Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тестілеу бағдарламасын құру

Автор:   •  Ноябрь 13, 2022  •  Реферат  •  2,768 Слов (12 Страниц)  •  351 Просмотры

Страница 1 из 12

Кіріспе

Соңғы жылдарда біздің елімізде жоғары оқу орындарында, мектептерде студенттердің және оқушылардың білім деңгейін тексеріп, бақылауда кеңінен таралып жүрген әдіс -тест әдісі.Бұл әдістің басқа бақылау әдістерінен артықшылығы мынада: негізгі ұғымдар мен тұжырымдар туралы қандай біліктілігінің бар екендігін аңғаруға болады. Оқушы тестегі әрбір жауапты бір бірімен салыстыра отырып талдау жасайды, яғни белсенді ойлау процесі жүреді де, оқушының ойлау қабылетінің дамуына мүмкіндік туғызады.

     Тест (байқау, тексеру) – оқушының білімін, біліктілігін және дағдысын тексеретін стандартталған тапсырмалар жиынтығы. Тестілеу әдісінің кеңінен таралуына, тестілеу нәтижелерін мейлінше тез және сапалы түрде өңдеп шығаруға компьютерлердің үлкен септігі тиері сөзсіз. Тестілеуде компьютерді қолдану біріншіден, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, екіншіден тексеру нәтижесі неғұрлым обьективті болып, оқушылардың материалды игеруі және білім дәрежесін талдауға мүмкіндік береді, қызметтік жаңалығына байланысты оқушылардың білім деңгейін сырттан бақылауды және олардың өзін-өзі бақылауын қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Қазіргі кездегі компьютерлер бұл салада өте жоғарғы мүмкіндіктерге ие болды, бірақ әлі де программалық базанығ әлсіздігі сақталып отыр. Сондықтан да компьютерді қамтамасыз ету саласында тестік программа құруға мүмкіндік беретін программаға сұраныс пайда болды.

     Осыған байланысты курстық жұмыстың тақырыбы «Тестілеу бағдарламасын құру».

    Жұмыстың мақсаты: C# тілінде Тестілеу бағдарламсын құру.

    Мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды орындау қажет: C# программалау тілі туралы теориялық сұрақтарды қарастыру; қолданбаның пайдаланушы интерфейсін әзірлеу; программа кодын жазу; әзірленген бағдарламаны сынау.

1.1 Тест бағдарламасы туралы жалпы түсінік

     Тестілеу (test, ағылшын сөзі сынау деген мағына береді) дегеніміз
программаның немесе оның жеке бөліктерінің дұрыс жұмыс істейтіндігін сынау.
Жөндеу және тестілеу бұлар бірінен бірі айқын ажыратылған және
біріне- бірі ұқсамайтын екі кезең:  жөндеу кезінде синтаксистік қателіктердің және кодтаудың айқынқателіктерін төңіректеу және жою орындалады. тестілеу процесі кезінде айқын қателіктері жоқ программаның жұмысістеу қабілеттілігі тексеріледі.Тестілеу қателіктің бар екендігін тағайындайды, ал жөндеу
программаның дұрыс жұмыс істемеу себептерін анықтайды.Қазіргі заманғы программалау жөндеу жұмысы жөндеуші деп аталатын арнай программалық құралды пайдалану жолымен жүзеге асырылады. Бұл құралдарпрограмманың ішкі жұмысын зерттеуге мүмкіндік береді.
     Жөндеу программасы әдетте мына төмендегідей мүмкіндіктер береді:
- әрбір командадан соң, тоқтай отырып, программаны қадамдап орындау;
- кез-келген айнымалының ағымдағы мәнәі қарау немесе кез-келген өрнектің,
оның ішінде стандартты функцияларды пайдаланып мәнін табу қажеттілігіне
қарай айнымалының жаңа мәнін пайдаланып орындау;
- программада тексеру нұктелерін орнату, яғни аралық нәтижелерді бағалау
үшін программа уақытша өз жұмысын тоқтататын нүктелерді тағайындау т.б.
     Программаны жөндеуде мыналарды есте сақтау маңызды:
-жөндеу процесінің басында қарапайым тестілік деректерді пайдалану;
-пайда болатын қиындықтарды айқын ажыратып және қатаң түрде кезегімен жою;
-қателіктің есебі компьютерде деп есептемеу керек.Программа қаншалықты өте мұқият жөнделсе де оның жұмысқа жарамдылығын тағайындаудың шешуші кезеңі программаның тестер жүйесінде тікелей орындалуын тексеру болып табылады. Егер программа таңдалынып алынған тестілік деректер жүйесінен
өткенде барлық жағдайда дұрыс нәтижелер беретін болса, онда программаны
шартты түрде дұрыс деп есептеуге болады. Тестілеу тәсілін жүзеге асыру үшін тестердің эталондық нәтижелері алдын-ала даярланған немесе белгілі болуы тиіс.
     Эталондық нәтижелерді прогрмманың компьютерде орындалу нәтижесін алғаннан кейін емес, керісінше алғанға дейін есептеп шығарып қою керек.Тестілік деректер қателіктердің пайда болуының барлық мүмкін болатын шарттарын тексеруді қамтамасыз ететін болуы тиіс, атап айтқанда:
- алгоритмнің әрбір тармағының сыннан өтуі;
- кезектегі тестіден өткізу алдыңғы өткізудегі тексерілмегендердің
тексерілуі;
- программаның жалпы жұмыс істейтіндігін тексеру үшін бірінші тестің
мүмкіндігінше қарапайым болуы;
-есептеу көлемін қысқарту үшін тестідегі арифметикалық операциялардың
шегіне дейін ықшамдалуы;
- тізбектер элементі санының, итерациялық есептеулер үшін алынған
дәлдіктің, тестілік мысалдар цикліндегі интерация санының есептеулер
көлемін қысқарту тұрғысынан берілуі;
- есептеулерді азайтудың тексеру сенімділігін төмендетпеуі;
- тестілік деректер жиынын кездейсоқ таңдау күткен нәтижелерді қолмен
орындау тәсілімен анықтауда қиындықтарға алып келетіндіктен және көптеген
жағдайлар тексерілмей қалатындықтан тестілеудің белгілі мақсатқа бағытталған және жүйеленген болуы;
- тестілік деректерді күрделендіруде түсідің біртіндеп жүргізілуі.

...

Скачать:   txt (18 Kb)   pdf (93.6 Kb)   docx (17.2 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club