С++ тарихы
Автор: Аида Әзи • Октябрь 2, 2021 • Реферат • 834 Слов (4 Страниц) • 321 Просмотры
[pic 1]
Программалау
Тақырыбы: С++ тарихы
- С++ тарихына жалпы шолу
- С++ программалау тілінің құрылу тарихы
- Стандарттар тарихы
Орындаған: Әзи Аида
Топ: Мок 201
Тексерген:Текесбаева Н.А.
Алматы
2021
С++ тарихына жалпы шолу
С+ тілі жүйелік программалау тілі,бұл тілді компиляторлар мен операциялық жүйелерді жазуға және қолданбалы программаларды жазуға қолданылады. С тілінің негізгі идеяларының көпшілігі ВСРL тілінен алынған.
Ең алдымен 1960 жылы Algol тілі пайда болған. Содан кейін CPL-(біріктірілген программалау тілі) 1963 жылы жазылған. Осы тілдер негізінде іргелендіру арқылы Мартин Ричардс BSPL(базалық біріккен программалау тілі ) тілін 1967 жылы дүниеге әкелген. Артынша 1970 жылы Кен Томпсон В тілін ойластырған. Алғашқы Си тілі 1972 жылы Bell laboratiories лабораториясында жазылған және оның авторы- Деннис М.Ритчи. 1983 жылы ANSI (Америка ұлттық стандарттау институты) институты Си тілін стандарттау мақсатын қойды. Себебі, Кен Томпсон В тілін жазып бітіргенде PDP-11 компьютері пайда болған. Сондықтан UNIX операциялық жүйесін және В тілінің компиляторын жаңа машинаға сәйкестендіріп жөнген. Бұл PDP-11компьютерінің оперативті жадысының көлемі -24 Кб, мұның 16Кб орыны операциялық жүйеге қолданылған. Сонымен қатар, дискідегі орыны-512 Кб болған. UNIX-ті В тілінде қайта жазу идеясы туындаған. Бірақ В тілі жәй жұмыс жасаған және В сөздермен жұмыс жасауға бағытталған. Жалпы BSPL және В тілдері- типсіз тілдерге жатады. Сондықтан В тілінің өзін жетілдіру қажеттілігі туындаған. Ізінше 1971 жылы жаңа версиясын- Си тілін жаза бастаған. Деннис Ритчи тілдің нақты бір құрылғыдан тәуелсіздігін қарастырады.
Деннис Ритчи жүйелік программалау саласында мойындалған ең ірі маман саналады.
Жалпы Си тілінің даму жолына қарасақ:
- Алгол-60 1960-жылдың басында халықаралық комитет басып шығарды
- CRL (Combined Programming Language) Кембриджде және Лондон университетінде 1960 ж.қатарласа жасалды.
- BCPL (Basic Combined Programming Language) Кембриджде Мартин Ричардс 1967 ж. жасап шығарды.
- В Bell Labs қызметкері Кен Томпсон 1970 жылы жасады
- С Bell Labs қызметкері Дэннис Ритчи 1972 жылы жасады
- Сонымен,1983 жылы С++ тілінің стандартын жасау мақсатында (ANSI C) Америка Ұлттық стандарттар институты (ANSI) құрылды.
С++ программалау тілінің құрылу тарихы
C ++ программалау тілін 1980 жылдардың басында Bell Laboratories қызметкері Бьорн Строструп жасаған.
[pic 2]
Ол C бағдарламалау тілін жеке қолдану үшін бірнеше жетілдірулер ойлап тапты. Яғни, бастапқыда C ++ программалау тілін құру жоспарланбаған. Сыныптары бар C деп аталатын C ++ тілінің алғашқы нұсқалары 1980 жылдары пайда бола бастады. C, Bell компьютерлері жұмыс істейтін UNIX жүйесінің негізгі тілі-жылдам, мүмкіндіктерге бай және портативті. Stroustrup оған сыныптармен және объектілермен жұмыс істеу қабілетін қосты, осылайша С синтаксисіне негізделген жаңа программалау тілінің алғышарттарын берді. C ++ синтаксисі C синтаксисіне негізделген.
...