Улттық экономикаға туристік бизнестің қосар үлесін арттыру
Автор: ulbala.ilyasbek • Февраль 6, 2019 • Курсовая работа • 9,636 Слов (39 Страниц) • 562 Просмотры
Кіріспе
Қазіргі кезде кәсіпкерлердің туризмге деген қызғушылығы жоғары және ол келесі факторлар арқылы түсіндіріледі: туристік бизнеске үлкен инвестиция қажет емес; аталған салада үлкен, орта және кіші кәсіпкерлік капиталды тез айналдыру арқылы өзара табысты әрекеттеседі; халықаралық туризм саласындағы мүмкіндіктер валюталық операциялар есебінен пайда табуға мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың өзектілігі - ел экономикасындағы туристік бизнестің алатын орны және экономикаға қосар үлесі. Қазіргі таңда туризм саласы экономикадағы қарқыны томендемейтін салалардың бірі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдігімізді нығайтатын 5 институттық реформаны іске асыру үшін «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 57-қадамы бойынша «Туристік кластер құруда үздік тәжірибесі бар стратегиялық инвесторларды тарту» туралы тапсырма берген болатын. Осы бағытта Елбасы Жолдаулары мен ел дамуын айшықтайтын мемлекеттік бағдарламаларда туризм кластерінің дамуына ерекше мән беріп, Қазақстанды туристер үшін тартымды елге айналдырудың бағыт-бағдарларын көрсетіп келеді. Туристік бизнесті мемлекеттік қолдау жақсы қолға алынуда. Елбасы тапсырмасы бойынша шағын және орта бизнесті дамыту экономикадағы басты міндеттердің бірі болып табылады. «Бизнес жол картасы – 2020» бағдарламасына сәйкес әрбір Қазақстандық азамат кәсіпкерлікпен айналысуға құқылы.
Курстық жұмыс мақсаты – ұлттық экономикаға туристік бизнестің қосар үлесін арттыру.
Міндеттері:
- Қазақстандық туристік кәсіпорындарды зерттеу
- Оларды әлемдік тәжірибемен салыстыру
- Қонақ үй саласының экономикаға қосар үлесін зерттеу
Бұл кустық жұмыста зерттеу объектісі – қонақ үй, қонақ үй саласы, даму перспективасы, қазіргі жағдайы, болашағы. Қазіргі таңда қонақ үй бизнесі жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндігіне ие, мемлекет қазынасын толтыруда маңызды рөл атқара алатын көпфункционалды сала . Қонақ үй бизнесіне ерекше назар аударудың тағы бір себебі- шет мемлекеттер тарапынан инвесторлардың отандық туризмді дамытуға шақыра алуы. Яғни, бұл дегенеміз мемлекетеміздегі аймақтық әр түрлі туристік фирмалар , қонақ үйлер, мейрамханалар шетелдік ірі компаниялармен серіктес болуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ ,әлемдік деңгейдегі атауы брендке айналған «Hilton Garden Inn», «Radisson SAS Astana», «Rixos» секілді қонақ үй жүйелерінің «сыртқы имиджге» әсерін зерттедік.
1 Ұлттық экономика және туристік бизнес саласының негізі
1.1 Ұлттық экономикадағы туристік бизнес саласы
Қазіргі нарықтық қатынастарда жоспарлау жекелеген адамдар мен тұтас еңбек ұжымдарының, шағын және үлкен кәсіпорындардың, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер мен меншіктің әртүрлі нысандары бар экономикалық объектілердің өзара қарым-қатынасының экономикалық негізі бола отырып, өнімнің немесе қызметтердің сол немесе өзге түріне сұраныс көлемі мен өндірушілер тарапынан олардың ұсыныс көлемі арасында қажетті тепе-теңдікті белгілей отырып, барынша үлкен мәнге ие болады.
Шағын кәсіпкерлік ортасында туристік бизнес неғұрлым танымал болып келеді, жыл сайын елімізде мыңдаған жаңа туристік фирмалар лицензияланады, шетелдік туристік компаниялардың жүздеген филиалдары мен өкілдіктері құрылады. Айтарлықтай бәсекелестікке қарамастан, турбизнес ұйымдастыру бұрынғысынша ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің қаражатын қолданудың экономикалық тартымды тәсілі болып қала береді. Бірінші кезекте, бұл бастапқы кезеңде салыстырмалы аз шығын бөлігіне және туристік компанияны мемлекеттік тіркеудің неғұрлым аз либералды жүйесіне байланысты.
Нарықтық экономикада кәсіпкерлер өз қызметін нақты және тиімді жоспарламаса тұрақты табысқа қол жеткізе алмайды, мақсатты рыноктардың жай-күйі, бәсекелестердің жағдайы туралы, сондай-ақ өз перспективалары мен мүмкіндіктері туралы ақпаратты ұдайы жинай және жинақтай алмайды.
Туризм саласындағы кәсіпорындар үшін, тез дамып келе жатқан және сыртқы ортаның ықпалына ұшырайтын сала ретінде, бірақ жұмыс істеп тұрған өте тиімді бизнес-жоспарлау ерекше өзектілікке ие болады, соның арқасында бұл сала неғұрлым перспективалы болып танылды және мемлекет тарапынан ресми қолдау алды. Осылайша, бұл жұмыстың мақсаты нақты туристік ұйым үшін бизнес-жоспарды әзірлеумен туристік фирма үшін бизнес-жоспарды жазу әдістемесін нақтылау болып табылады.
...