Интернет технологиясының негізгі түсініктері
Автор: Alinaaaak • Декабрь 3, 2020 • Реферат • 895 Слов (4 Страниц) • 764 Просмотры
10.Интернет технологиясының негізгі түсініктері.
Интернет (ағылшынша Inter-«арасында» және net - «желі, өрмек») әскери, үкіметтік, білім беретін, коммерциялык институттарды, сондайак жеке азаматтарды байланыстыратын, компьютерлік желілердің жиынтығын ұсынады. Интернет толығымен еркін қатысу аркылы ұйымдастырылады және Интернетті дамытумен айналысатын, әр түрлі зерттеу және кеңес беруші топтар үшін ұйымдастырушылық негізді ұсынатын, ISOC (Internet Society) деп аталатын, желінің пайдаланушылары атынан өкілдердің коғамдастығы аркылы баскарылады. Интернет желісінің (web-сервер нсмесе httpсервер) сервері деп Интернеттің жоғары жылдамдыктағы торапқа косылған, компьютерде орнатылған бағдарламалык-аппараттык кешенді атайды. Сервердің негізгі функциясы - клиенттік бағдарламалар, яғни браузерлер аркылы сұралатын, пайдаланушы компьютерде ақпаратты іздеу мен жіберу.
Хостинг (ағылшынша hosting) - желіде үнемі орналасқан, сервердегі ақпаратты физикалық тарату үшін дискілік кеңістікті ұсыну бойынша қызмет. Әдетте, хостингтің қызметіне пошталық хабарлар, мәліметтер қоры, DNS, файлдық қойма және т.б. үшін орынды ұсыну, сондай-ақ сәйкес ссрверлердің қызметін қолдау кіреді. Файлдарды жіберу протоколы (File Transfer Protocol, FTP) – бұл Интернет арқылы деректерді жіберулуін басқарады.
Браузер ноутбукте, телефон мен басқа қүрылғыларда орналасқан, және күжатты оқитын, Интернетте жұмыс істеуге арналған, сондай-ак серверге жүгінетін, HTML қүралдарымен беттейтін, алынған ақпаратты түсіндіретін және құжаттың кұрамын көрсететін клиенттік бағдарламаны ұсынады. Браузерлердің жүздеген түрлері бар. Олардың ішінде коп қолданылатыны Internet Explorer, Opera, Netscape Navigator, Mozilla Firefox және т.б.
Домендік атау- сайттың бірегей атауы, оны терген кезде пайдаланушы сайтқа жіберіледі. Пайдаланушылардың жайлылығы үшін Интернетте домендік атаулардың - DNS жүйесі (DNS (ағыл. Domain Name System -домендік атаулардың жүйесі) - домендер туралы ақпаратты алуға арналған жүйе құрылған. Көбінесе хосттың (компьютердің немесе кұрылғының) атауы бойынша ІР-адресті алу үшін, домендегі хатамалар (SRVжазба) үшін қызмет көрсетуші тораптар мен қызметтерді тасымалдау туралы ақпаратты алу үшін қолданылады. Домендік атаулар қызметі домендік атауды сандық IP-адреске түрлендіруді жүзеге асырады. Осындай түрлендіруді орындайтын компьютерлер DNS-серверлер деп аталады
Service DNS. DNS қызметі. DNS ерекшелігіне сәйкес, Интернеттің барлык виртуалды кеңістігі домендерге - бір немесе бірнеше арнайы компьютерлерді басқаратын логикалық аймақтарга болінеді. Домендік адрестердің иерархиясы аймактык, сондай-ак шаруашылық субъектісінің қызмет түріне де байланысты болуы мүмкін. DNS ең үлкен бірліктерін бірінші деңгейлі домендер деп атайды, олар төмендегі белгілер бойынша Интернеттің ғаламдық аумақтарын камтиды:.com, .biz - коммерциялық кәсіпорындар;.net - алғашқыда Интернет желісін қолдауға жауап беретін ұйымдарға меншіктелді, қазір коммерциялық шаруашылық субъектілері үшін қолданылады; .edu - білім беру мекемелері;.org - коммерциялык емес және қоғамдық ұйымдар; .gov - үкіметтік мекемелер; және т.б. - ISO стандарттары бойынша комитеттің қабылдаған елдеріне арналған қыскартулары. DNS иерархиясында төменгі сатыда бірінші деңгейдің домені тікелей байланысты болатын екінші деңгейлі домендер тұрады. Екінші деңгейдің домендері муниципалдық немесе коммерциялық ұйымдарға жатады (мысалы, webnavigator.kz). Екінші деңгейлі домен 22 символдан (әріптер, сандар және сызықша) ғана тұруы мүмкін. Сонымен катар, жүмыс істейтін домендік атауды қайта тіркеуге болмайды. Жогарыда тұрған доменнің құрамына кіретін үшінші деңгейлі домендер де бар (мысалы, шартты домен vasia.webnavigator.kz, petia.webnavigator.kz, nina.webnavigator.kz). 4-деңгейлі домендер 3-ші деңгейлі домендер сияқты принцип бойынша құрылады, тек атауы ғана көбірек ұзартылады. Мысалы, video.vasia.webnavigator.kz және т.с.с.
URL адресі өзіне біріктіреді: • ресурсқа кол жеткізу әдісі, яғни рұқсат хаттамасы (http, gopher, WAIS, ftp, file, telnet және т.б.) • ресурстың желілік адресі (хост-машина мен доменнің атауы) • сервердегі файлға апаратын толық жол.
Web-технологиялар - Интернет желісін қолдану арқылы пайдаланушылардың біріккен қызметін ұйымдастыру мәселелерін шешудің техникалық, коммуникациялык, бағдарламалык әдістерінің кешені. Гипермәтіндік Web ресурстары желісігің негізгі хаттамасы - HTTP хаттамасы болып табылады. HTTP (Hyper Text Transfer Protocol ) – гипермәтінді жіберуге арналған қолданбалы деңгейдің хаттамасы
...