Жеке сақтандыру
Автор: information111 • Ноябрь 4, 2021 • Реферат • 2,246 Слов (9 Страниц) • 614 Просмотры
Тақырып10. Жеке сақтандыру.
Дәріс мақсаты: Тақырыптың мазмұнын ашу, қойылған мақсатқа жету, дәріс сұрақтарын студенттерге дұрыс түсіндіру. Жеке сақтандырудың экономикалық мәні, сақтық қатынастарының дамуын студенттерге түсіндіру.
Дәріс жоспары
1Жеке сақтандырудың ерекшеліктері
2Жеке сақтандырудың экономикалық мәні
Негізгі ұғымдар: сақтандырылған, аннуитеттер, сақтандыру нарығы, сақтандыру бағасы
Сақтандыру қоғамның экономикалық қатынастардың айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандырудың мақсаты азаматтарды, мүлікті, қоғамды немесе ұжымды қорғау және ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін өндірістік процестерді қорғау болып табылады. Сақтандырудың негізгі бір түрі – жеке сақтандыру. Өз өмірін сақтандыру мен өз жанұясын сақтандыру генетикалық тамырды қажет етеді. Өмірді сақтандыру адамзатпен байланысты. Жеке сақтандыру ол өте ертеде дамыған инстиут. Жеке сақтандырудың тарихы ХХ ғасырдан бұрын пайда болған. Алғашқы адамдар да өз өмірін сақтандыра алған. Олар бір тайпа, бір қоғам болып өмір сүріп, аяқасты болып қалатын қауіп-қатер болған жағдайда бір-бірін қорғап, көмек көрсетіп отырған. Осы жеке сақтандыру тарихына келетін болсақ, жеке сақтандыру келісім шарттарын ертедегі Палестинадан, Италиядан, Үндістаннан және Вавилониядан тапқан болатын. Ежелгі Үндістанда қайырымдылық мақсаттардағы ақша қорлары болған. Жеке сақтандырудың пайда болуы ежелгі римдіктерге де таныс болған. Көне Рим де арнайы діни қоғамдар боды, оған Римнің еркін азаматтары да, құлдары да кіре алды. Олар кіру жарнасын төледі. Егер осы сақтандырылған адамдар қайтыс болған жағдайда осы қоғамдар өз қаржы-қаражатына оларды жерлеп, одан қалған ақшаларын оның ұрпақтарына қайтарған. Орта ғасырларда «тәуекелді бөлісу» деген қосымша ұғым пайда болды.
ХV ғасырда алғаш рет тәуекелді бағалаудың статистикалық әдістері қолданыла бастады және де өлім деңгейі кестелері жасала бастады. Сөйтіп ХVІІ ғасырда Венецияндық дәрігер Тоттенің мемлекеттік зайымын шығару идеясы жүзеге асырылды. Ол жеке сақтандыру кезінде қатысушыларды он топқа бөлген және олар белгілі бір сомаға қол қойған. Арасындағы ең көп өмір сүрген адам, басқа қайтыс болған адамдардың мүлігін иеленген. Тотти ең алғаш өсім градациясын ойластырған оны алғаш жеке сақтандырудың атасы деген. Жеке сақтандырудың дамуындағы ең маңызды рольді Англиядағы сақтық қоғамдары атқарды. Ең алғашқы сақтық қоғамы 1698 жылы Лондонда пайда болды. 1699 жылы Англияда отыз екі фунт стерлинг төлеміндегі жеке өмірді сақтандыру полисін Лондон қаласының тұрғыны Уильям Гибсон сатып алған. Осы жылы оның ұрпақтары оның өлімінен кейін төрт жүз фунт стерлинг көлемінде алды.
Кейінірек жеке сақтандыру қоғамдары Францияда – 1829 жылы, АҚШ-та – 1830 жылы, Германияда – 1827 жылы, Россияда – 835 жылы пайда бола бастады.
Жеке сақтандырудың обьектілері:
- өмір;
- денсаулық және еңбек қабілеті;
- тұлғаның жеке басымен байланысты басқа да мүдделер.
Жеке сақтандыру қызметтері (функциялары):
- еңбек қабілетінен (уақытша немесе тұрақты) айырылған, асыраушысы қаза болған, жеке табысының төмендеуіне алып келген басқа да қолайсыз жағдайларда (жұмысынан айырылу, зейнетке шығу, ұрланған сәбиге сатып алу ақысын сұрау және т.с.с.) игілік жағдайын сақтап қалу;
- жинақтаушы – аннуитетті және өмірді сақтандырудың ұзақ мерзімді келісімшарты бойынша ақша қаражаттарының жинақталуы.
Сақтандыру тәуекелдері:
- сақтандыру мерзімінің соңына, белгілі бір жасқа немесе оқиғаға дейін өмір сүру;
- сатанушының немесе сақтандырылған тұлғаның қайтыс болуы;
- денсаулығынан немесе еңбек қабілетінен айырылу;
- табыстан айырылу.
Жеке сақтандырудың жіктелімі
өмірді сақтандыру:
- аралас;
- қайтыс болған жағдайда;
- жасына жетуді;
- балаларды;
- үйленуді;
- басқалар.
Аннуитетті сақтандыру:
- ренталарды;
- зейнетақыларды;
- табыстарды;
- басқалар.
Денсаулық пен еңбек қабілетін сақтандыру:
- қолайсыз жағдайлардан;
- уақытша еңбек қабілетсіздігінен;
- мүгедектіктен;
- медициналық;
- басқалар.
Өмірді аралас сақтандыру бойынша сақтанушылар мен сақтандырылған тұлғалардың контингенті:
- кәмелеттік жасқа толған тұлғалармен ғана сақтандыру келісімшарты жасалады;
- сақтандырушы сақтанушының азаматтығына, денсаулығына және жасына байланыты шектеулер қоюы мүмкін;
- сақтандырушы мен сақтандырылған тұлға әрқашан бір тұлға болып табылады, себебі ешкім өзінен басқа тұлғаны сақтандыра алмайды.
Сақтандыру жағдайлары:
- сақтандыру мерзімі біткенге дейін өмір сүру;
- қолайсыз жағдайларға байланысты денсаулығы мен еңбек қабілетінен айырылу;
- сақтандыру келісімшартының әрекет етіп тұрған кезінде сақтанушының қайтыс болуы.
Сақтандыру сомасы:
- сақтандыру сомасы әдетте 10000 теңгеге еселенген шексіз сомада орнатылады (мысалы: 100000, 110000, 120000 теңге);
- жасына жетуіне, еңбек қабілетінен немесе денсаулығынан айырылуына байланысты сақтанушы сақтандыру сомасын алушы ретінде қарастырылады (ол әрі сақтандырылған тұлға болып табылады);
- сақтанушы қайтыс болған жағдайда заңнамаға сәйкес сақтандыру сомасын оның мұрагерлеріне алуына болады.
Өмірді сақтандыру азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек қабілеттілігін және жеке басына байланысты өзге де мүдделерін залалдан қорғаудың нысаны. Ол жеке басты және әлеуметтік сақтандыру қызметтерінің көмегімен жүзеге асырылады. Өмірді сақтандыру сақтандырылған тұлға қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайларда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Жазатайым (қолайсыз) жағдайлардан сақтандыру сақтандырылған тұлға жазатайым жағдайлардың, аурудың салдарынан еңбек қабілетінен айырылған немесе денсаулығына зиян келген жағдайларда оның шығындарын орнын толтыру үшін тіркелген сомада сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды қарастыратын сақтандыру түрлері болып табылады.
...