Мультимедиялық құжаттарды өңдейтін технологиялар
Автор: Akmeiir_06 • Ноябрь 26, 2023 • Реферат • 1,598 Слов (7 Страниц) • 177 Просмотры
Жоспары:
- Мультимедиялық технология
- Мультимедиялық ақпаратты қамсыздандыру;
- Мультимедиялық құжаттар;
- Мультимедиялық құралдардың түрлері;
- Мультимедиялық құжаттарды өңдейтін технологиялар
- Музыкалық редакторлар және ойнатқыштар;
- Графикалық редакторлар;
- Бейнелердің ойнататын бағдарламалар;
- Анимациялық бағдарламалар;
- Монтаждау бағдарламалары;
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Мультимедиялық технология
Мультимедиа (Multimedia) - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді — мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне, аудио және мультипликациялық түрде шығаруды жүзеге асырады. Мәтін, түрлі-түсті графика, дыбыс, сөз бен кескін синтезін жасап, ақпараттың өте көлемді мөлшерін жадында сақтап, диалогтық түрде жұмыс істейді. Мультимедиа элементтерімен еркін интерактивті түрде қатынас құруға, дыбыспен сүйемелденетін бейнекөріністерді компьютер экранында көрсетуге, тыңдауға толық мүмкіндік бар. Мультимедиалық программалар сөйлейтін энциклопедиядан бастап, бейнеклиптік мәліметтер базасын жасау жұмыстарын толық қамти алады. «Мультимедия» термині латын тілінің «multi» (көп) және «media» (орта) сөздерінің бірігуінен құралған, яғни «акпараттық орта» деген мағына береді. Мультимедия - пайдаланушыға әртүрлі типті акпаратты біріктіріп ұсыну технологиясы.[pic 1]
Мультимедиялық жүйелердің пайда болуы білім беру, компьютерлік оқыту, кәсіби қызмет, ғылым, өнер, компьютерлік ойындардың көптеген салаларында революциялық өзгерістер жасайды.
Мультимедиялық технологиялар әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану аркылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы. Мультимедиялық технологиялардың дамуы бейнетехниканың және дербес компьютердің өркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда. Мультимедия статикалык, динамикалык және дыбыстык акпараттарды талапка сай дәрежеде ұсынуды іске асырады. Мультимедия технологиясы үш элементті - дыбыс, мәтін және графика, бейнені синтездеу үшін компьютерлердің мүмкіндіктерін дәстүрлі дыбыстық және бейне ақпарат құралдарымен біріктіруге мүмкіндік береді.
Мультимедиялық ақпаратты қамсыздандыру
Негізгі мультимедиялық комплект:
- Жүйелік блок
- Оперативті жады
- Бейне адаптер
- Дыбыстық плата, колонка
- Дискіжетек
Қосымша құрылғылары:
- Құлаққап
- Микрафон
- MPEG – декодерлер
- Дисковод DVD
- CD – R немесе CD – RW
Мультимедиялық құжаттар:
- Мәтіндік, графикалық сандық ақпараттар
- Анимацияланған графика
- Дыбыстық ақпарат
- Бейне
Мультимедиялық құралдардың түрлері:
- Теледидар
- DVD-ойнатқыш VHS
- CD-ойнатқыш
- Микрофон, құлаққап
- Камера, фотоаппарат
- Компьютер, ноутбук, планшет, КПК,
- мобильді телефон(смартфон)
- Проектор, интерактивті тақта
- Bluetooth, флеш-карталар
Мультимедианың қолданылуы:
- медицина;
- техника;
- өнеркәсіп;
- білім беру;
- ғылыми зерттеулер;
- өнер;
- жарнама және т.б.
Негізгілері туралы айтатын болсақ, білім беру саласында, мультимедиа тәрбиелік сипаттағы функцияны орындайды. Технологиялар компьютерлік оқыту курстарын құру үшін қолданылады. Өнеркәсіп саласында олар басшылық лауазымдардағы тұлғаларға мәліметтерді ұсыну ретінде кеңінен қолданылады.
Медицина үшін маңызы ерекше зор. Бүгінгі таңда дәрігерлерге виртуалды сипаттағы операциялар арқылы сапалы дайындықтан өтудің бірегей мүмкіндігі ұсынылуда. Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеушілер мультимедианы кез келген нәрсенің компьютерлік симуляторларында пайдаланады.
...