Есептеу-сызбалық жұмыс. Жылу электр орталығы
Автор: Nurdauletzz • Октябрь 6, 2025 • Контрольная работа • 13,537 Слов (55 Страниц) • 48 Просмотры
Коммерциялық емес акционерлік
қоғам[pic 1][pic 2]
Электр станциялары, тораптары және жүйелері кафедрасы
ЭЛЕКТР СТАНСАЛАРЫ МЕН ҚОСАЛҚЫ СТАНСАЛАРДЫҢ ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРЫ
5В071800 – Электр энергетикасы мамандығы студенттері үшін есептеу- сызба жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқалықтар
1-ТАПСЫРМА
Алматы 2021
Есептеу-сызба жұмыс №1
- Есептеу-сызба жұмыстың мақсаты және мәселелері
Жұмыстың мақсаты: студенттерге қойылған тапсырмаларды өз бетімен шешім шығаруын дамыту, теориялық білімдерін баянды ету, техникалық әдебиеттерден алынған ақпараттарды тәжірибемен ұштастыра отырып электрлік стансалардың құрылымдық сұлбаларын таңдау және жүктемелердің балансын есептеу.
Есептеу-сызба жұмыс, бұл типтік есеп, оған кіретін мәселелер:
- генераторлардың түрін, олардың қоздыру және салқындату жүйелерін таңдау;
- стансалардың алғашқы құрылымдық сұлбаларын сызу (құрастыру);
- қалыпты режимде жүктемелердің қуат балансын есептеу (қалыпты режимде).
Есептеу – сызба жұмыс берілген әртүрлі нұсқалар арқылы орындалады.
Есептеу-сызба жұмыстың көлемі және мазмұны
- Бастапқы берілгендері.
Есептеу-сызба жұмыстың бастапқы берілгендері қосымшаларда (1.1 кесте) көрсетілген, мұндағы берілгендер:
- стансаның және отынның түрі;
- стансадағы генераторлардың қуаты мен саны;
- электрлік жүктемелер, олардың кернеуі және қуаты;
- энерго жүйемен стансаны байланыстыратын электр беру желілерінің саны, кернеуі және тағы басқа да керекті деректер.
Жүктеме графиктерін бірдей етіп алып, олар қарастырылатын мысалда келтіріледі.
- Есептеу – түсіндірме жазбасы.
Есептеу – түсіндірме жазбасы 10-15 бет көлемінде стандартты парақта А-4 форматта түсінікті және қысқа түрде орындалады. Жазбада барлық есептеулер, қысқаша негізгі мәселелер, ұстанымды жағдайы және жұмысты шешудегі түсіндірмелері келтірілуі тиіс.
Есептеу – түсіндірме жазбаның мазмұны:
- Салқындату және қоздыру жүйелері туралы барлық параметрлері және берілгендері көрсетілген генераторлардың түрін таңдау [1.2.3.4].
- Электр стансалардың құрылымдық сұлбасының 2-3 нұсқасын қарастыру. Қарастырылатын тарату құрылғылардың нұсқалары, әртүрлі кернеудегі тарату құрылғылардағы (ТҚ) электрлік жалғану сұлбалары, трансформаторлар (автотрансформаторлар) байланысының қуаты салыстырмалы болуы тиіс.
- Жүктеменің тәуліктік сызбасын тұрғызу, қуат балансын анықтау (есептеу).
Есептеу-сызба жұмысты орындауға керекті әдістемелік нұсқаулар
- Жүктеме сызбаларын тұрғызу және қуат балансын есептеу.
Трансформаторлардың (автотрансформаторлардың) саны мен қуатын таңдау және құрылымдық сұлбаның сәйкес нұсқаларын анықтау бойынша технико-экономикалық есептерді орындау үшін трансформатор жүктемелерінің тәуліктік сызбаларын тұрғызу керек. Бұл сызбалар құрылымдық сұлбаның әрбір нұсқасына қысқы және жазғы кезеңдерге
арналып құралады. Энергожүйеге қуат беру
(Sжїй .бер( t ) )
сызбасы, өндірілетін
қуаттың
(Sген.бер ( t ) ) , тұтынушылардың қуатының
(Sтўт.(t ) )
және өзіндік
мұқтаждығына алынады.
(Sґ .м( t ) )
керекті қуаттың айырмашылығын есептей отырып
Sжїй .бер( t)
= Sген.бер( t) −Sтўт.(t) −Sґ .м( t) ,
(1.1)
мұнда
S(t) =
P(t) + jQ(t).[pic 3]
Электр стансалардағы электр энергияны өндірудің айнымалы сызбасы кезінде өзіндік мұқтаждықтың қуат шығынын [4] тең анықтауға болады.
Pґ .м
(t) = (0,4 + 0,6) Pi (t) ⋅ Р
Pбел[pic 4]
ґ .м.мах ,
(1.2)
мұнда
P³ (t)
- t уақытта стансаның шинаға беретін қуаты, МВт;
Pбел - стансалардың (блоктың) белгіленген қуаты, МВт;
Рґ .м.мах
- өзіндік мұқтаждықтың максималды қуаты, МВт; отын
және станса түрін ескере отырып [1.1] кестеден анықтаймыз.
...