Экология жағдайы маңғыстау облысына экологиялық апатын алдын алу
Автор: Just Sad Listener • Июль 2, 2023 • Доклад • 636 Слов (3 Страниц) • 183 Просмотры
Маңғыстау облысындағы қуаңшылық апатты салдарға әкеліп соқтырды және бірінші кезекте жүздеген үй жануарларының аштан қалуынан байқалды. Соңғы жылдары Маңғыстау облысында құрғақшылық күшейіп, бұл шаруа қожалықтарына қатты әсер етіп жатыр. Жауын-шашының болмауы, тасымалданатын азықтың жетіспеуі, аймақтағы аптап ыстық малға күтім жасауға кері әсерін тигізіп отыр.Қыста қар түспесе, көктемде тамшы тамбаса, малдың шөптен тарығатынын ескертіп ғана қоймай, біздегі су тапшылығы, жалпы климаттық өзгерістерді ескерсек, мәселе тереңдей береді. Шөлейтті белдеуде орналасқан Маңғыстау облысындағы ахуал тіптен күрделеніп барады. Шілденің шіліңгір ыстығында шөп таппаған мал жапан далада аштан қырылып жатқан. Биыл елдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға, экологиялық ахуал қосылып, өңірді қуаңшылық қысты. Қуаңшылыққа қарсы Маңғыстау облысына көгалдандыру процесін жүргізу қажет.
Біздің идеямыз соған арнайы жасанды жаңбыр технологиясы ұсынамыз. Ол жаңбыр орнату құрылғысымен қоршаған ортаға, адам мен жануарлар денсаулығына, байланыс құралдарына еш зияны да, әсері де жоқ және экологияға ешқандай қауіп төндірмейді. Қоршаған ортаның әртүрлі беттерінде ылғалдың әсер ету нәтижесінде анықталған иондарды дисперсиялау арқылы, одан кейін буланған ылғал Каспий теңізінен Маңғыстаудың терең аймақтарына тасымалданады. Қандай жағдайда қауіп болады деген сұрақтар туындаса, біз соны түсіндіріп жеткізейік. Бұл технологияны азаматтық мақсатта пайдаланамыз деп айтып отырғанымыз бекер емес. Егер осы аналогтағы технология үлкен қуатпен жұмыс жасайтын болса, аномалиялық жауын болуы мүмкін, оның салдары белгілі. Сондықтан біздің қолданғалы отырған технология аз қуатпен жұмыс жасайды. Бұл халық үшін жұмыс істейтін технология. Сондықтан баяу эффект беретін түрінде жұмыс атқарады. Қалыптасқан бұлттар қажет жерге қойылады және жауын-шашын процесін жүргізеді. Мысалға Маңғыстау облысындағы Қызан ауылды мекенінде қуаңшылық апаты жоғары деңгейге шығып тұрған жерде біз жасаған құрылғымызды сол жақтан орнатып және оны іске қосып, өз жұмысын атқарады. Қондырғының қуатын арттыруға болады, бірақ бұл ғасырлар бойы қалыптасқан экожүйе үшін қауіпті. Сондықтан жобамызды мұқият жалғастыруымыз қажет. Ол әртүрлі зарядталған бөлшектері бар даулы иондарды қарастырғанда күрделірек және үлкенірек молекулалар жинақталады. Демек, жағында қатты суыған су буымен әрекеттесіп, будың сұйық күйге, яғни белсенді суға өтуі басталатын энергияның көп мөлшері болады.Бұлт түзе алмайтын биіктікте жиналып жатады.
Жаңбыр шақыру технологияның тиімділігіне күмән келтірмейді. Атап айтқанда, оны пайдалану жүзеге асыруға тиімді әсер етеді, өйткені аймақтағы массивтің массасын арттыру технологиясы температураны төмендетуі мүмкін, ал бұлттар табиғат құбылыстарынан болады. Жаңбыр орнатқыш – Маңғыстау облысының аумағын жауып тұрған бұлттардан барынша пайда алуға мүмкіндік беретін Clear Sky Manager технологиясы бойынша жұмыс істейтін, бекітілген сымдары бар. Бірақ. Жобамыздың жасалуына екі мәселе бар. Дегенменде оны орнату және жұмысын жүргізу қызметін оңайлықпен келмейді. Қондырғыларды іске асыру үшін билік рұқсатымен қондыру және қондырғының жылдық қаражатымен қызмет көрсету қажет. Билік бастықтарынан қондыруға рұқсат сұрау қиын мәселе емес. Бірақ бұл жай әкімдік арасында немесе кез келген шаруамен келісіп шешілетін мәселе емес. Соңғы шешім мемлекет билігі тарапынан болуы керек. Себебі, бұл - ауқымды мәселе. Оны тек бір өңірмен ғана емес, жалпы мемлекетпен ынтымақтасып, олардың қадағалауымен, қолдауымен іске асыру қажет.Екіншісі қаражат мәселесі. Clear Sky Manager климат технологиясы бес стационар қондырғыдан тұрады. Технологиялық қызметтердің жылдық құны Қазақстан үшін 5 миллион еуроны құрайды. Оның құны 5 млн еуроға бағаланды. Оның 3,8 млн еуросын Central Asian Center of Climate Change Technologies компаниясы, 1,2 млн еуросын «Грант Қазақстан» корпоратив қоры қаржыландырады. Мұнда Маңғыстау облысының әкімшілігі- тек бақылаушы орган. Облыс бюджетінен қаржы бөлінбейді. Олар технологияның экологияға тиімділігін, қоршаған ортаға әсерін тексереді. Бұл сомаға жыл бойы аумақты күтіп ұстау, халықаралық төлемдер, логистика және т.б. кіреді.
...