Газдарды және буларды дросселдеу
Автор: Дана Рамазанова • Декабрь 14, 2020 • Лекция • 466 Слов (2 Страниц) • 438 Просмотры
Газдарды және буларды дросселдеу
Құбырларда газдың немесе будың параметрлерін және шығысын бақылау үшін газ ағынының сығылуына әкелетін жапқыштар, клапандар, делдеткіштер орнатады. Клапанның едәуір жіңішке бөлігіне, жиі дросселге, бу ағыны біртіндеп тығыздалады да жылдамдығы жоғарылайды. Ағында энергияның қайта бөлістірілуі жүзеге асады. Сыртқа жылу берусіз өтетін газдың теңсалмақты емес үлкен қысымнан кіші қысымда кеңеюінің үрдісі будыңдросселденуі немесе мыжылуы деп аталады.
Газдың энергиябалансын дросселдеуден кейін және дросселдеудің алдындағы теңдеуін жазайық, буды қысымын дросселге дейін – р1, дросселден кейін- р2, сәйкесінше меншікті көлемдері υ1 және υ2 , сонымен қатар[pic 1]және [pic 2].
Будың дроссель алдында және дросселден кейін (и) ішкі энергияның, [pic 3] кинетикалық және pυ потенциал немесе қысым энергиясының қосындысы арқылы анықталады, яғни
| и1 + p1υ1+[pic 4]= и2 + p2υ2+[pic 5] | (3.5) |
и1 + p1 i1–ге , және и2 + p2υ2 i2 –ге алмастырғаннан кейін
| i1+[pic 6]= i2 +[pic 7] | (3.6) |
Дросселдеу үрдісі қоршаған ортаға жылу бөлусіз, яғни адиабатты түрде өтеді.Дросселдің жіңішке саңылауында (мысалы, диафрагманың) тұрақты сығу кезінде бу жылдамдығы максимал жылдамдыққа ие болады. Шығысында ауа жылдамдығы бірте бірте төмендер өзінің бастапқы күйіне әкеледі. Потенциал энергияның шамасымен анықталатын бу қысымы дроссельден өту кезінде кинеткилық энегияның үлкеюіне байланысты p1 -ден p2 –ге дейін төмендейді. Дросселден кейінгі будың қысымы кинетикалық энегрияның энергияның төмендеуі салдарынан үлғаяды, бірақ бу энергиясының бөлігін үйкеліске және ағынның құйындылығына кеткендіктен жоғалтады, ал осы тұста бөлінген жылу будың дроссельдің жіңішке қимасында төмендеген энтальпияны өтейді; будың энтальпиясы дроссель алдында да кейінде өзгермейді.
...