Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Терминдердің аудару ерекшеліктері

Автор:   •  Декабрь 19, 2018  •  Практическая работа  •  10,394 Слов (42 Страниц)  •  1,164 Просмотры

Страница 1 из 42

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Министерство образования и науки Республики Казахстан

«Тұран» университетінің колледжі

Колледж университета «Туран»

Мамандығы      0512000 Аударма ісі

Специальность 0512000 Переводческое дело

ОҚУ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ

ЕСЕБІ

                                                         

                                                            Орындаған топ оқушы:

Выполнил(а)   обучающийся(аяся)                                                   группы  СПД-16-5:

Бахтияров Диас

                                                             Тексерген:

                                                             Проверил(а):

                                                             Преподаватель     Кургенбаева М.Е.

Алматы 2018 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ        3

БӨЛІМ  I. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ        4

1.1.        Терминдердің аудару ерекшеліктері        4

БӨЛІМ  II. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ        8

2.1.Мәтіндермен жұмыс        8

2.2. Ағылшын-қазақ аудармалары        20

ҚОРЫТЫНДЫ        28

ПАЙДАЛАНҒАН АҚПАРАТТАР ТІЗІМІ        29

ҚОСЫМША        30


КІРІСПЕ

Оқу технологиялық практикасының жүргізу мақсаты — тәжірибелік және практикалық оқыту барысында өзін-өзі жаттықтыру, жетілдіру және білімі мен құзіреттіліктерін арттыру ,  ақпараттық компентация және коммуникативтік компетенция ретінде қарастыру.

Негізгі компентенция білім мен құзіреттілікті қарастырады  және іс-әрекетке тез бейімделуінің  дайындығын көрсетеді, келісім шартқа отыру, оның  шығармашылығы, даму заңдылығы , кәсіби еңбекке деген қарым-қатынасы  - бұл оқытудың нәтижесі.

Оқу – технологиялық практикасының міндеттері:

Оқу-тәжірибесінде аударма ісі мамандығында  негізі білімділіктер мен құзіреттіліктерді  қамту.  

Аударма тәжірибесі мен практикасы құзіреттілігін қамту,   тәжірибенің заң бойынша сәйкес келуі, аударма барысындағы мәдени адаптациясы , аударма трансформациясының түрлерін білу;

Коммуникативті-прагматикалық аударма түрін меңгеру, кәсіби, ғылыми, газет-журналдар публицистикасы, жарнамалық мәтіндер, ырғақты сөз тіркестері және поэзиялық ерекшеліктері.

Мамандыққа деген қызығушылық және тәжірибені жақсы меңгергендігін түсіне білу;

Аударманың құрылымын және аударманы қарқынды түрде істей алу қабілетін дамыту, болашақ аудармашының кәсіби сапасы, аудармашы жұмысына дәйекті көзқарасы;

Тәжірибелік білімін қалыптастыру , барлық түрлерді және оқыту әдісін құзіреттілігін қалыптастыру, сонымен қатар оқу-технологиялық тәжірибесін және кәсіби тәжірибені білу.

Оқу – технологиялық практика болашақ аудармашыларға аударманың теориялық негіздерінен білімін кеңейтуге, алдағы тәжірибелік жұмыстарында жинақтаған білімдерін іс жүзінде қолдануға септігін тигізеді.

Оқу – технологиялық практика тиiстi әдiстемелiк талаптарға сай жасалған.

[pic 1]

БӨЛІМ  I. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

  1. Терминдердің аудару ерекшеліктері

Терминдер – өзіндік құрылымдық, семантикалық, деривациялық, функционалдық ерекшеліктері бар тілдің өзгеше категориясы. Аталған ерекшеліктерді ескерусіз термин жасау, басқа тілден терминдер алу, калькалау, терминдерді ұтымды қолдану мүмкін емес. Терминдер адам қызметінің ерекше түрін атап көрсететін болса, ең алдымен, ғылыми, кәсіби деңгейлерін айқындайды. Сондықтан терминдер ғылым мен техниканың, кәсіби және өндірістік салалардың, ғылыми таным мен әлем көрінісінің дамуын бейнелейді. Терминдер мен терминологиялық жүйелер қоғамның әлеуметтік құрылымының біртекті еместігін, әр түрлі топтарға, бірлестіктерге бөлініп, әрқайсысының өз тілі, өзіне ғана тән әрі түсінікті терминологиясы барлығын айқындайды. Термин тілдің ерекше негізін құрайды, себебі терминсіз, терминологиялық жүйесіз бірде-бір ғылымның, техникалық, кәсіби, өндірістік саланың дамуы мүмкін емес. Яғни, терминдерде әлем түсінігі жайлы арнайы білім, ұғымдар қамтылған, сонымен қатар, терминдер адамның ойлау қабілетінің, танымының, ақиқат шындықтың бейнеленуі мен көрінісінің ерекше бір түрдегі негізін сипаттайды.

...

Скачать:   txt (94.2 Kb)   pdf (392.4 Kb)   docx (802.9 Kb)  
Продолжить читать еще 41 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club