Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шымкент қаласындағы туризымды дамыту қала өмірне әсері

Автор:   •  Май 5, 2023  •  Реферат  •  655 Слов (3 Страниц)  •  240 Просмотры

Страница 1 из 3

Шымкент қаласындағы туризымды дамыту қала өмірне әсері

  Қазақстандағы көне, тарихи мағынасы бар қалалардың бірі Шымкент қаласы.  Тарихи деректерде бұл қала II ғасырда құрылған және Ұлы Жібек Жолы керуені жүріп өткен. Қаламызда ғылыми тарихи қызықтар ізделініп қазіргі күнге дейін зерттеліп жүргізілуде, шетелден келетін туристердің саны күн санап  көбеюде. Моңғол дәуірінен кейін Шымкент ірі қалаға айналған. Оның қалдықтары – ескі қаланың қамалы қаланың орталығында, жақсы сақталған. Шымкент қаласының нақ ортасында орналасқан бұл ежелгі қала қалдықтары әлі де зерттелуге тиіс. Жібек жолымен сапар шеккен туристер көрсін деп құрылыстардағы қалдықтарды консервіленіп, музейлендіріліп қойылған.

Шымкент қаласы Оңтүстіктің орталығы болғандықтан басқа облыстардан  халықы өте көп . Себебі қаланың климаты жылы және ауа-райы жайлы болып келеді. Қаланың жайқалған жасыл жері, көкорай шалғын шөптері, ағаштары жәнеде жайқалған керемет гүлдерімен баурап алады.“Жасыл қала” деп айтылуының бірден бір себебі де осы. Шымкентті Бадам, Арыс өзендері айналасынан ағып өтеді.Тағы айта кетерім негізінде Шымкент қаласында халық саны әлдеқайда көп. Себебі, қалада алыс-жақын шетелден келген, тіркеуден өтпеген халықтарда тұрады.

Негізінен “Шымкент” сөзі түрікше 'шым' – алқап, қойнау; 'кент' – иранша аударғанда елді мекен, шаһар “Жасыл қала” деген мағынаны береді. Шымкент атауының шығу тарихы мағынасы әлі күнге дейін белгісіз жауабын зерттеуші-ғалымдар таба алмаған. Адамдар көбісі қала атауын «қала-бақ», «жасыл қала», «жердің бет қабатымен қапталған қала» депте атайды.

Шымкент қаласындағы туризм саласын дамыту үшін туризм басқармасы коптеген жоспарлар қойып ұйымдастырылуда. Солардың бірі туризмді дамыту, маркетингті ілгерілету, креативті индустрия және т.б.Бұл қызмет аталған басқармаға жақында қала әкімінің тапсырмасымен жеткізілді.

Шымкентте туризмді дамыту үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр, яғни сырттан келген туристтер қандай жерлерге барады? Осы мәселеге алдымен көңіл бөлінуде. Мегаполисте жүзге жуық туристік нысандар бар.Солардың бірі ескі қала аумағындағы бұрынғы қалпына келтірілген қорған ғимараты. Содан соң қаланың мақтанышы саналатын дендрологиялық саябақ бар. Ол жерде тал-теректің, ағаштардың 500-ден аса түрі өседі. Саяхатшылар Бәйдібек би ескерткіші мен соның айналасындағы демалыс орнына да көп келеді. Өнерсүйер қауым үшін Орыс Драма театрының есігі ашық. Театр сахналарында қазақ және шетел классиктерінің шығармаларының желісімен қойылған спектакльдер көрсетіледі.

Шымқаланың орталығында көптеген саябақтар, ойын-сауық орталықтары, зообақ, цирк, сауда орталықтары бар. Саябақтарда көптеген тарихи мүсіндер қала көркіне көрік қосып тұр. Атап айтқанда: Абай саябағында А.Құнанбаевтың мүсіні, облыстық сот алдындағы үш бидің мүсіні, Ұлы сазгер-композитордың құрметіне салынған Шәмші аллеясындағы Шәмші Қалдаяқовтың мүсіні, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің құрметіне салынған ескерткіш тастар бар.

Қазіргі таңда қала қарқынды өсуде, туризм дамуда, тауларда, шатқалдарда, өзендер мен көлдерде тамаша демалыс аймақтары ашылуда. Шымкент тек қазақстандықтардың ғана емес, таяу және алыс шетел тұрғындарының назарын өзіне аударып, туристік орталыққа айналуды жоспарлайды. Оңтүстік өңірдің дамуын, соңғы уақытта білдірген туристердің қызығушылығын бақылай отырып, керуендер қайта оралып келе жатқаны туралы сенімді түрде айтуға болады.

...

Скачать:   txt (9.4 Kb)   pdf (66.4 Kb)   docx (9.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club