GPS және ГлоНаСС радионавигациялық жүйелері
Автор: 87784460048 • Март 29, 2023 • Курсовая работа • 2,589 Слов (11 Страниц) • 317 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ҒҰМАРБЕК ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
[pic 1]
№1 ЕСЕПТЕУ ГРАФИККАЛЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: «Радиотехника және телекоммуникациялар негіздері»
Тақырыбы: GPS және ГлоНаСС радионавигациялық жүйелері
Мамандығы: Радиотехника, электроника және телекоммуникация
Орындаған: Бөлекбаева Айнагүл
Тобы: РЭТк-21-7 Нұсқа: №5
Қабылдаған: аға оқытушы Абишева Т.А
___________ ______ «___» __________2023ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы, 2023 ж
МАЗМҰНЫ
Кіріспе............................................................................................................................3
Радионавигацияның мақсаты.......................................................................................5
«NAVSTAR - GPS» жерсеріктік навигациялық жүйесі.............................................7
«ГЛОНАСС» жерсеріктік радионавигациялық жүйесі...........................................10
Қортынды.....................................................................................................................11
Әдебиеттер тізімі.........................................................................................................11
Кіріспе
Бұл диссертациялық жұмыста, жерсеріктік радионавигациялық жүйелерді пайдалана отырып, ғарыш объектілерінің, атап айтқанда, жердің жасанды серіктерінің орналасуын, жоғары дәлдікпен анықтау әдісітері қаралады. Зерттеудің негізінде,төменгі орбиталық ғарыш аппараттарына жоғары дәлдікті навигация әдістерін қолдану тәсілдерін, сондай-ақ өткізілетін өлшеулердің дәлдігіне түрлі факторлардың әсерін анықтау болып табылады. Жұмыстың мақсаты, төменгі орбиталық ғарыш аппараттары үшін, әр түрлі жайғастыру әдістерін қарастыру және олардың іс жүзінде қолданылуын анықтау болып табылады. Сондай-ақ, координаталарын дәл анықтауға әсер ететін факторлары және олардың әсер етуін есепке алу тәсілдерін анықтау міндеті қойылады. Бұл тақырып, навигация аумағындағы мәселелердің кең спектрін біріктіреді, сондықтан зерттеу үшін қызықты болып табылады. Атап айтқанда, осы жұмыс шеңберінде, жерсеріктік радионавигациялық жүйелерінің жұмыс істеу қағидаттар және әр түрлі жайғастыру әдістері мен олардың дәлдігін арттыру тәсілдері зерттелді. Қазіргі заманда, жерсеріктік радионавигациялық жүйелері барлық жерде жаппай таралған. Олар алуан түрлі аумақтарда: тұрмыстық навигациялық құрылғыларынан бастап, жаһандық позициялау жүйелеріне дейін қолданылады. Осы кезеңде, Қазақстан Республикасы бойынша, спутниктік навигациялық жүйелер енгізу , қарқынды жүріп жатыр. Сонымен қатар, еліміздің тәуелсіз ғарыштық держава мәртебесін алуы мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Осы стратегия аясында, Қазақстан Республикасында жоғары дәлдікті жерсеріктік навигация жүйесін құру туралы мәселесі қаралады. Осы жұмыста, ұсынылып отырған жобаның мүмкіндіктерінің ауқымын кеңейту және дифференциалды түзету әдістерін, жерүсті объектілерінің координаттарын анықтау үшін ғана емес, сонымен қатар ғарыш аппараттарын жоғары дәлдікпен жайғастыру үшін қолдану ұсынылады . Бұл, жоғары дәлдікпен өлшеуді талап ететін және деректерді координаттарға қатаң байланыстыру міндеттерін орындайтын, әр түрлі жасанды жерсеріктерінің жұмыс істеу мүмкіндігін жақсартады . Олардың ішінде, бірінші кезекте, жерді қашықтықтан зондтау, картография, сейсмология және метеорология жұмыстары үшін пайдаланылатын, ғарыш аппараттары, сондай-ақ ғылыми-зерттеу станциялары бар. Жұмыстың бірінші бөлігінде, жерсеріктік радионавигациялық жүйелерінің жұмыстарының негізгі қағидаттары, сондай-ақ "GPS-NAVSTAR" және "ГЛОНАСС" ғаламдық навигация жүйелерінің негізгі параметрлері қаралды. Екінші бөлігінде, координаттарды анықтаудың әр түрлі әдістерін зерттеуге арналған. жоғары дәлдікпен жайғастыру сұрақтарына , сондай-ақ навигациялық ақпараттарды түзету тәсілдеріне ерекше көңіл бөлінеді.
...