Өнеркәсіпте дайындалған ірі панельді арақабырғалар
Автор: Meyr01 • Сентябрь 24, 2021 • Практическая работа • 7,103 Слов (29 Страниц) • 501 Просмотры
10. Өнеркәсіпте дайындалған ірі панельді арақабырғалар.
Ғимараттардың қабырғасы – ғимаратты табиғат әсерінен қорғап,ғимарат ішкі кеңістігін әр түрлі бөлмелерге бөлуге арналған.Әсер еткен жүктемелерді қабылдау түрлері бойынша: Көтергіш-әсер еткен салмақ жүктемелерін қабылдап алып оны іргетасқа береді. Өз салмағын ғана көтеретін-ғимарат қабырғалары биіктігі бойынша тек өз салмағынан ғана жүктемелерді қабылдайды. Аспалы- олар өз салмағынан түскен жүктемелерді бір қабат биіктігі деңгейінде ғана көтереді де, оларды ғимараттың басқа көтергіш бөлшектеріне береді.(бағана,ригель,плиталар).
Ғимараттардың қабырғасы – олар сыртқы қоршаған ортадан оқшаландыру және ішінде қажетті температуралық және ылғалдылық режимдерді қамтамасыз ету қызметтерін атқарады. Қабырғаларға қойылатын негізгі талаптар: берік және орнықты болуы; ғимараттың өртке тұрақтылық дәрежесіне сәйкес болуы; бөлмелердегі қажетті температуралы-ылғалдық режимді ұстауды қамтамасыз ету;Сонымен қатар, қабырғалар ғимараттың сәулеттік және көркемдік келбетін қалыптастырады.
Азаматтық ғимарат қабырғалары- ғимараттың тік қоршау бөлшектері ғана емес, сонымен бірге арқалық және төбе жабындарын көтеретін көтергіш бөлшектері болып саналады. Қабырғалар әр түрлі қасиеттері бойынша жіктеледі: Материалы бойынша: Ағаштан; Кірпіштен; Кіші бетон блоктардан; Темірбетоннан. Жүктемелерді қабылдау қасиеті бойынша: Көтергіштер; Өз салмағын ғана көтеретін; Ілмелі. Жоспарда орналасуы бойынша: Сыртқы (бойлық және көлденең); Ішкі (бойлық және көлденең). Құрылымы бойынша: Бір қабатты; Екі қабатты; Үш қабатты; Көп қабатты. Тұрғызу әдісі бойынша: Құймалы; Өрілмелі; Құрастырмалы.
Өндірістік ғимарат қабырғалары- ғимараттың тік қоршау бөлшектері ғана емес, сонымен бірге арқалық және төбе жабындарын көтеретін көтергіш бөлшектері болып саналады. Қабырғалар әр түрлі қасиеттері бойынша жіктеледі: Материалы бойынша: Ағаштан; Кірпіштен; Кіші бетон блоктардан; Темірбетоннан. Жүктемелерді қабылдау қасиеті бойынша: Көтергіштер; Өз салмағын ғана көтеретін; Ілмелі. Жоспарда орналасуы бойынша: Сыртқы (бойлық және көлденең); Ішкі (бойлық және көлденең). Құрылымы бойынша: Бір қабатты; Екі қабатты; Үш қабатты; Көп қабатты. Тұрғызу әдісі бойынша: Құймалы; Өрілмелі; Құрастырмалы.
Қабырғалар келесі белгілері бойынша топталады: Орналасуы бойынша: сыртқы және ішкі; Жұмыс сипаты бойынша: сүйенетін жабу немесе жабын конструкцияларынан күштерді қабылдайтын көтеруші; жоғарыда орналасқан қабырғалардан күштерді қабылдайтын өзін көтеруші; тек қана қорғау функциясын орындайтын ілмелі;
Өнеркәсіптік ғимараттарда қабырғалар сипаттарына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Орналасу орнына байланысты. а) сыртқы қабырғалар; б) ішкі қабырғалар; в) бойлық қабырғалар; Жылу өткізгіштігіне байланысты. а) «жылы» қабырғалар, олар жылытылатын ғимараттарға арналған. б) «суық» қабырғалар, олар жылытылмайтын ғимараттарға арналаған (қоймалар, көп жылу бөлетін цехтар, домна пештері) Статикалық жұмыс істеу белгілеріне қарай. а) жүк көтергіш қабырғалар, олар өз салмағын және басқа да конструкциялардың салмағын көтереді; б) өзіндік жүк көтергіш қабырғалар, олар үйдің биіктігіне сай салмағын қабылдап жүкті іргетас арқалығына береді. в) жүк көтермейтін қабырғалар немесе салмағын ғимараттың бағанасына береді.
Конструктивтік шешімдері бойынша. а) кірпіш қабырғалар; б) блокты қабырғалар; в) панельді қабырғалар; г) табақты материалдардан құралған қабырға (асбестцементі табақ, металл табақ, стеклопластик табақ): Өнеркәсіптік ғимараттардың қабырғалары келесі талаптарға сай болуы қажет: Беріктілік және тұрақтылық; Ұзақ мерзімділік талабы немесе ішкі және сыртқы қоршаған ортаның әсеріне төзімді болуы қажет, Отқа төзімділік талабы; Ғимараттың ішінде қажетті темеператураны және ылғалдылықты қаматамасыз ету талабы; Индустриялық талабы; Сәулеттік және көркемділік талабы; Экономикалық талабы немесе өнеркәсіптік қабырғалар барынша, жеңіл, арзан және тиімді болуы қажет.
...