Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Заманауи информатика мұғалімінің портреті

Автор:   •  Январь 28, 2023  •  Эссе  •  610 Слов (3 Страниц)  •  446 Просмотры

Страница 1 из 3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

[pic 1]

[pic 2]

ЭССЕ

Тақырыбы: Заманауи информатика мұғалімінің портреті

Пән атауы: Мектепте зерттеу қызметін ұйымдастыру әдістемесі

Мамандық атауы, курс: 6В01506-информатика, 3-курс   

                                                             

             

                                                                                     Орындаған: Аухатбай Ж.А.

                                                                                  Тексерген: Сагимбаева А.Е.

                                                                                   

Алматы,2022

        Мұғалім - жан-жақтылықты, жаңашылдықты, үлкен жауапкершілікті, мейірімділікті қатаңдықпен ұштастыра отырып қолдануды талап ететін мамандық. Қазіргі уақытта мұғалім тек мұғалім ғана емес, сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасайтын, білім алуға деген ұмтылысын арттыратын, өз бетінше ойлауға үйрететін және баланың жеке басының қалыптасуына үлкен әсер ететін адам.
       Информатика пәні - бұл компьютерді тану және оны жұмыс барысында пайдалану мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар жаңа технологияларды, робототехника мен ақпаратты өңдеудің көптеген салаларын қамтитын оқу пәні, онда жаңа ақпарат үнемі қосылып, жаңартылып отырады. Сонымен қатар, XXI ғасыр-бұл жаңа технологиялар, Цифрлық сауаттылық дәуірі болғандықтан, IT-саласы бір орында тұрмайды, үнемі даму үстінде.
      Қазіргі уақытты мен Z ұрпақ кезеңі деп санаймын. Z буыны цифрлық технологияларды жақсы меңгерген. Сондықтан информатика пәні мұғаліміне қазіргі заманғы технологияларды түсіну маңызды болып табылады. Кәсіби қызметте кез-келген адамға өзінің әлеуметтік дағдыларын үнемі жетілдіріп, білімін жаңартып отыру маңызды. Бірақ бұл талап меніңше информатика пәні  мұғалімдеріне көбірек қатысты. Сондықтан қазіргі информатика мұғалімі өзгерістерге тез бейімделіп, өзінің кәсіби көкжиегін үнемі кеңейте білуі, білімін жаңартуы, кәсіби, білімді маман болуы, өзінің біліктілігі мен білім деңгейін үнемі жетілдіріп отыруы керек.
      Жаңа технологияларды білуге деген құштарлық мектепте информатика пәнінен басталады және оқушылардың қызығушылығын оятуда информатика пәнінің мұғалімі ерекше орын алады. Сондықтан қазіргі информатика пәнінің мұғалімі өз білімін үнемі жетілдіріп, заманауи талаптарға сәйкес алға жылжуы керек деп санаймын.
    Бұл қасиеттерді болашақта өз бойымнан табылады деп сенемін!

...

Скачать:   txt (4.4 Kb)   pdf (133.2 Kb)   docx (61.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club