Алматы қаласындагы тау туризмын дамыту
Автор: ermekovnad • Июль 2, 2021 • Эссе • 546 Слов (3 Страниц) • 322 Просмотры
Эссе
Тақырыбы: Алматы қаласындагы тау туризмын дамыту
Орындаған: Мұхан Д. Е
Қазақстан - қазіргі заманғы қалалар мен іскерлік орталықтардың жанында өркениет қолы тимеген орындар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан таңғажайып ел.
Егер қазақстандықтардан Қазақстанның әсемдігі мен көрікті жерлері туралы айтып беруді сұраса, онда кез келген оқушы стандартты жиынтықты атайды: Шымбұлақ, Медеу, Бурабай, Алакөл, Түркістан, Балқаш. Сәл ілгері дамығандар Көлсай көлдерін, Үлкен Алматы көлін, Шарын каньонын және т.б. еске алады және бұл жерлерді қазақстандықтар, ең алдымен, олар болғандықтан емес, туған елінің географиясын көбірек білетіндіктен және Интернеттен суреттерді көргендіктен атайды. Үкімет туризмді дамыту үшін әртүрлі бағдарламалар әзірлесе де, туристер бізге әлі ұмтылмайды. Тіпті келген күннің өзінде олар қызмет пен инфрақұрылымға өте риза емес. Сонымен қатар, Қазақстанның табиғаты Шетелдегі ұқсас жерлерден еш кем түспейді, ал кейбір жерлер тіпті ерекше, бірақ бұл факт саяхатшыларды жаппай шақыруға көмектеспейді. Әрине бұл өте өкінішті...
Осы орайда менің ойымша біздің елге тау туризміне ерекше назар аудару керек. Себебі біздің елде жоғарыда айтып өткенімдей өркениеттен ежелгі дәуірге бір ақ қадам. Мысал ретінде Алматы қаласын алайық. Үлкен ғимараттар мен зәуім сарайларға толы Алматының шетіне шықсақ көшпенді өмір салтын ұстанған ата бабамыз жүрген тауларды кездестіреміз. Таулар әрқашан адамды өзінің ұлылығымен, қол жетімсіздігімен және болжамсыздығымен таң қалдырды. Олардың беткейлерінен адамдар әсем аңғарлар мен шатқалдарға, шулы сарқырамалар мен дауыл өзендеріне таң қалған.
Алматыда тау туризмін қалай дамытуға болады?
Менің ойымша ең алдымен қызмет көрсетуді дамыту керек. Себебі Алматыға келген кез-келген шетелдік айналаға қарап, супермаркетке бармайды, ол тауға барады. Ал бізде не бар? Бір сөзбен айтқанда «жабайылық». Қалыпты қызмет, сертификатталған гидтер, маршруттар, арзан саятшылық жүйесі жоқ.
Екінші кезекте баға саясатын дұрыс орналастыру. Шет елдегі тау біздің елімізде де бар, бірақ неге альпинсттер шет елге кетеді?Бұл сұрақтың жауабы «БАҒА». Ешкімге құпия емес, еліміздің тұрғындарына ел арасында саясаттағаннан көрі, шет ел асып, жаңа ел көрген тиімдірек. Егер біз баға саясатын дұрыс ойластыратын болсақ, елімізге көбірек альпинист туристтерді тартатын едік. Себебі біздің табиғат шет елдік табиғаттан еш кем емес. Мысал ретінде альпинист Максут Жумабаевтың «Біздің Тянь-Шань шыңдарына жасаған экспедицияларымызды Гималаймен батыл салыстыруға болады. Ия, Гималайда біз гипоксиямен, оттегінің жетіспеушілігімен кездесеміз, ал Тянь – Шаньда мұның бәрі жоқ, бірақ жабайы аяз бар» сөздерін алсақ болады.
...