Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Есеп 1 жарты жылдық Анар денгей бойынша

Автор:   •  Январь 25, 2018  •  Отчет по практике  •  2,613 Слов (11 Страниц)  •  1,921 Просмотры

Страница 1 из 11

Әлемдік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында Қазақстан Республикасы отандық білім берудің озық дәстүрлері мен стандарттарын сақтай отырып, әлемдік білім беру тәжірибесіне бағытталған стратегиялық курсын таңдады.

Информатика пәнінің мұғалімі Дюсупова Анардың

 2017-2018 оқу жылының 1 жарты жылдық бойынша есебі.

2017-2018 оқу жылында енгізілген реформаларды оқып білу және оны қолданысқа ендіру қиын болды. Бұл жерде өзімнің 3 деңгейлік курста оқыған жеті модуль бойынша сабақтар бердім. Жалпы білім беретін мектептерге енгізіліп жатқан жаңа реформа балалардың сыни тұрғыда көбірек ойлануына бағытталған. Яғни, болашақта үлкен өмірге бейімделуге, мектепте алған білімдерін болашақта қолдануға үйретеді. Информатика сабағынан жеті модульді бір сабақ шеңберінде қолдану міндетті емес екенін білсем де, дегенмен барлығын кірістіруге тырыстым.  Сабақтар мен оқулықтар Блум технологиясымен жасалғандықтан бір сабаққа жеті модулді кірістіру мен үшін жеңіл болды, бірақ оқушылардың әлеуметтік жағдайларына қарап тақырыптардағы тапсырмаларды жеңілдету үшін көп ізденіс керек екенін түсіндім. Тоқсанның басында оқушылар бір – біріне үйренісіп жатты. Сабақтарда қалай оқу керектігі жайлы айтып түсіндіріліп отырылды. Мұнда өзіңе де, оқушыға да талап қоя білу қажет екенін түсіндім. Сонымен қатар, оқушы қойылған талап міндетті түрде сұралатыны және сол қойылған талаптарды орындайтынын ұғынғанда ғана білім болатынын түсінді. Биылғы енгізілген жаңартылған бағдарламаларда әдістемелік ұсыныстар мені толық қанағаттандырды. Ұсыныстардағы бағалау критерийлері мен тапсырмалардағы дескрипторларды көрсетіп оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сабақтар арасында оқушылар мен ата – аналарға бағалау критерийлері оқу жетістіктеріне әсері туралы ақпараттық рубрикасымен таныстырып отырдым. Оқушылардың бағалары мен қалыптастырушы бағалары электрондық күнделік арқылы көрсетіліп отырды. Сабақтарымның ішінде «Ақпараттың өлшем бірліктері» тарауында оқушыларға біраз қиындықтар болды. Мұнда салыстыру мен арифметикалық көбейтуді жақсы меңгеру қажет болды, ақпарат өлшемін бір өлшемнен екінші өлшемге ауыстыру амалдарын орындау оқушылардың логикалық ойлауларын қажет етті. 11 сыныптарда оқушыларына «Географиялық ақпараттық жүйелер» тақырыбы ұнады. Бұл сабақта оқушылар ГАЖ мысалдары ретінде Google Earth программасы көмегімен ауа райы мен көлік трафигі туралы, қоршаған ортаның, мұхит пен тау сілімдері бедерін, қызықты жерлердің көрінісін тамашалай алды. 10 сыныптар арасында ақпараттық ресурстарды меңгеріп қана қоймай Алматы облысының білім беру департаменті ұсынған www.bilimland.kz, www.itest.kz, www.imektep.kz сайттарына кіріп ондағы қашықтықтан оқу мазмұнымен танысты. Сайттарда келген тапсырмалар мен тесттерді оқушыларға орындату арқылы оқушылардың интернетті қалай пайдалануға болатынын түсіндірдім. 10А сыныбында оқушыларды модульдік оқыту технологиясы арқылы сыни тұрғыдан ойлауға баулу өте маңызды болды. 9 сыныптарда «Шартты, таңдау операторларына байланысты есептерді шығару» барысында Паскаль тілінің командаларын қолданып үйренді. Оқушылардың практикалық дағдылары қалыптастыру жұмыстары жасалды. Алдымен дәптерге 30-35 программа мәтінін жазғыздырып, дағдыларын қалыптастырдым. Екі тоғыздың бір сыныбы тапсырманың жартысын орындап шықты. Компютерге отырғанда ағылшынша қалай жазу керектігіне көп ойлануларына тура келді. Мұнда мен оқушылардың программалауды дәптерге жазбағандығынан деп пайымдадым. Олар өздерінің қателіктерін түсініп, келесі сабақтарда сол олқылықтарын түзегендер де болды. Екінші сынып оқушылары тапсырманы дәптерге толық 30 есепті көшіріп жазды. Мұнда оқушыларда пернетақтадан әріптерді табу қиындықтары болды, бірақ сөзді тергенде оның жазылуын жаттап алғандары көрініп тұрды. Бұл сыныпта пернетақтамен ағылшынша көп жазу керек екенін түсіндірмедім, себебі олар өздерінің дағдыларын қалыптастыру практикалық жазу керек екенін түсінді. Сабақтарымда жеті модуль элементтерін пайдалана отырып, массив өңдейтін стандартты алгоритмді меңгертуге, стандартты алгоритм есептерін шығаруға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, сұраққа нақты жауап табуға, тапсырманы орындағанда шапшаңдыққа, өз ойын ашық жеткізуге, сабақта тек пәнге байланысты ғана әңгімелесуге болатынына тәрбиелеу мақсатын алға қойдым. Жаңа тақырыптарды өткен тақырыптармен байланыстырып, өмірде не үшін керек екенін айтып постер қорғаттым. Сабақ барысында оқушылар деңгейлік тапсырманы орындау барысында салыстырмалы түрде өз деңгейлерін өздері байқады. Білімі жоғары деңгейдегі оқушылар өз білімдерін көрсете алды. Олар өздеріне ұнайтын тапсырма бергенде белсенділік танытатынын байқадым, жаңа сабақты түсіндіру кезінде сыни тұрғыдан ойлау, «Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану» модуліне тапсырма бергенімде, оқушылар жоғары деңгейде белсенділік танытты. 7 сыныптардың «Арман-ПВ» баспасынан шыққан оқулығы мен толық қанағаттандырды. Себебі, мұнда Блум технологиясы бойынша жазылған. Оқулықтағы талдау мен жинақтау бөліміне көп мән бердім, бірақ қалыптастырушы бағалауда дискрипторлар болмады. Оны мен www.smk.kz сайтындағы ұсыныстардан алып оқушыларға таратып бердім. Кері байланыс алған кезде де, олар «мен оны білемін», «мұның маған қажеттілігі шамалы» деген пікірлермен кездестім. Бірақ, тарау бойынша тексергенде де тоқсан бойынша бағалауда да оқушылар көп нәрсені түсінбегенін көрдім. Оқушылар тапсырманы толық оқи алмайды. Сурет бойынша ғана тапсырмаларды орындап, анықтаманы жазыңыз деген жерде тапсырманы қалдырып тастап кеткен.

...

Скачать:   txt (39.4 Kb)   pdf (189.6 Kb)   docx (21.3 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club