12 16 17 22 24 25 31 |
Кіріспе
Курстық жобаның басты міндеттері:
1 Жобаланатын ЖЭО жылу сұлбасын есептеу, негізгі жабдықтарын таңдау және жылу жүктемелерін есептеу.
ЖЭО жылу сұлбасын технологиялық жобалаудың нормасы бойынша төрт режимдегі сипаттамалар үшін қажет.
2. Максимально-қысқы режим, сыртқы ауаның есептеу температурасына tpH сәйкес келеді. Бұл режимде максималь буды өндіру, яғни қазандар мен қосалқы жабдықтардың жалпы қуаты анықталады.
3. Есептеу-бақылау режим ең суық айдың орташа сыртқы ауаның есептеу температурасына tв сәйкес келеді.
Есептеу ЖЭО ең қуатты қазан агрегатының тоқтап қалу шартында жүргізіледі. Мұнда төмендегі жүтемелер анықталады:
− максималь ұзақ уақыттағы жүктеме;
− ең суық айдың орташа жылыту жүктемесі.
Бұл режимде қондырылатын қазандардың саны мен қуаты анықталады.
4. Орташа жылыту режим жылыту периодының орташа сыртқы ауаның е температурасына tcpH сәйкес келеді. Бұл режим турбоагрегаттарын таңдау үшін, негізгі болып табылады.
5. Жазғы режим. Жылыту мен желдетуге шығындар нөлге тең, ал ыстық сумен жабдықтау есептеу ыстық сумен жабдықтау жүктемесінің 80%-ін құрайды.
ЖЭО негізгі жабдықтарының құрамын таңдауда төмендегі ұсыныстарды есептеу қажет.
1. ЖЭО мүмкіндігінше жоғарғы қуатты агрегаттың санын аз алу;
2. Аралас жылу жүктемеде ПТ,Т,Р түрдегі турбинларды немесе осындай турбиналардың екі түрін қолдану;
3. Бу турбиналары мен шыңдық қазандардың жылу қуаты мен түрін таңдау жылыту коэффициентіне αтэц байланысты болады;
4. Жоғары қуатты ЖЭО (≥ 1000 МВт) үшін, жылу сұлбасының блоктық құрылымын таңдау.
Станцияның негізгі жабдықтар құрамына ПТ,Т және Р түрдегі қуатты турбоагрегаттар кіреді. Р турбинадағы төмен қысымда регенерациялау жүйесінің болмауынан олардың жылу сұлбасының өз ара байланысы мұндай ЖЭО жылу сұлбасын есептеуді орындауда бір қатар ерекшеліктерді анықтайды.
Өндірістік-жылыту ЖЭО-тағы жылу сұлбасын есептеуде төмендегі мәселелерді шешу қажет:
- Жылу жүктемелерін есептеу;
- Жылдық жылу жүктеме графиктерін салу;
- ЖЭО негізгі жабдықтарын таңдау;
- h-s диаграммада турбинадағы будың кеңею үрдісін салу;
- Бу мен судың параметрлерінің кестесін құру
1. Жобаланатын ЖЭО бу турбиналарына сипаттама
2.1
Бу және газ турбиналары жылулық қозғалтқыштар болып табылады. Онда жұмысшы денелер жылу энергиясының механикалық және электрлік энергияға айналуының термодинамикалық процесін орындайды.
Бу турбинасында жұмысшы дене бу (әдетте су буы) болып табылады. Газ турбинасындағы жұмысшы дене газ (сұйық немесе газ тәрізді отынның жану өнімі) болып табылады.
Турбиналар үлкен мөлшерде жылу электр станцияларында (ТЭС) – ГРЭС, ТЭЦ, АЭС қолданылады. Онда тұтынылатын электр энергиясының 80% астамы өндіріледі. Оларды әртүрлі механизмдерге, машиналарға жетек ретінде де қолданады. Мысалы, ірі кемелердің, компрессорлардың, сораптардың (насосы) қалақты бұрандаларына жетек ретінде қолданады. Турбиналы қозғалтқыштардың артықшылығы онда біліктің айналу жиілігін бірқалыпты баяу реттеуге болады. Бұл іштен жану қозғалтқыштарында (дизельдік) және айнымалы ток көзінен жұмыс істейтін электрлі қозғалтқыштарда мүмкін емес.
...