Білім шыңына сапар
Автор: doni2013 • Январь 14, 2018 • Практическая работа • 1,065 Слов (5 Страниц) • 1,016 Просмотры
Тақырыбы: Білім шыңына сапар
Мақсаты: жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін
байқау, алғыр, білімді оқушыларды анықтай отырып, пәндердің өзіндік ерекшеліктерін, қасиеттерін білуге үйрету. Оқушылардың белсенділігін дамыту,ой-өрісін кеңейтуге дағдыландыру, ойынға қабілетін қалыптастыру, сөйлеу мәнеріне үйрету, ойларын бір жүйеге келтіріп өз пікірлерін айта білуіне көмектесу. тез ойлай білуге, шапшаңдыққа, көпшілік алдында өз ойын еркін айта білуге тәрбиелеу;
Оқушылардың танымдық, интеллектуалдық өй-өрісін кеңейту.Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру;
Көрнекілігі: слайд, қажетті құрал жабдықтар
Түрі: Білім сайысы
Қатысушылар: 9-10-11 сынып оқушылары
Барысы:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қадірлі көрермендер!
Сөз бастайын термелейтін өлеңмен.
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан
Өс, өркенде, қанат жайып кемелден.
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» Ш.Уәлиханов
Математика – жаратылыстану әдіс бірлестігінде өтіп жатқан «Жаратылыстану әлемінде» атты онкүндіктің 8-күнгі жұмысы «Білім шыңына сапар» атты білім сайысын тамашалауға қош келіпсіздер! Сайыс сабағымыз 3 топтың арасында өтпекші. Ендеше сайыстың бөлімдерімен таныс болыңыздар.
Сайыс кезеңдері:
1.« Сәлем - сөздің анасы » топтық таныстыру.
2.« Өткел » кезеңі (пәндерден сұрақтар)
3. «Белес» кезеңі (Есептер шығару )
4. «Бекет» кезеңі (берілген мақал- мәтелді суретпен түсіндіру)
5. «Асу» (формула және суреттер)
6. Биік шыңды бағындыр ( капитандар сайысы)
7. Қорытынды
Осы сайыс кезеңдері бойынша сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысамыз.
1.Математика жаратылыстану әдіс бірлестігінің жетекшісі: Шошанова А
2. Физика пәнінің мұғалімі: Нурмаганбетова Б
3. Биология пәнінің мұғалімі: Қалмағанбетова А
Кезек келіп, өжеттеніп, сөз аппын.
Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн!
Тегіміз бір-батырақ та,бай да емес,
Емеспіз бе, азаматы қазақтың!-демекші
Мұнда әрбір команда өздерін таныстырып, әділ қазыларға, көрермендерге және қарсыластарына сәлем береді. Ал енді сөз кезегін ойыншыларымызға берейік.
Топтар өздерін таныстырады.
«Өткел» кезеңін бастаймыз әр топқа 15 сұрақтан қойылады. Дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі.
І топқа:
Беринг бұғазы қандай мұхиттарды қосып тұр? (Тынық мұхиты пен солтүстік мұзды мұхиты)
элементтің бірнеше жай зат түзу қасиетті не деп аталады? (аллотропия)
Электр шамдарының жіңішке сымдары қандай металдан жасалады? ( вольфрам)
Темекі құрамына кіретін улы зат (никотин)
Жүре келе пайда болатын рефлекс (Шартты)
Ең алғашқы әйел математик (С.В.Ковалевская)
Глобус қандай геометриялық денені бейнелейді? (шар)
Герон формуласы қай фигураның ауданын табу үшін қолданылады? (үшбұрыш)
Жердің өз орбитасы арқылы, қозғалысының салдарынан қандай құбылыс байқалады? (күн мен түннің ауысуы)
Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты қанша өзен бар? (85 мың)
Пифагор теоремасы қай үшбұрыш үшін қолданылады? (тікбұрышты үшбұрыш)
11. Көру аймағы мидың қай бөлігінде орналасқан? (самай)
12. Кез келген заттың бір молінде қанша молекула саны болады (6,02 * 1023)
13. 360 санын 10 есе кеміт (36)
14. Арақашықтыққа байланысты пайда болатын энергия (потенциялдық)
15. «Жарық әкелуші» элемент (фосфор)
ІІ. топқа
- Жарық жылдамдығы неге тең? (3*108 м/с)
- Дүние жүзіндегі ең үлкен қорық қай жерде орналасқан? (Африкада)
- Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл (иод)
- Орта сызығы табандарының қосындысының жартысына тең болады? (трапеция)
- Экватор сызығы қай өзенді екі рет кесіп өтеді? (Конго)
- Көп пәтерлі үйде 201 адам тұрады. 3 адам бір ағаштан өсіргенде үй жанында қанша ағаш өсіріледі? (67 ағаш)
- Бақаның дернәсілі (итбалық)
- Кариб теңізі қай мұхиттың бөлігіне кіреді? (Атлант мұхитына)
- Күкірттің ең жоғары тотығу дәрежесі нешеге тең? (+6)
- Эвоюциялық ілімнің негізін салған ғалым. (Ч.Дарвин)
- Сома жасушаларының бөлінуі қалай аталады? (Митоз)
- Бейметалдардың жалпы саны (22)
- 25% — санның қандай бөлігі? (1/4)
- Барлық бөліктері бір- бірімен байланысқан, тұрақты өзін- өзі зерттеуші экологиялық жүйе? (Биогеоценоз
- Калий қандай металл? (сілтілік металл)
ІІІ. Топқа
- Екі элементтен тұратын оның біреуі оттек болып келетін қосылыс . (Оксидтер)
- Бақаның жүрегі неше бөліктен тұрады? (3 бөліктен)
- Оттектің салыстырмалы молекулалық массасы (32)
- Ең терең көл (Байкал көлі)
- Ұйқы қандай гормон бөледі? (инсулин)
- Суда еритін негіздер қалай аталады? (сілтілер)
- Дүниежүзіндегі ең үлкен шөлейтті жер. (Сахара)
- Қай елдің географиялық орыны өте ұзын және жіңішке (Чили)
- Тромбоцит қандай қызмет атқарады? (қанды ұйыту)
- Жасушаны зерттейтін ғылым. (Цитология)
- 11 минутта неше секунд бар? (660)
- «Қызыл кітапқа» енген Грейг қызғалдағы қай қорықтың эмблемасы болып табылады? ( Ақсу жабағылы)
- Планиметрия нені зерттейді? (жазықтықта геометриялық фигуралардың қасиеттерін зерттейді)
- Химия өнеркәсібі жақсы дамыған ел (германия)
- Әртүрлі заттардың бөлшектерінің бір-біріне өтіп таралуы (диффузия)
Сайысымыздың келесі кезеңі «Белес» деп аталады. Бұл кезеңде әр топқа түрлі тақырыпта есептер беріледі. Дұрыс есепке 10ұпайдан беріледі.
- Х2-6x+8=0 квадрат теңдеуінің шешімін тап. (4;2)
- 3,6,9... Арифметрикалық прогрессияның 20 мүшесінің қосындысын тап 630
- Есепте: 2cos00+3sin900+tg450=2+3+1=6
- 6, 12, 24,… Геометриялық прогрессиясының , S4 -ді есептеніз;
- Теңсіздікті шеш.3⋅x+2 ≥ 8
- Теңдеулер жүйесін шеш. 2х+3у=12
-х+3у=3 жауабы: (3;2)
...