Электр доғалы пештің құрылысы және жұмысы
Автор: 11091989 • Декабрь 14, 2018 • Реферат • 13,616 Слов (55 Страниц) • 3,190 Просмотры
1 Электр доғалы пештің құрылысы және жұмысы
Доғалық электр пештің механикалық жабдығы. Доғалық электр пештің жалпы түрі келтірілген. (2.1 сурет) Пештің механикалық бөлігіне жатады: пештің сырты, құрама сақинасы, жұмыс және құю терезесінің арматурасы, электродтар үшін салқындатқыш және тығыздағыш құрылғылар, электродтарды тасымалдайтын механизм, пешті бұру және еңкейту механизмі, сумен салқындату жүйесі, металды электр магнитті тасымалдайтын құрылғы, құраманы көтеру [1].
[pic 1]
1-көлбеуліктің гидравликалық жетегі; 2-шомылықты тербету механизмі; 3-түбі; 4 – көлбеуліктің тіреуіш секторы; 5-шомылықтың айналу механизмі; 6-тиеу терезесі; 7-реттеуішті көтерудің гидравликалық жетегі; 8-реттеу сақинасы; 9-айырбасталатын реттегіш; 10-портал; 11-реттегішті көтеру механизмі; 12 – тоңызатқыш; 13-электр ұстағыщ; 14-электрод; 15-ұстағыш; 16-жылжымалы телескопты тұрқы; 17-тоқты реттеу түтігі; 18-кабель; 19-жылжымалы тұрқыны жылжытатын жетек; 20-темір сырт; 21-метал арқан; 22-жылжымайтын тұрқы
2.1 сурет. 10т сыйымдылығымен қазіргі таңдағы доғалық электр пештің жалпы түрі
[pic 2]
2.2 сурет. Пештің жұмыс кеңістігі
Болатты жұмыс кеңістігінде балқытады; пештің көп жерінде отқа төзімді материалдан жасалған күмбез бен қабырғалары бар. Мұндай жұмыс кеңістігінің схемасы 2.2 суретте көрсетілген. Үстіңгі жағынан, ол күмбез тәрізді күмбезбен 1, төменнен сфералық пеш түбімен 6 және қабырға жақтарымен шектелген. Пеш түбі отқа төзімді материалдармен қаланған және қабырғасы металл қаптамадан жасалған. Алмалы – салмалы күмбез тіреуіш балдаққа сүйенетін отқа төзімді кірпіштен жиналған. Үш симметриялы орналасқан күмбезде тесiктерi арқылы жұмыс кеңiстiгiне арнайы механизмдері арқылы жоғары және төмен қозғала алатын тоқ жеткізуші электродтар 9 енгізілген. Пеш үш фазалы айнымалы тоқпен қоректенеді.
Шихталы материалдарды пеш түбіне салады, олар балқығаннан кейін пеште металл қабаты мен қож түзіледі. Балқыту және қыздыру электрод пен сұйық металл немесе металл шихта арасында пайда болатын электрлік доғаның жылуы есебінен жүзеге асырылады. (2.2 сурет)
Дайын болат пен қожды шығару жұмыс кеңістігін еңкейту жолымен болат шығару тесігі 4 немесе науаша 3 арқылы іске асырады. Жапқышпен 8 жабылатын жұмыс кеңістігі балқыту жүрісін бақылау, пеш түбін жөндеуден өткізу және шихталарды салуға арналған.
Қазіргі пештерде шихтаны ашылатын түбімен қоржын (қауға) көмегімен ашылатын жұмыс кеңістігіне үстінен салады.
Отқа төзімді материалдардан жасалған жұмыс кеңістігімен пеш.
Жұмыс кеңістігінің формасы. Көлденең қимада доғалы пеш дөңгелек. Бойлық қимада жұмыс кеңістігінің кескіні (астарлау бойынша ішкі көрінісі) сфераконустық шомылықпен, күмбезбен, сфералық бөлікпен шектелген оның үстінде және жоғарғы қабырғалармен жасалған. (2.2 сурет) Бұл ретте шомылдырық пен жоғарғы сфералық бөліктер формасы барлық пештерде бірдей, формасы қаптаманың құрама пішінімен тығыз байланысты қабырғалар цилиндрлік (а), еңістік (б) және цилиндр – конустық (в) бола алады. Қабырға пішінін таңдаған кезде цилиндрлік пештердің артықшылықтар қатарын ескереді: кіші габариті, массасы мен пештің сыртқы жылу беруші беті мен қысқа желісі. Цилиндрлі – конустық және еңістік қабырғаларымен пештердің негізгі артықшылығы – оларды жоғары температуралы электрлік доғадан алыстатқандықтан қабырға астарының төзімділігін жоғарылату. Бұл ретте еңіс қабырғаларымен пеште күмбез диаметрі шамадан тыс артылғандықтан цилиндр – конустық қабырғалардың артықшылығы бар. Осы себептен соңғы жылдарда отандық зауыттарда салынған электрпештердің үлкен бөлігінің цилиндр – конустық қабырғаларымен жұмыс кеңістігі бар.
...