Автомобиль жолы
Автор: nur5669 • Октябрь 20, 2019 • Курсовая работа • 5,050 Слов (21 Страниц) • 871 Просмотры
МАЗМҰНЫ
4 | |
5 | |
5 | |
6 | |
9 | |
9 | |
12 | |
12 | |
КІРІСПЕ
Автомобиль жолы – бұл инженерлік конструкциялар кешені, жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды қамтамасыз етеді және жыл бойы жеңіл көліктердің есептелген жылдамдығы, сондай-ақ жүк көліктерінің шамадан аспайтын жүктемесімен тәуліктік, үздіксіз, қауіпсіз және ыңғайлы көліктер қозғалысы.
Автомобиль жолдары басқа жолдармен, теміржолдармен, жол өтпелерімен, автовокзалдармен, автокөлік және жолаушыларға қызмет көрсету станцияларымен, сондай-ақ көпір өткелдерін қамтиды.
Жолдар мен көпірлер салу кезінде ұзақ мерзімділік, ыңғайлылық және ең бастысы - жол қозғалысының қауіпсіздігі сияқты факторлардың әрқайсысын ескеру қажет. Мұндай факторларға ең алдымен табиғи жағдайлар (климат, рельеф, өсімдік, геология, гидрография) жатады. Бұл фактордың әсері соншалықты, тіпті құрылыста технологиялық процесті толығымен өзгерту мүмкін болады.
Автомобиль жолдарын жобалау бұл - оның табиғи-климаттық шарттарын, экономикалық тиімділігін, жолдағы қауіпсіз тасымалдау шарттарын және жолдың бағытын таңдау тәсілдерін, оның қайта кұру жобасын толтыру арқылы барлық жол элементтерін ескерген технико-экономикалық негіздеме.
Жобалаушылар өздерінің жұмыстарында өлшемдер қатары бойынща салыстыру жүргізу үшін қазіргі заманғы электронды есептеуіш машиналардың орасан мүмкіндігін пайдаланады.
Курстық жобаның өзектілігі жол болып табылады, яғни қазіргі таңда біз еліміз үшін сапасы жоғары, көп жылдық жолдарды салуымыз керек. Осыған сәйкес менің курстық жобамның мақсаты жолдың бойлық және көлденең профильдерін жобалау, төсемдік конструкцияларды жобалау, құрылыс жұмыстарының көлемін анықтауды үйрену болып табылады.
1 ЖОБАЛАУ АУДАНЫНЫҢ ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
- Климаты
Астана — ҚР-ның елордасы. Астанада 880 191 адам тұрады (1 мамыр 2016). Қазір қаланың аумағы 710 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Бүгінгі заман қаласы-өзін қоршаған экономикалық кеңістікпен және табиғи ортамен алуан түрлі экономикалық - географиялық қарым-қатынастағы, демографиялық жолмен қалыптасатын , әлеуметтік - экономикалық күрделі жаратылыс. Антропоэкологиялық тұрғыдан алғанда - ол, ең алдымен, адам өз қолымен жасаған ортада оның тығыз қауымдастығы. Әлеуметтік-техникалық прогрестің көптеген белгілері осы "қала" ұғымымен астатыс жатыр , алайда қалаға шоғырланған өркениет адам баласына тек игілік сыйлай бермейді. Техногенді қалалық орта адамның әлеуметтік басты сапасы- оның денсаулығына зор әсерін тигізеді. Қарқынды қала құрылысы , соған орай тұрғындар санының артуы жылу мен су қорына, көлік пен коммуналдық инфрақұрылымға деген сұранысты үдете түседі, осыдан келіп ауаны ластанудан тазарту, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жиыстырып отырудың жүйелі жолын қарастыру мәселері туындайды. Табиғи ортаның басты көздері -су, ауа, жер атаулы, қалың көпірдің қолданысына түсіп, үлкен өзгеріске ұшырайды. Мұндағы басты мәселе , ауа мен су көзінің қашанда жаңарып , тазарып отыруы, табиғатты қоқысқа толтыратын қалдықтардың мөлшерін мүлде азайту ғана қала өмірін жақсартуға мүмкіндік әкеледі. Қаланың топырақ жамылғысы да ерекше күтімді қажет етеді.
ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 8 сәуіріндегі №381 қаулысымен Астана қаласының болашақтағы дамуы ескеріліп, қала маңы аумағын қарқынды игеру жағдайына орай аумаққа Целиноград, Шортанды және Ақмола облысының Аршалы ауданы жерінің бір бөлігі және Вячеслав бөген іаймағы енгізілді.
Статистикалық деректер бойынша Астананың аймақтық жалп өнімі (АЖӨ) 2007 ж. 830,7 млрд теңгені құрады. Елдің жалпы ішкі өнімінің 10% Астана қаласының үлесіне тиесілі.
...