Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Macromedia Flash ортасында жұмыс

Автор:   •  Март 23, 2019  •  Реферат  •  8,354 Слов (34 Страниц)  •  840 Просмотры

Страница 1 из 34

Түсінік хат

Бұл бағдарлама жаратылыстану-математикалық бағыттағы   10-сыныптарға информатика пәнінен таңдау курс оқытуға арналған. Графикамен жұмыс жасау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттау.

 «Macromedia Flash ортасында жұмыс» тақырыбындағы курс оқушыларға Macromedia Flash бағдарламасын , олардың қолданылуын анықтауға көмектеседі және анимациямен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыруға көп көңіл бөлінген.

Анимациялық бағдарламаны пайдалану арқылы сурет салу және көркемдеу, безендіру жұмыстарын орындауда оқушы анимациямен жұмыс жасау және программаның көмегімен құрылатын күрделі иллюстрациялардың маңызы жайлы түсінік алады.

Macromedia Flash бағдарламасында кез келген тапсырманы орындауға арнайы құрал-жабдықтары жәрдемдеседі. Осы құрал-жабдықтарды қолдану жолдарын үйренеді.

Курстың негізгі мақсаты: 

        Macromedia Flash MX- Macromedia компаниясы өңдеген WEB-сайттар мен презентацияларды құруға бағытталған  интерактивті анимацияны құратын интегралданған орта. Векторлық графикаға бағытталған flash-бағдарламасының негізгі өңдеу құралы мультимедияның барлық негізгі элементтерін: қозғалыс , дыбыс және объектілердің интерактивтілігін пайдалануды қамтамасыз етеді.

Курстың негізгі міндеттері:

        Бағдарламаны үйрету арқылы оқушылардың танымдық, біліктілік қабілеттерін дамыту;

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, кәсіби бағдар беру.

Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын дамыта отырып, кәсіби маман болып қалыптасуына ықпал жасау;

Алдыға қойылған мақсат нәтижеге бағытталуы қажет.

Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауға дағдысын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

        Оқушылар қабілетіне қарай мемлекеттік стандартқа сай сапалы білім алады.

Проблеманы көре алатын және оны шеше алатын, барлық ақпарат түрлерімен жұмыс істеп, алған білімдерін өмірде кездескен нақты жағдайда пайдалана алатын тұлға қалыптасады.

Оқу үрдісінде репродуктивтік, эвристикалық және зерттеушілік тапсырмаларды қолдану оқушылардың белсенділігін арттыру.

Өз заманына сай білімді, іскер, шығармашыл,  жан-жақты дамыған, терең білімді шығармашыл тұлға қалыптастыру.

Оқушыларға қойылатын талаптар:

Білу: «Macromedia Flash ортасында жұмыс» тарауын толық  меңгеріп, бейнелерді анимациялаудағы  жұмыс жасау жолдарын, олардың маңызын, қасиетін, қолданылуын, графика  ұғымын сараптай, Macromedia Flash бағдарламаcын терең зерттеп, олардың күрделі командаларын орындай біледі ;

Үйрену:  Компьютерге сараптама және шығармашылықпен жұмыс жасауды, анимациялық бағдарламалармен жұмыс жасау кезінде құрал-саймандардың қызметін  біледі.

Түсіндіру: Macromedia Flash бағдарламаcын.

Қолдана білу:  Курстан алған білім мен білікті кәсіби бағдар алуда, күнделікті өмірде.

Пәнаралық кіріктіру:  Математика, информатика.

Сабақтың жиілігі: 34 сағат

Оқушыларды бақылау және бағалау әдісі:

-Практикалық жұмыс

Аптасына 1 сағат, барлығы – 34 сағат

Бағдарлама – 2 тараудан тұрады

Кіріспе  (1 сағат)

“Macromedia  Flash – ортасында векторлық графика мен жұмыс”

І- тарау. Macromedia  Flash  - бағдарламасымен танысу

(11 сағат)

ІІ- тарау. Практикалық бөлім

(23  сағат)

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Компьютерлік графика оқулығы. Алматы 2007 120 б. авторы: А. Е. Сағымбаева 30 сабақ “Жаңа информациялық технологиялар” (8 сабақ, 111 бет )
2. Информатика негіздері журналы. 2006 № 6
3. 8 сынып информатика оқулығы. Автор: Е. В. Шевчук, Н. С. Кольева
4. Информатика негіздері журналы. 2008 № 2
5. Информатика негіздері журналы. 2009 № 2
6. Компьютерлік графика оқулығы. Алматы 2007 120 б. авторы: А. Е. Сағымбаева
7. 30 сабақ “Жаңа информациялық технологиялар” (8 сабақ, 111 бет )
8. Литтлджон Бинджер. “Macromedia Flash MX 2004”, 2004, издательство “ BHV.
9. Р. Гардиан. “Мультимедия и коммуникация”, 1998 г., Киев, “КГУ-Диалог-Наука”.
10. Олифер В.Г., Олифер Н.А., «Macromedia Flash 6» — Издательство «Питер» 2000 г.
11. Шафрин Ю. А., Основы компьютерной технологии. – М. АБФ.1997 г.
12. Журналы «Компьютера» за 1999-2000 г.г.
13. HTML: справочник. Под ред. Ю.Колесникова. — СПб: Питер, 2000

...

Скачать:   txt (114 Kb)   pdf (679.3 Kb)   docx (1.2 Mb)  
Продолжить читать еще 33 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club