Карапайым циклдар мен программалар
Автор: Dastan2004 • Февраль 25, 2022 • Лабораторная работа • 592 Слов (3 Страниц) • 293 Просмотры
«IT-инжиниринг» кафедрасы
«АЛГОРИТМДЕУ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛАУ НЕГІЗДЕРІ» пәні
3-зертханалық жұмыс.
ҚАРАПАЙЫМ ЦИКЛДАР МЕН ПРОГРАММАЛАР
Жұмыстың мақсаты: Программалауда жиі кездесетін қайталанатын алгоритмдердің программаларын құрастыруға және компьютерде орындауға машықтану.
Жұмысты орындау тәртібі:
1. Осы тақырыпқа байланысты теориялық мәліметтерді оқу.
2. Төменде келтірілген әдістемелік ұсыныстармен танысу.
3. Жаттығуларды компьютерде орындау.
4. Берілген тапсырмаларды орындап, компьютерде жүзеге асыру.
5. Жұмыс бойынша есеп дайындау.
Есептің құрамы:
1. Әрбір берілген тапсырманың қойылуы.
2. Тапсырманың программасының мәтіні (листингі).
3. Орындалған программаның нәтижесі.
4. Бақылау (тестік) сұрақтарға жауап.
Іс жүзінде кездесетін есептердің көпшілігі белгілі бір операциялардың жиынын қайталауға байланысты болады. Алгоритмнің қайталанатын бөлігі цикл деп аталады. Цикл концепциясы программалау ісінде аса маңызды деп саналады, себебі ол компьютерде қайталанатын есептерді шешуді автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Бұл дәрісте қайталау саны белгілі циклдық алгоритмдерге келтірілетін есептердің кейбіреулерінің мысалдары қарастырылады. Ондай алгоритмдерді жүзеге асыру үшін Python тілінің мүмкіншіліктері пайдаланылған.
10. Тізімнің элементтерін қарап шығу. Программалауда жиі кездесетін есептердің бірі – берілген тізімнің элементтерін қарап шығып, әрқайсысына амалдар қолдану. Мысалы,
Мысал 1. Келесі студенттердің аттарын шығару керек болсын:
students.py
students =[‘asel’,‘bolat’,’murat’,’damir’, ‘aijan’,’erjan’]
for student in students:
print(student)
Алдымен тізім анықталады. Цикл for тізімнен бірінші элементті алып, student деген айнымалы ретінде сақтайды. Осыдан кейін print сақталынған элементті экранға шығарады. Бұл амалдардың барлығы тізімнің кезектегі элементтері үшін орындалады. Соңғы элемент үшін орындалғаннан кейін, осының нәтижесінде келесі ақпарат алынады:
asel
bolat
murat
damir
aijan
erjan
Соңғы элемент алынғаннан кейін программаның келесі жолына өтетін болады.
Цикл for орындалғанда тізімнің әрбір элементіне әртүрлі амалдарды орындауға болады. Циклдың ішінде орындалатын амалдардың тізбегін оның денесі деп атайды. Цикл денесі көптеген жолдардан тұруы мүмкін. Цикл денесіне кіретін жолдар шегерілген болады. Осыған байланысты мысалдар қарастырылсын.
Мысал 2. Алдыңғы қарастырылған мысалға қосымша ретінде әрбір студент үшін белгілі бір ақпарат беру енгізілсін.
students.py
students =[‘asel’,‘bolat’,’murat’]
for student in students:
print(f”{ student.title()}, jumys jachsy oryndaldy”)
Мұнда әрбір студенттің атына қосымша мәлімет енгізілген. Осы фрагменттің компютерде орындалуын тексеретін болсақ, онда келесі мәлімет шығарылады:
Asel, jumys jachsy oryndaldy
Bolat, jumys jachsy oryndaldy
Murat, jumys jachsy oryndaldy
Цикл for
...