Мәліметтер қорының кестелерін құру
Автор: Anelya-55 • Январь 6, 2018 • Курсовая работа • 5,451 Слов (22 Страниц) • 1,086 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1.2 Мәліметтер базасының жіктелуі 5
1.3 Мәліметтер базасын басқару жүйесі 8
1.4 Мәліметтер базасының нысандары 12
1.5 Дельфидегі программалық компоненттің обьектілік - бағдарламалы моделі 13
2 ЖОБАЛЫҚ БӨЛІМ 15
2.1 Мәліметтер қорының кестелерін құру 15
2.2 Borland Delphi7 бағдарламасында форма жасау 16
2.3 Интерфейстiк жобалау 18
ҚОРЫТЫНДЫ 21
Қорыта келгенде, бұл бағдарлама болашақта кез келген аңшылық шаруашылығында қолданылады деген ойда боламын. 21
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 22
ҚОСЫМША 24
КІРІСПЕ[pic 1][pic 2]
Есепке алу, бақылау және жоспарлау үшін негіз ретінде түрлі картотекалар, тіркеу журналдары, тізімдер және тағы басқалары қолданылады. Олар белгілікті уақыт аралығында жиналады және жаңартылып отырады. Ақпараттың көлемі үлкен болған жағдайда, әдетте қолмен жүргізілетін, қажетті мәліметтерді іздестіру және жалпылау өз алдына күрделі жұмыс болып табылады. ЭЕМ-ның пайда болуымен және олардың ақпаратты өңдеу үшін қолданылуы – көптеген ақпараттық - анықтамалық және есептеу міндеттерін шешу мүмкіндігін туғызды.
ЭЕМ-ның бағдарламалық қамтамасыздығы дамыған сайын, шешілетін міндеттердің тұтастай кешені бойынша өзара байланысты мәліметтерді жинақтауға, сақтауға және жаңартуға мүмкіндік беретін басқару жүйесін құрастыру идеясы пайда болды. Бұл идеялар мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) ретінде жүзеге асырылды. Мәліметтер базасын басқару жүйесі локальді емес, ал ақпарат бойынша өзара байланысты мәліметтер базасы деп аталатын массив арқылы өзара әрекеттеседі. Дербес компьютер пайда болғаннан кейін МББЖ кестелік ақпаратты көпшілікке кең таралған өңдеу құралына айналды. Олар үлкен көлемді ақпаратты өңдеу кезінде мәліметтер базасын жобалаудың аспаптық құралы болып табылады.
Бүгінгі таңда аңшылық шаруашылығында жабайы жануарларды есепке алу жұмысы жүргізіліп келеді. Солардың арасында мәліметтер базасының орны ерекше. Оларды пайдалану – қажетті ақпаратты іздестіру үшін талап ететін уақытын қысқартуға, оларды жүзеге асыру кезінде керекті жабайы жануардын санын немесе мекен орнын табуға жағдай жасайды.
Мәліметтер базасын қолданылатын жүйелерді пайдаланудың негізгі себебі – барлық өңделетін ақпаратты біртұтас материал ретінде жинақтау ұмтылысы және оларға деген қадағаланатын қол жетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Microsoft Access және Delphi бағдарламалары арқылы аңшылық шаруашылығында жабайы жануарларды есепке алу жүйесін әзірлеу.
Алға қойған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау керек:
- мәліметтер базасы құрылымының теориялық негізін зерттеу;
- объектілер туралы мәліметтерді жинақтауды жүргізу;
- қатынастар байланысының сызбасын жасау;
- мәліметтер базасының сипаттамасын қарастыру;
- Microsoft Access бағдарламасының негізін зерттеу;
- жабайы жануарлар мәліметтер базасын жобалау және құрастыру.
Қазіргі уақытта көлемі ауқымды материалдармен тиімді жұмыс жасауға арналған бағдарламалық қамтамасыздықты құрастыру - өзекті мәселенің біріне айналды.
Зерттеу әдістері: пәндік сала бойынша мәліметтер жинау, мәліметтерді сұрыптау, автоматтандырылған жүйені әзірлеу, қосымшаны тестілеуден өткізу, қорытынды жасау.
1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 «Аңшылық шаруашылығында жабайы жануарлар» мәліметтер базасын құрастырудың теориялық негіздері
Кез келген ақпараттық жүйенің мақсаты – шынайы әлем объектілері туралы мәліметтерді өңдеу. Мәліметтер базасы ұғымын кең түрде қарстыратын болсақ, бұл – белгілі бір пәндік саладағы шынайы әлемнің нақты объектілері туралы мәліметтердің жиынтығы. Бұл жерде, пәндік саланы басқаруды ұйымдастыру үшін зерттеуге, түбінде автоматтандыруға арналған шынайы әлемнің бір бөлігі деп түсінген жөн. Мысалы, кәсіпорын, жоғары оқу орны және т.б.
...