Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасында экстремалды туризмнің даму мүмкіндіктері

Автор:   •  Февраль 7, 2018  •  Курсовая работа  •  14,095 Слов (57 Страниц)  •  1,576 Просмотры

Страница 1 из 57

МАЗМҰНЫ

Кіріспе.........................................................................................................................3

1 ОСЫ ЗАМАНҒЫ ТУРИЗМ КЛАССИФИКАЦИЯСЫНДАҒЫ  ЭКСТРЕМАЛДЫ  ТУРИЗМНІҢ  ОРНЫ…..............................................................5

1.1Туризмнің экстремалды түрінің дамуының алғышарттары...............................5  

1.2 Экстремалды туризмнің саяхаттың басқа түрлерімен өзара байланысы.........6

1.3 Экстремалды туризмды дамыту перспективалары............................................8

2 ТУРИЗМНІҢ ЭКСТРЕМАЛДЫ ТҮРІНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН ПРОБЛЕМАЛАРЫ…......................................................................................10

2.1 Қазақстан Республикасында экстремалды туризмнің даму мүмкіндіктері...10

2.2 Экстрим-сапарларын ұйымдастыру ерекшеліктері..........................................20

2.3 Даму тенденциялары, өзекті мәселелері мен перспективалары.....................30

3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКСТРЕМАЛДЫ ТУРИЗМ ТҮРЛЕРІ.............................33

3.1 Параплан спорты.................................................................................................33

3.2 Альпинизм............................................................................................................36

3.3 Су туризмі............................................................................................................37

3.4 Вело-мото-авто-сафари.......................................................................................41

Қорытынды..............................................................................................................44

Пайдаланылған әдебиеттер ...............................................................................46

Кіріспе

        Курстық жұмыстың өзектілігі. Экстремалды туризмге белсенді және оқиғалы туризмді жатқыза отырып,кемпинг,тау велосипедін тебу, трекинг, шаңғы тебу, тауға өрмелеу,  параплан спорты,  альпинизм, рафтинг,  вело-мото-авто-сафари қызмет түрлерін қарастыру. Аталған өнімдерді Қазақстанда тиімді пайдалану және дамыту жолдарын кеңінен қарау.

           Адам танымдық, дем алу, тынығу, емделу, рухани және физикалық қалпына  келу, спортпен шұғылдану мақсатында ерікті турде саяхаттайды.  Соның салдарынан оның қажеттіктерін зерттеп жүзеге асыратын туризм ғылымы туады. Туристiк қызметтерге сұраныстың айқындауыштары мыналар: өмiр деңгейiнiң артуы Интернет арқылы туристiк қызметтердi сатып алудың ұлғаюы, турлардың құрама пакеттерiне, дәстүрлi мәдениеттi, өмiр мәнерiн бастан кешiруге мүмкiндiк беретiн турларға сұраныстың ұлғаюы болып табылады Қазақстандық туристiк сала қолда бар туристiк әлеуетке қарамастан осы артықшылықтарды әлi пайдаланған емес. Қазақстандағы туризм саласы халық шаруашылығының өзгеде салаларына қарағанда жас. Дегенмен, пайда болу уақытының қысқалығына қарамастан туризм ел экономикасында ойып тұрып орын алған өзге де шаруашықтар қатарына қосылып үлгерді десекте болады. Алайда, туризм қоғамдық құбылыс ретінде бірден қалыптаса қойған жоқ. Қазақстандық туризмнің лезде аяққа тұрып кетуіне бірден-бір ықпалын тигізген фактор ол - табиғи – рекреациялық  ресурстардың алуан түрлілігі. Орасан зор территорияда құлазыған шөл дала мен маясы жайқалған орманды дала, теңіздер, көлдер, гүрілдеп аққан тау өзендері, сарқырамалар, көк тіреген асқар таулар, үңгірлер, шипалы сулар, міне осылардың бәрі біртұтас ұғым қалыптастырып қана қоймай, туризм саласының тірегіне айналған.

        Табиғи ресурстардың  мүмкіншілігін  толығымен пайдаланатын туризм саласы- ол экстремалды туризм. Экстремалды туризмді адам өміріне қауіптілік коэфиценті жоғары ұйымдасқан белсенді туризмнің түрі деп түсіндіріледі. Кезкелген спорттық(экстремалдық) туризммен айналысу үшін жергілікті жердің рельефі мен  ландшафтын, климатын және белгілі бір спорт түрімен шұғылдануға қолайлы табиғи мүкіншіліктерді ескереді. Өкінішке орай, белгілі  бір территориялардағы экстрим туризмі қалыптастырып дамытуға мүмкіндік беретін, бірақ әр түрлі себептермен қазіргі жағдайда  пайдаланылмай  жатқан  орындар өте көп.

...

Скачать:   txt (176.2 Kb)   pdf (767.8 Kb)   docx (267.9 Kb)  
Продолжить читать еще 56 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club