Басқарудағы ынталандыру (мотивация) функциясымен таныстыру
Автор: Nursu14an • Январь 30, 2026 • Лекция • 1,875 Слов (8 Страниц) • 9 Просмотры
ДӘРІС 7. БАСҚАРУДАҒЫ ЫНТАЛАНДЫРУ (МОТИВАЦИЯ)
Мақсаты: Басқарудағы ынталандыру (мотивация) функциясымен таныстыру.
Дәрістің жоспары:
1. Ынталандыру функциясы туралы түсінік.
2. Ынталандырудың негізгі теориялары
Ынталандыру (анықтама)
Мотивация дегеніміз адамның ішіндегі белгілі ынталарды оята отырып, оны нақты іс-әрекеттерге ұмтылдыру мақсатымен адамға әсер ету процесі. Ынталандыру адамды басқарудың негізін құрайды. Басқарудың тиімділігі ынталандыру процесі қаншалықты табысты жүретініне байланысты.
Мотивация функциясы – жеке мақсаттар және ұйым мақсаттары үшін өзін және басқаларды қызметке ояту процесі.
Мотивация – бұл қызметкерлердің жұмыс істеуге ниеті болу үшін атқарылатын қажетті іс-шаралар жиынтығы. Қалайша мәжбүрлеп емес, қалайша ынталандыру арқылы жұмыс істеуге итермелеу процессі.
Адамның мінез-құлқын сансыз көп себептер (мотив) айқындайды. Ынталандыруды басқарудағы екі аспекті:
- саяхат мотивациясы: саяхат мақсаты саяхат мотивінен тұрады. Саяхат мақсаты туралы ақпарат туристік нарықтарды дұрыс анықтау үшін және мақсатты нарықтарды анықтау үшін қажет. Саяхаттаушы топтың мақсаты біреу болғанымен, әр топ мүшесінің мақсаты әртүрлі. Саяхат мотивациясының бес тобы: физикалық, психологиялық, тұлғааралық, мәдени, сәндік
- еңбек қатынастары мотивациясы: қызметкерлердің жұмысын жақсы орындату үшін келесідей мақсаттар болады: 1) сыртқы орта факторлары көмегімен қызметкерлерді ынталандыру. 2) жеке ынталандыру, еңбекке деген ішкі ынтаны құру.
[pic 1]
[pic 2]
[pic 3][pic 4][pic 5][pic 6][pic 7][pic 8]
[pic 9][pic 10][pic 11]
[pic 12][pic 13][pic 14]
[pic 15][pic 16][pic 17]
[pic 18][pic 19]
[pic 20][pic 21]
[pic 22][pic 23]
Саяхат мотивациясының 5 негізгі тобы бар.
Физикалық мотивация. Физикалық мотивация демалыс, емделу және спорт болып бөлінеді. Егер саяхатқа шығудың негізгі себебі дене күшін қалпына келтіру болса, онда бірінші орында демалыс тұрады. Егер саяхатқа шығудың негізгі себебі денсаулықты қалпына келтіру болса, онда шешуші фактор денсаулыкты жаксарту және емделу болып табылады. Егер демалыс кезінде денені шынықтыру көзделсе онда негізгі физикалық мотивация спорт болып табылады.
Психологиялық мотивация. Саяхаттағы негізгі мотивация - психологиялық мотивация, ол жаңа жерлерді көру, мекенжайды ауыстыру секілді кажеттіктермен байланысты. Бұл екі мотивациялық топтың туризм менеджменті үшін маңызы зор.
Тұлғааралық мотивация. Маңыздылығы бойынша физикалық және психологиялық мотивациялардан кейін тұлғааралық мотивация тұрады. Көптеген адамдар саяхат барысында басқа да саяхатшылармен танысуға немесе сол жердің адамдарымен қарым-қатынас жасауға тырысады. Бұл мотивация тобында оның достары, туыстары мен таныстары болуы мүмкін.
Мәдени мотивация. Басқа елдің мәдениетін, салт-дәстүрін, тілі мен тарихын танып-білу бұл топтағы адамдар үшін бірінші орында тұрады. Сонымен қатар өнерге деген қызығушылық, спорттық мерекелер мен дін мәселелері де себеп болады.
Лауазым жэне бедел мотивациясы. Бұл мотивация тобындағы адамдар саяхат барысында өзін-өзі дамыту, жетілдіру мақсатын көздейді. Сонымен қатар бұл топтағы адамдар айналасындағы адамдардың сеніміне кipiп, беделге ие болады. Тұлғаның дамуы, көбінесе, кәсіби дайындық пен біліктілікті көтеру және қайта біліктіліктен өтумен байланысты.
Ынталандыру қажеттілігі
Менеджердің тұрақты мақсаттарының бірі — өнімділікті және орындаушылар жұмысының тиімділігін өсіру болып табылады.
Ұйымның жоғары өнімділікке жетуі көптеген факторлардың әсерінен туатын нәтиже. Станоктар және материалдар түрінде жүзеге асырылған ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері, еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың озық әдістері өнімділікті едәуір жоғарылатты. Әйтсе де, машиналар, жұмсалған қаражаттар жансыз болады. Тек адам элементі енгізілгенде ғана олар «өнімділікке» айналады.
...