Ақпарат
Автор: Kudaibergen03 • Октябрь 9, 2020 • Реферат • 2,406 Слов (10 Страниц) • 672 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
Инженерлік және сандық технологиялар факультеті
«Ақпарттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Ақпарат»
Орандаған : ВТиПО-20К Оралов Құдайберген
Тексерген: аға оқытушы Касимов И.Р.
Петропавл қаласы, 2020 жыл
Мазмұны
І. Кіріспе.
Ақпарат туралы түсінік_____________________________________________2
ІІ. Негізгі бөлім.
Ақпарат теориясы__________________________________________________3
Ақпаратты өлшеу. Өлшем бірліктер___________________________________4
Ақпараттық қоғам қалыптастырудың критерийлері______________________7
Ақпараттың негізгі қасиеттері________________________________________8
ІІІ. Қорытынды
I.Кіріспе. Ақпарат туралы түсінік
Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін "informatio" сөзінен шыққан. Бұл терминнің кең тарағанына қарамастан, ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпарат түсінігінің дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдайларда ол интуициялық болып келеді және оған адам әрекетінің әр түрлі салаларында әр түрлі мағына беріледі. Ақпараттың анықтамаларының көп болуы - бұл түсініктің мағынасын түсіндірудің күрделілігімен, ерекшелігімен және көп түрлілігімен байланысты. Қазіргі кезде ақпарат түсінігін айқындаудың кең таралған үш теориялық жолы бар. Олардың әрқайсысы оның мағынасын өзінше түсіндіреді. Біздің өмірімізде ақпарттың бірнеше түрі кездеседі және біз әр түрлі нысандардан аламыз. Олардың ішіне мысалы; теледидар, газет-журналдар, түрлі гаджеттер, кітаптар, радио, сонымен қатар, түрлі қоғамдық орындарда (музей, саябақ, демалыс орындары, сауда орындары, қоғамдық көліктерде т.б). Күнделікті тұрмыста адам үшін ақпарат дегеніміз бір нәрседен хабардар болу дегенді білдіреді. Алайда, ескере кететін жайт кез келген хабар біз үшін ақпарат бола алмайды. Ақпарат қандай болуы керек? Ең алдымен алынған ақпарат біз естімеген, көрмеген, естімеген болуы керек. Егер ақпарат бізге бұрын соңды таныс емес болып, ол жайында біздің ешқандай біліміміз болмаса, ол ақпарат бізге қызықсыз болады. Мысал келтірсек; «Каузалды схема-әлеуметтік қабылдауда талдау, себептілік принциптерін белгілеу үшін қолданылатын ұғым» бұл ұғым әлеуметтік психологиядан алынған. Біз бұл ақпаратты алғаш рет кездестірсек те, ол бізге қызық емес. Себебі, біз ол терминдерді түсінбейміз және ол жайында ешқандай біліміміз жоқ. Сонымен, хабар бізге ақпарат болуы үшін, жаңа, түсінікті және мағыналы болуы қажет. Алайда, дәл қазір мен айтқалы тұрған ақпарат техникалық ақпарат жайында.
Ақпарат теориясы
Ақпарат теориясы-математиканың ақпартты сақтау, түрлендіру және тасымалдау әдістерін зерттейтін бөлімі, кибернетиканың маңызды саласы.
Бірінші теория (К. Шенон) сандық-ақпараттық тұрғыдан тұрғыдан қарастырады да, ақпаратты оқиғаның анықталмағандығының (энтропияның) өлшемі ретінде айқындайды. Ақпарат көлемі, қандай жағдайда болмасын, оны алу ықтималдылығына тәуелді: хабар неғұрлым ықтимал болып табылса, оның ақпараты соғұрлым аз болады. Бұл теория ақпараттың мағыналық жағын ескермесе де, хабарды оңтайлы кодтау мен ақпаратты өлшеуге негіз болды да, байланыс техникасы мен есептеуіш техникасында өте пайдалы болып шықты. Бұдан басқа, ол ақпараттың жаңалығы, хабардың жеделдігі сияқты маңызды қасиеттерін көрсету үші өте қолайлы Ақпаратты осы тұрғыдан түсінгенде - бұл анықталмағандықтың алынуы немесе мүмкін баламалар жинағынан таңдап алу нәтижесі. Ақпарат – қарастырылатын жүйе қалпы. Хабар – заттанған ақпарат. Ақпарат жіберушіден қабылдаушыға бағытталған хабардың сапасы болып табылады. Ақпарат әрқашан бірнәрсе (параметр өлшемі, оқиғаның болғаны, т.б.) туралы. Осылай қарастырылған ақпарат мағынасы ұқыпты болуы шарт емес. Ол ақиқат немесе жалған, тіпті сүюдің дауысы болуы мүмкін. Тіпті үзілісті шудың байланыс арнасын толтыруы, түсініспеушілік әкелу мүмкіндігі осы мағынасы бойынша ақпарат болып есептеледі. Дегенмен, жалпы айтсақ, ақпарат мөлшері көбейген сайын хабар дәлірек болады. Бұл модель белгілі жіберуші және кем дегенде бір қабылдаушы бар деп есептейді. Осы модельдың көптеген толықтырмаларында жіберуші мен кем дегенде бір қабылдаушының ортақ тілі барын жорамалдайды. Ақпараттың өзгеше маңызды анықтамасы оны қабылдаушы түсінетіндей жіберушіден шыққан хабар деп анықтайды. Бірақ, белгілi жіберуші болуын талап ететін “ақпарат - хат” моделі ақпараттың қоршаған ортадан, байқау, өлшеу, т.б. арқылы, алынатын нәрсе болуы мүмкіндігіне мән бермейді. Ақпарат ұғым ретінде контекстіне байланысты көптеген мағына білдіреді, дегенмен ол әдетте мағына, білім, тапсырма, байланыс, бейнелеу, сезіну дегендермен тығыз байланысты. Қысқа қайырғанда, қабылданған және түснікті хабар. Дерек хақында айтылса, ақпарат деп әлдебір түйін жасауға болатындай ақиқаттар жиынтығын қарастыруға болады. Оқу, тәжірибе немесе тапсырмалар арқылы ақпарат алынатындықтан, оның т.б. түсініктемелері болуы мүмкін. Қалай болғанда да ақпарат деректерді өңдеу, реттеу және оларды қабылдаушыға жаңа білім болатындай ұйымдастыру нәтижесі болып табылады. Байланыс теориясы нәтиженің (шығыстың) анықсыздығының сандық өлшемі болып табылады. Мысалға, “мыңдаған биттерден тұратын ақпарат” деп айта аламыз.
...