Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақиқат және жалған пікірлерді құру. Табиғат аясында демалу мәдениеті

Автор:   •  Декабрь 23, 2023  •  Лекция  •  401 Слов (2 Страниц)  •  169 Просмотры

Страница 1 из 2

Математика 3 сынып

Тақырып: Ақиқат және жалған пікірлерді құру. Табиғат аясында демалу мәдениеті 

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Тұжырымдардың ақиқаттығын немесе жалғандығын анықтау, ақиқат немесе жалған тұжырымдар құру.

Жоспар:

  1. Пікір сөйлемдер жайлы түсінік
  2. Ақиқат және жалған пікірлер

1.Пікір сөйлемдер жайлы түсінік

Сөйлем деген мағынасы бойынша байланысып, аяқталған ойды білдіретін бірнеше сөздер жиынтығы. Математиканың  да сөйлемдерге қатысы бар. Бірақ біз сұраулы жəне лепті сөйлемдер туралы айтпаймыз. Бізді хабарлы сөйлемдер қызықтыратын болады жəне мұндай сөйлемдерді біз пікір деп атаймыз. Мысалы, «Бүгін сейсенбі», «Мен жеті жастамын».  

Сөйлем интонациясына, айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлем болып төртке бөлінеді. Белгілі бір оқиға, құбылыс, іс-әрекет туралы хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем хабарлы сөйлем деп аталады. Хабарлы сөйлемге тән негізгі белгілер: 

  1. хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылады;
  2. белгілі бір шаққа қатысты болады (өткен шақ, осы шақ, келер шақ);
  3. айтушының іс-әрекетке көзқарасын, ой-пікірін білдіреді;
  4. хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліп, соңына қарай бәсеңдейді;
  5. хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады.

Берілген анықтамаға қарап, мына сөйлемдердің қайсысы пікір болып табылады деп ойлайсыздар?

  1. Қандай шуақты күн!
  2. 102 мен 4 сандарының көбейтіндісі 408- ге тең.
  3. Сіз табиғат аясында демалғанды ұнатасыз ба?
  4. 8-жұп сан.
  5. Ай - Жердің серігі.
  6. 3 және 5 сандарының қосындысы 8-ге тең.
  7. Сіз театрға бардыңыз ба?
  8. Өтінемін, маған кітапты алып беріңізші!

Бұл сөйлемдердің ішінде тек хабарлы сөйлемдер пікір сөйлемдер болып саналады. Яғни, екінші, төртінші, бесінші және алтыншы сөйлемдер пікір сөйлемдерге жатады. Осы пікір сөйлемдер ақиқат немесе жалған пікір болулары мүмкін.

...

Скачать:   txt (5.7 Kb)   pdf (76.8 Kb)   docx (9.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club