«Тенгри» қонақ үйінің персоналды дамытудағы мәселелерін ашу, қарастыру
Автор: balnur96 • Май 8, 2018 • Курсовая работа • 7,242 Слов (29 Страниц) • 1,139 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ҚОНАҚ ҮЙ ПЕРСОНАЛЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 5
1.1 Кәсіпорын персоналын басқару жүйесін құру тәсілдері мен қағидалары 5
1.2 Ынта және мотив ұжымды басқарудағы рөлі 8
1.3 Қонақ үй кәсіпорынын басқаруда шетел тәжірибесі 10
2 «ТЕНГРИ» ҚОНАҚ ҮЙІНІҢ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ 15
2.1 «Тенгри» қонақ үйіне жалпы сипаттама 15
2.2 «Тенгри» қонақ үйінің басқару құрылымы және кадрлық саясаты 17
2.3 «Тенгри» қонақ үйінің персоналды дамытудағы мәселелері 20
3 «ТЕНГРИ» ҚОНАҚ ҮЙІНДЕ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 23
3.1 «Тенгри» қонақ үйінің персоналды дамытудағы мәселелерін ашу, қарастыру 23
3.2 «Тенгри» қонақ үйінің персоналды дамытудағы мәселелерінің шешу жолдары 25
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 31
ҚОСЫМША.............................................................................................................32
КІРІСПЕ
Қонақжайлылық индустриясы қазақстандық экономиканың табысты салаларының қатарына жатады. Қонақ үй сервисін жақсарту шараларының ішінде жаңа қонақ үйлерді салу және қызмет көрсетіп отырған қонақ үйлерді жаңартуды, олардың ұсынатын қызметтер көлемін кеңейтіп, қызмет көрсету сапасын жақсартуды қамтамасыз ету қажет.
Соңғы жылдары қазіргі қонақ үй кәсіпорындары жоғары сапалы қызмет көрсетуге бағытталған, тұрақсыз ортада белсенді қызмет ете отырып, адами факторға тәуелділігі жоғарылағандықтан персоналды басқару ерекше мағынаны иеленуде. Өркендеуші қонақ үй кәсіпорындары еңбек ресурстарын дамытуға қомақты қаражат бөлуде, яғни бұл салымды шығын ретінде емес, керісінше өздерінің активтері ретінде қарастыруына байланысты. Өйткені адами капитал қонақжайлылық саласы кәсіпорындарының экономикалық тиімділігі мен бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта нарықтық ортаның тұрақсыз жағдайларына тек өнерпаз, персоналды дамытуға бағыт алған кәсіпорын ғана бейімделуіне орай, кәсіби кадрлық ортаның болуы қонақ үй басымдығына айналады. Өз кезегінде, бұл жағдай қонақ үйлерде кадрлық жұмысқа деген талаптарды күрт жоғарылатады. Қонақ үй басшыларына әкімші және басқарушы сияқты қалыптасқан кәсіби стереотиптерден түбегейлі стратег және кәсіпкер жаңа рөлдеріне икемді ауысуы қажет. Адами ресурстарды басқаруға бағыт алу кәсіпорынның басқару қызметінің құрылымы, атқаратын қызметі мен қойылатын міндеттерін өзгертеді. Адами фактордың рөлі жоғарылауына байланысты персоналды басқарудың маңызды қызметі жұмыс орындарына сәйкес жұмыскерлер құрамының санын ретке келтіру ғана емес, оны дамыту, ішкі мотивация мен корпоративтік мәдениетті қалыптастыру болып табылады [1, б.12].
Персонал басқаруды жетілдірудің тағы бір мақсаты ұйымның ішкі ортасындағы барлық қауіптерді жою - жұмыста қателік жіберу, шиеленістер, жоғары білікті мамандарды жұмыстан босату және т.б. Бұл қауіптерді мүлдем жою мүмкін емес, алайда кадрлық қызметті жетілдіру жолымен сол мақсатқа ұмтылу қажет.
Қонақ үй - әр түрлі қызмет түрлерін жүзеге асырушы күрделі кәсіпорын. Мұндай күрделі құрылымды тек кәсіби мамандар басқаруы керек. Өйткені, отандық мамандардың қызмет көрсету стандарты шетел стандарттарынан әлдеқайда төмен. Қонақ үй кәсіпорындарында персоналды басқару тиімділігін жоғарылату, үздік шешімдерді анықтау, нақты қонақ үй кәсіпорынына оңтайлы персоналды басқару жүйесін құруда отандық және шетел тәжірибесін зерттеу септігін тигізеді.
...