Жеке сақтандыру
Автор: asylaidar0601 • Август 24, 2018 • Реферат • 1,311 Слов (6 Страниц) • 2,374 Просмотры
Жеке сақтандыру
Жеке сақтандырудың қоғамдағы өмірі мен денсаулығына , еңбек қабілеттілігіне тікелей қатыстыерекше түрі,өкінішке орай жеке сақтандыру біздің елімізде Батыс елдеріндегідей қарқынды дамымаған. Алайда қоғамдағы адам ресурстарының маңыздылығы, адамдардың өз денсаулықтары мен өміріне, зейнетақыларына, жинақтарына басқаша көзқараспен қарауы жеке сақтандырудың болашағы зор екенін дәлелдейді. Жеке сақтандыру обьектісі болып, адам өмірі, денсаулығы және еңбек қабілеті танылады. Жеке сақтандыру- азаматтардың өмірін, денсаулығын , еңбек қабілеттілігін және жеке басына байланысты өзге де мүдделерін залалдан қорғаудың ерекше нысаны. Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзі, сондай-ақ шартта аталған басқа адам сақтандырылған болуы мүмкін. Өмірді , денсаулықты, еңбек қабілеттілігін және азаматтардың материалдық ,тұрмыс жағдайын сақтандыру арқылы қорғау, сонымен қатар олардың экономикалық мүдделерімен тығыз байланысты мүлікті , жеке басты сақтаулары сақтандыру қызметтерінің көмегімен жүзеге асады. Жеке басты сақтандырудың басқа сан алуан түрлері бар: олар өмірді сақтандыру ,соның ішінде , қайтыс болу жағдайына сақтандыру , белгілі мерзімге дейін өмір сүруді сақтандыру , белгілі мерзімге дейін өмір сүруді сақтандыру, өмірді аралас сақтандыру, кезеңдерде сақтандыру,балаларды сақтандыру,некені сақтандыру, әуе, темір жол, теңіз , ішкі су және облысаралық , халықаралық автомобиль көлігінің жолаушыларын сақтандыру, туристерді сақтандыру, денсаулықты сақтандыру, ауырып қалған жағдайда сақтандыру және т.с.с.
Лицензиялау тәртібіне байланысты жеке сақтандырудың негізгі түрлері олар, өмірді сақтандыру , бақытсыз жағдайлар мен аурудан сақтандыру және медициналық сақтандыру.
Жеке сақтандыру бұл азаматтардың белгілі бір жасқа дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген мерзімге дейін өмір сүруіне , өліміне, азаматтардың өмірінде белгілі бір оқиғалардың, аурулардың салдарынан азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірулеріне байланысты сақтандыру түрі.
Міндетті және ерікті түрі болады.
Жеке сақтандыруды жіктейтін болсақ, олардың әрбірі нақты сақтандыру жағдайына байланысты түрлерге бөлінеді:
Белгілі жасқа жетуіне немесе өлім жағдайына байланысты сақтандыру;
- Мүгедек пен іс-әрекет қабілетсіздікке байланысты сақтандыру;
- Медициналық шығындарды сақтандыру.
1. Жеке сақтандырудың түрлері бойынша:
-өмірді сақтандыру;
- бақытсыз жағдайлардан сақтандыру.
3.Келісімде көрсетілген тұлғалардың саны бойынша:
-жеке сақтандыру,яғни сақтанушы ретінде қатынасқа бір тұлға түседі;
-ұжымдық сақтандыру.
4.Сақтандырушылық қамтамасыз етілу бойынша:
-қысқа мерзімді;
-орта мерзімді;
-ұзақ мерзімді;
5.Сақтандыру төлемдерінің түріне байланысты:
- сақтандыру сомасын бір рет төлеумен байланысты;
- сақтандыру сомасын бөліп- бөліп төлеумен байланысты.
6. Сақтандыру сыйақысын төлеудің түріне байланысты:
- бір мезгілдік сыйақы төлемін төлеумен сақтандыру;
-жыл сайынғы сақтандыру төлемін төлеумен байланысты сақтандыру;
- ай сайын сақтандыру төлемін сақтандыру.
Өмірді сақтандырудың түрлері бар:
• Өмірді аралас сақтандыру
• Өлім жағдайына өмір бойына сақтандыру
• Өмірді белгілі бір мезгілге не кезеңде сақтандыру
• Қосымша зейнетақыны сақтандыру
• Неке қиюға сақтандыру
• Қайталама сақтандыру
Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі біткенге дейін немесе сақтандырушы шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтық төлемді жүзеге асыруды көздейтін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Қазіргі кезеңде адамдар өмірді сақтандыру бойынша сақтандырылған жағдайда қартайып, не еңбек қабілеттілікті жоғалтқанда сақтандыру төлемдерін ала алады. Несиені қамтамасыз етуді, әсіресе ипотекалық несие бойынша қамтамасыз етуді сақтандыра алады.
...