Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақпараты бейнелеуде аудио-визуалды құралдарды қолдану

Автор:   •  Октябрь 21, 2020  •  Доклад  •  1,153 Слов (5 Страниц)  •  417 Просмотры

Страница 1 из 5

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ

 АБАЙ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

КАСЕНОВА АЙША АМАНГЕЛЬДЫЕВНА

АҚПАРАТТЫ БЕЙНЕЛЕУДЕ АУДИО-ВИЗУАЛДЫ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ

Өзектілігі. Информатика курсының білім беру жүйесіндегі орны ақпараттық орта мен қоғам мүшелерінің жаңа информациялық технологияларды кең қолдануға байланысты маңызды болып есептеледі және оның мазмұны үнемі жаңарып отырады.

Білім беруді автоматизациялау формасында қол жетімді болып табылатын аудио-визуалды құралдарды қолдануда ақпаратты сипаттау, яғни білім беруде компьютерлік мультимедиялық электронды оқу құралды қолдану.

Ақпараттың аудио-визуалды амалдарын сипатау информатикада білім берудің ажырамас бөлігі болып табылады: сол және басқа ақпаратты көптік графика түрлерін ұсынуға болады. Олар бізге оқу пәндерін тереңірек талдауға, оқуды қабылдауды түрлендіруге, оқушыларды  оқу қызметінің бір түрінен екінші түріне ауысуларына, бір қатысушылардың қызметтін белсенді түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, қатысушылардың назарын және оқытылып отырған сұрақтарға қызығушылығын дамытуға, пайда болған қиыншылықтарды жігерлікпен жеңіп шығуға ықпалын тигізеді.

Аудио-визуалды амалдардың ақпаратты сипаттауы және оларды оқу процессінде қолдану, психологиялық-педагогикалық аспектілерінің пайда болуы.

Көрнекілік принциптерінің мәні

Оқу процессі – адам баласының қызметінің негізі болып табылады. Бұл ерекше әлеуметті- педагогикалық жүйе, ал принцип деп аталатын барлық жүйе белгілі бір ережеге сүйенеді. Дидактикалық принциптер амалдарды таңдауда және білім беру формасында білім беру мазмұнында анықтаушы болып табылады және т.б.

Оқытудың прициптері ол – тарихи және бір мезгілде әлеуметтік категория болып табылады. Олар қоғамның дамуының тарихи ерекшеліктері негізінде тәуелділікке, ондағы ғылыммен мәдениеттің даму дәрежесі жетіледі.

Оқу процессінде барлық дидактикалық принциптер тығыз байланысады және кейде олардың қайсысы білім беру негізінде жатқанын нақты анықтау мүмкін емес. Алайда, олар білім беруді мынадай амалдармен іске асырылады. Оқу процессінде жеке элементтерінің спецификалық байланыс және өзара келісуі, келесілерді қолдану барысында іске асады: білім алушылардың саналы түрде белсенділігі; білім алудың көрнекілігі; жүйелік және желілік; оқытудың қол жетімділігі; білімді меңгерудің беріктілігі, іскерлікпен дағды; ғылыми оқыту; оқытудың өмірмен байланысы ; білім алушының жеке тұрғысы [10].

Қол жетімділік  принципі амалдармен білім алушылардың жас мөлшеріне байланысты оқытудың форма мазмұнына сәйкес келе қорытындылады. Алайда, қатысушылардың ақыл-ойының күшінсіз айналып өтуге, оқытудың қол жетімділік оңайлықпен ауыспауы керек.

Басқа принциптерден ғылым принципінің айырмашылығы, ол ғылымның өзі адам өмірінде маңызды болмағандықтан, көп уақыт ішінде ұйымдық оқытуда қажетті  рөль атқармады. Сол себепті, бұл принцип ерекшеленбейді.  Алдағы уақытта, адамзаттың тәжірибелік қызметін  оқытуда рөлін өсіру қоғамдық өндірісте, әдеттеге күнделікті  қоршаған ортаның  құбылысына  түсінік берумен қатар, оның ғылыми түсінігі қажет. Сонымен қатар, осыдан кейін оқыту жүйесімен ғылым принциптеріне кіріспе жайында сұрақтар орын алды.

Информатика курсында ақпаратты бейнелеудің аудио-визуалды құралдарды пайдалану арқылы көрнекілік принципті асырудың психологиялық-педагогикалық негіздемесі

Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдардағы экономикадағы және әлеуметтік жағдайлардағы оң өзгерістермен едәуір жетістіктер елімздің білім беру жүйесін жетілдіруді, информатика пәнін оқытуда компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін толық, әрі тиімді пайдаланып, сабақтың сапасын көтеруді талап етуде. Қазіргі нарықтық экономика, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену адамзат баласының білімді тереңірек меңгеруіне, алған теориялық білімдерін күнделікті тұрмыста, қызметте, өмірде дұрыс қолдана алуына ерекше назар аудару керек екендігін мойындатып отыр. Қазіргі жас шәкірттер Тәуелсіз Қазақстанның ғылымы мен техникасының даму деңгейі тікелей «Информатика» пәніне байланысты, әрі қатысты екендігін әсте ұмытпағаны абзал. Әрбір мектеп оқушысы келешек мамандық таңдаған кезде де ғылымдағы информатиканың орнын, оның ролін айқын түсініп, мектепте оқып жүріп, информатикалық біліммен қарулануы тиіс. Қазіргі уақытта оқу орындарының түр-түрі өте көп. Атап айтқанда, колледж, лицей, гимназия, жеке меншік мектептер және т.б. Бұл білім ордаларында информатикаға, оны оқыту әдістемесіне де ерекше мән берілуде.

...

Скачать:   txt (18.1 Kb)   pdf (113.3 Kb)   docx (14.7 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club