Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Цемент байланыстырғышынан жасалған бетондар

Автор:   •  Май 5, 2022  •  Реферат  •  521 Слов (3 Страниц)  •  291 Просмотры

Страница 1 из 3

Байлыныстырғыш түріне байданысты:

  • Цемент байланыстырғышынан жасалған бетондар.
  •  Әк жасалған бетондар.
  • Гипсті жасалған бетондар.
  • Қожды жасалған бетондар.
  • Арнайы жасалған бетондар.

Цемент байланыстырғышынан жасалған бетондар

Яғни клинкерлі цемент негізінде жасалады:портландцемент ,шлакты портландцемент, глиноземді портландцемент. Оларды өнеркәсіп, азамат және тұрғын үйлердің көтеруші және қоршаушы конструкцияларын қолдануға мүмкіндік береді.

Әк байланыстырғышынан жасалған бетондар

Әкті гидравликалық белсенді және кремнеземді компоненттермен қоса жасалады,яғни цемент, қож, күл, кварцты құм, активті минералды қоспалармен.

Гипсті байланыстырғыштан жасалған бетондар

Жарты сулы гипс немесе цементті гипсті – пуцоланды байланыстырғыш кезінде алынады. Суға төзімділігінің төмендігіне байланысты мұндай бетондарды тек қана әдетте ішкі конструкцияларда пайдаланады.

Қожды байланыстырғыштан жасалған бетондар

Майдаланған қож бен күлді қатайғыш активизаторлармен жасалады. Қожды байланыстырғышты қолдану клинкерлі цементті үнемдеуге және конструкцияның бағасын арзандатуға әкеледі.

Арнайы байланыстырғыштан жасалған бетондар

Егер конструкцияға арнайы талаптар қойылса пайдаланылады. Оған полимерлі бетон, фосфатты, магнезиялды  және сұйық шыны негізіндегі бетон жатады.

Байланыстырғыш заттар. Құрылыс конструкцияларында бетон дайындау үшін кеңінен қолданады.Бұл заттар химиялық процесстердің әсерінен сумен арласу барысында сұйық күйден тас тәріздес күйге өту және біртіндеп өз беріктігін арттыра отыруға қабілетті.

Портландцемент. Бетон өндірісінде  ең кеңінен тарағаны болып табылады. Портландцемент ауада немесе суда қатаятын байланыстырғыш зат.Оны клинкер құрамына гипс қосып өте майда етіп ұнтақтау арқылы алады.

Температурасы 1200 – 1450 күйдіру нәтижесінде клинкер минералдары түзіледі: [pic 1]

  • Кальцидің алюмоферриді СаО +  Al2O3 +Fe2O3  ,
  • Үш кальцилі алюминат   3СаО+  Al2O3 ,
  • Екі кальцилі силикат  2СаО+  SiO2 /белит/
  • Үш кальцилі силикат 3СаО+  SiO2 /алит/

Жоғарғы беріктік тез қатаю қасиеттеріне алит көп мөлшерде болуы әсер етеді. Белит – орташа берік , баяу қатаятын зат. Үш кальцилі алюминат тез қатаяды, бірақ төменгі беріктікке ие. Цементтің минералогиялық құрамын өзгерте отырып оның сапасын түрлендіруіне болады.

Портландцементтің нақты тығыздығы ешқандай қоспасыз 3,05- 3,15 г/ құрайды.[pic 2]

Цемент түрлері:

  • Портландцемент
  • Қожды портландцемент
  • Сулфатқа шыдамды цементтер
  • Пуццоланды портландцемент

Арнайы түрлері:

  • Ақ портландтцемент.
  • Түсті портландцемент
  • Қышқылға төзімді портландцемент
  • Фосфатты цемент
  • Кеңейтілген немесе шөкпейтін цемент
  • Сулфоалюминатты клинкер негізіндегі цемент

Портландцемент – құрамында гипстен басқа минералды қоспалар болмайтын цементті айтады.Ешқандай қоспа қосылмаған портландцементті жоғары берік бетон жасауда қолданады. Шығарылатын цементтің жалпы көлемінің 60%- дан астамын қоспа қосылған портландцемент болып табылады.

...

Скачать:   txt (8.2 Kb)   pdf (103 Kb)   docx (551.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club