MS SQL ортасында деректер қорын құру
Автор: TogzhanMirasovna • Сентябрь 13, 2023 • Контрольная работа • 1,203 Слов (5 Страниц) • 382 Просмотры
Зертханалық жұмыс № 1
MS SQL ортасында деректер қорын құру
Жұмыстың мақсаты: Microsoft SQL ортасында деректер қорымен жұмыс істеудің принциптерімен танысу.
Деректер қорын қандай етіп құруды шешу кезіндегі үрдіс деректер қорын жобалау деп аталады.
Деректер қорын жобалау бойынша жұмыс істеу келесі құрылымдарды жүзеге асырудан тұрады:
- Деректер қорын;
- Деректер қорына кіретін кестелерді;
- Әрбір кестеге жататын бағандарды;
- Кестелер мен бағандар арасындағы байланысты.
Дүкендегі сатылатын тауарларды есептеуге арналған деректер қорын құру. Деректер қоры құрылымы берілген «Tovar» және «Sale» атты екі кестеден тұрады. «Tovar» атты деректер кестесінің құрылымы 1.1-кестеде, ал «Sale» атты декректер кестесінің құрылымы 1.2 кестеде келтірілген.
Деректер қорының (ДҚ) кестелерін Microsoft SQL ортасының көмегімен құру.
«Tovar» кестесінде алғашқы кілтті NameTovars өрісі бойынша, ал «Sale» атты кестеде idSale өрісі бойынша құрамыз.
Кестелер арасында сілтемелік бүтіндікті жүзеге асыру үшін «Sale» кестесінде сыртқы кілт етіп, NameTovar өрісі бойынша құрамыз. Оларды шығару кезінде жазбаларды сұрыптау үшін «Tovar» кестесінде екінші кілт құрамыз.
2.1-кесте. «Tovar» кестесінің құрылымы
Өріс идентификаторы | Атауы | Типі |
NameTovar | Тауардың атауы | Nchar(20) |
Cost | Тауардың типі | real |
Type | Өлшем бірлігі | Nchar(10) |
2.2-кесте. «Sale» кестесінің құрылымы
Өріс идентификаторы | Атауы | Типі |
idSale | Квитанция нөмірі | Int (автоинкремент) |
Sum | Сату мерзімі | Real |
NameTovar | Тауардың атауы | Nchar(20) |
Деректер қорын құру
«Деректер қоры» объектісінде тышқанның оң жақ батырмасын басып, шыққан менюден «Деректер қорын құру» дегенді таңдаймыз.
[pic 1]
2.1-сурет. «Объектілерге шолу» атты диалогты терезе
[pic 2]
2.2-сурет. «Деректер қорын құру» атты диалогты терезе
Кестелерді құру
Кестелерді құру үшін «Объектілерге шолу» терезесінен құрылған деректер қорын таңдаймыз, ашылған тізімнен тышқанның оң жақ батырмасымен «Кестелер» пунктін таңдап, «Кестені құру» атты пунктін аламыз. MS SQL Server ДҚБЖ жұмыс облысында кестелерді құруға арналған форма ашылады (1.3-сурет):
[pic 3]
2.3-сурет. Кестелер құруға арналған форма терезесі
«Бағандар атауы» өрісіне деректер қорының кестесінің бағандар аттарын енгіземіз. «Өрістер типі» өрісіне кестенің осы бағанында сақталатын деректер типін енгіземіз. Егер бағанның деректер мәнін бос қалдыруға болса, «null мәніне рұқсат» («Разрешить значение null») бағанына белгі қоямыз.
«Деректер типі» атты өрысын толтырғанда Microsoft SQL деректер типіне сүйену керек.
1.3-кесте. Microsoft SQL деректер типі
№ | Типі | Алатын көлемі | Сипаттамасы |
1 | Bynary | 1,2 Гб дейін | Кез келген деректер екілік түрде. Файлды сақтау үшін қолданылады |
2 | Varbinary | 1,2 гб дейін | Кез келген деректер екілік түрде. Файлды сақтау үшін қолданылады |
3 | Tinyint | 1 байт | 0-ден 255-ке дейінгі бүтін оң сандар |
4 | Char | Символына 1 байт | Символдық өрнек; кез келген символдан тұруы мүмкін (бір өріс үшін 254-ке дейін) |
5 | Varchar | Символдық өрнек; кез келген символдан тұруы мүмкін (бір өріс үшін 254-ке дейін) | |
6 | Money | 8 байт | Сандық шама үшін ақшалық өрнек. Ақшалай бірлікті пайдаланатын мәні орнатылған төрт ондық разрядтан тұратын санды шығарады |
7 | Datetime | 8 байт | Мерзім және уақыт; Уақыт, күн, ай, жылдан тұрады, 3,33 миллисекунд нақты |
8 | Smalldatetime | 4 байт | Мерзім және уақыт; 2 минут нақты |
9 | Bit | 1 байт | Буль өрнегі ( .T. немесе .F.) |
10 | Float | 1-ден 20 байтқа дейін | Числовое выражение; белгісі бар бүтін немесе бөлшек сандар |
11 | Smallint | 2 байт | –32 768 және +32 767 аралығандағы бүтін сандар |
12 | Int | 4 байт | Бүтін сан. –2 147 483 647 және 2 147 483 646 аралығындағы сандарды сақтай алады |
13 | Image | 4 байт | OLE объектісіне сілтеме жасауға арналған өріс |
14 | Text | 4 байт | Деректер блогына сілтеме жасауға арналған ескерту өрісі |
15 | Decimal | 38 цифрға дейінгі нақты сандық мән (р); үтірден кейінгі цифрлар (s) саны р-дан аспауы керек | |
16 | Numeric | 38 цифрға дейінгі нақты сандық мән (р); үтірден кейінгі цифрлар (s) саны р-дан аспауы керек | |
17 | Real | 4 байт | Жылжымалы үтірлі сан. 1.401298Е-45 және 3.402823Е38 интервал арасындағы сандарды сақтай алады |
...