Роботтардың (агророботтар) және Қазақстан нарығына шығарылуы бойынша зерттеулердің нәтижелері
Автор: keremet.zhadyl • Февраль 20, 2023 • Реферат • 5,073 Слов (21 Страниц) • 244 Просмотры
МАЗМҰНЫ
1 | Түйіндеме.................................................................................................. | 2 |
2 | Өнімнің сипаттамасы............................................................................... | 3-4 |
3 | Өндірістік бөлім ...................................................................................... | 5-8 |
4 | Нарықты зерттеу...................................................................................... | 9-14 |
5 | Бәсекелестерді бағалау ........................................................................... | 15-18 |
6 | Маркетингтік жоспар.............................................................................. | 19-21 |
7 | Ұйымдастырушылық жоспар ................................................................ | 22-25 |
8 | Тәуекелдерді талдау................................................................................ | 26-28 |
9 | Қаржылық жоспар................................................................................... | 29 |
10 | Қолданылған әдебиеттер......................................................................... | 30 |
1.Түйіндеме
Бұл жобада жеміс-жидектер жинайтын роботтардың (агророботтар) өндірісі және Қазақстан нарығына шығарылуы бойынша зерттеулердің нәтижелері көретілген. Агророботтар жасанды интеллект негізінде жұмыс жасай отырып, ұстағыштармен жабдықталған манипуляторлардың көмегімен жеміс-жидектерді жинаумен айналысады.
Жобаның негізгі мақсаты:
- Қазақстандағы өсімдік шаруашылығына инновациялық өнім алып келу арқылы саланың жұмысының тиімділігін арттыру;
- Қазақстандағы технологиялық кәсіпкерлікті дамыту;
- Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде пайда табу.
Агроробот өндірісін құру үшін 84 104 000тг көлемінде инвестиция қажет.
Жоспарланған орташа жылдық кірістілік: 20 %
Пайыздық кіріс мөлшері: 75 693 600тг
Жоба мерзімі 5 жылға жоспарланған.
2.Өнімнің сипаттамасы
Ауылшаруашылық робототехникасы нарығының динамикасы ұсыныстың және сұраныстың жоғарылауымен сипатталады. Жалпы, бір қарағанда, ауылшаруашылық робототехника нарығы аз дамыған және маңызсыз болып көрінуі мүмкін. Сонымен қатар, ауылшаруашылық саласындағы нарықтық мүмкіндіктерді бағалаудағы қателіктердің бағасы роботтандырудың болашақтағы экономикалық және жалпы әлеуметтік әсерлерінің пайдалылығына байланысты аса жоғары болып табылады.
Әр түрлі елдердегі ауылшаруашылық ұйымдарының басшылары жұмысшылардың жетіспеушілігіне жиі ұшырайды. Ескі кадрлар зейнетке шығады, ал жаңа кадрлар бұл саланы таңдай бермейді.
Қазақстанда ауыл шаруашылығында жұмыс жасайтын 18-25 жас аралығындағы азаматтар саны 2017ж 315,7 мыңнан 2021 жылы 238,6 мыңға дейін, яғни 24,5%-ға төмендеген.
Бұл мәселені шешуде роботты егін жинаушылардың пайдасы өте жоғары. Егер өзін-өзі басқаратын комбайндар картоп пен дәнді дақылдарды тиімді жинайтын болса, онда жидектер, көкөністер мен жемістерді жинау қиынырақ болады. Мұндай роботтарды жемістерді мұқият және зақымдамай жинауға үйрету керек.
Біз роботты Microsoft базасында құруды жоспарлап отырмыз. Робот жеміс бақтарында жұмыс істеуге арналған, онда жеміс ағаштары жоғары тығыздықта отырғызылады. Роботтың жұмыс жасау принципі 1-суретте көрсетілген.
[pic 1]
Сурет 1- Роботтың жұмыс жасау принципі
Робот жемістерді жоғарыдан бастап төменге қарай ұстағыштармен жабдықталған манипуляторлардың көмегімен жинайды. Әзірлеушілердің бағалауы бойынша, бір жемісті жинау үшін роботқа орташа есеппен 10 секунд кетеді. Осылайша, бір сағат ішінде мұндай құрылғының өзі 288 килограммға дейін жеміс жинай алады.
Жеміс ағашындағы жемістерді іздеу функциясы жасанды интеллектке негізделген, оның моделі нейрондық желіге негізделген. Машинаның нейрондық желі алгоритмі 97% - дан жоғары анықтай алады және ағаштағы барлық жемістердің 90% - на дейін жинауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, фондық нысанды алма деп қателескен кезде жүйенің қателіктерінің үлесі 3,5% құрайды.
...