Доғалы пештің электр жабдықтары
Автор: Dean11 • Октябрь 13, 2022 • Реферат • 1,188 Слов (5 Страниц) • 343 Просмотры
Доғалы пештің электр жабдықтары
Доғалы электр пештер электр энергиясын көп пайдаланушы, сондықтан жоғалымдарды азайту үшін оны пештерге жоғары кернеуге береді; көптеген пештер үшін ол 6,10 немесе 35кв, ал кейбір жоғары қуатты пештер үшін 110 кв құрайды. Ал электродтарға берілетін жұмыстық кернеу 110-800 В болу керек, сондықтан әр пеште төмендеткіш дербес трансформаторы және кернеуді жұмыстыққа дейін төмендетуді, тоқты электродтарға жеткізуді және берілген электр қуатын реттеуді қамтамасыз ететін басқа да электр жабдықтар болады. Кіші және орташа қуатты трансформаторлы пештік қондырғының жеңілдетілген сорабы 4.1-суретте көрсетілген; жоғары вольтты жүйеден электродтарға дейін келесі жабдықтар орналасқан.
[pic 1]
ЖКК-жоғары кернеулі кабель; А-айырғыш; БА-бас ажыратқыш; КТ-кернеу трансфор-маторы; ТТ-тоқ трансформаторы;Др-дроссель (реактор); ША-шунттайтын ажыратқыш; ПТ-пештік трансформатор; КСАҚ-кернеу сатыларының ауыстырып қосқышы; ПΔ/Ү-"үшбұрыш-жұлдыз" ауыстырып қосқышы; 1-электрод; 2-доға; 3-металл ванна
4.1-сурет - Доғалы пештің электр қорегінің сұлбасы
Үш полюсті шаппа қосқыш болып келетін айырғыш бас ажыратқыштан (жоғары вольтты) кернеуді алуды және жоғарғы кернеудің желісінде көрінер үзік жасауды атқарады (жөндеу жұмыстарында және т.б). Оны тек жүктеме алынғанда ғана (бас ажыратқыш ажыратылғанда) қосады және ажыратады.
Бас немесе жоғарғы вольтті ажыратқыш жүктеме астындағы жоғарғы вольтті тізбекті үзу үшін арналған. Оның құрылғысы ажыратқышар оларды айырған моментте ажыратқыштың түйістерінің арасында пайда болатын электрлік доғаларды сөндіруді қамтамасыз етеді. Доғаны сөндірудің тәсіліне қарай майлы, ауалы, электр магнитті және вакумды деп ажыратады. Майлы ажыратқышта ажырау доғасын ажыратқыштың багін толтырылған минералдық май сөндіреді. Ауалыда доғаны сығымдалған ауаның ағыны сөндіреді; майдың болмау арқасында ол өрт және жарылғыш қауіпті болады. Электр магнитті ажырат-қыштарда доғаны сөндіру түйістердің ажырау сәтінде пайда болатын көлденең магнитті өріспен жүргізіледі. Бұл ажыратқыштардың артықшылығы сығымдалған ауаны және оқшаулағыш майды қажет етпейтігінде. Кернеуі 110кВ және одан жоғары тізбекте пайдаланылатын вакуумдқ ажыратқыштар жұмыс жасау мерзімінің ұзақтығымен ерекшеленеді, өйткені олардың түйістері қалайыланған вакуумдық доға сөндіргіш камераның ішіне орналасқан. Бас ажыратқыш барлық оперативті қосуды және пеш қондырғысын оның жұмыс істеу үстінде ажыратылуын атқарады. Одан басқа, тиісті датчиктердің белгісі (сигналы) бойынша жұмысының кәдімгі тәртібі бұзылғанда қондырғыны ажыратып тастайды (келте желіде тоқтың күші өскенде, трансформатордың салқындату жүйесіндегі майдың температурасы және пеш элементтерінің салқындату жүйесіндегі судың температурасы көтерілгенде және т.б).
Дроссель немесе реактор доғаның жануын тұрақтандыруды және тізбекке индукциялық кедергі енгізу жолымен қысқа тұйықталу тоқтарын шектеуді атқа-рады және майы бар қаптамаға отырғызылған, өзекшесі бар үш орама түрінде жасалынған. Орамадағы көп санды орамдар дроссельдің жоғарғы индукциялық кедергісін қамтамасыз етеді. Кейде дроссельді трансформатормен бірге бір қаптаманың ішіне орнатады.
Дроссель қосулы тұрғанда қондырғының қуатының коэффициенті cosα төмендейді, сондықтан ваннаға сұйық металл көп жиналғаннан кейін және доғалар тұрақты жаңа бастағаннан кейін оны көмекші майлы ажыратқыш көмегімен шунттай отырып дроссельді ажыратады.
Трансформаторының қуаты >10МВ·А пештерде трансформатормен келте торабтың индукциялық кедергісі өте зор, сондықтан дроссельдің қажеттілігі жоқ.
Пештің трансформаторы жоғары кернеудегі электр энергиясын төмен кернеудегі энергияға түрлендіну үшін арналған. Үш фазалық пештік трансформатор өзара байланысқан үш өзекшеден тұрады, олардың әрқайсысына жоғары және төмен кернеудің орамалары бекітілген. Өзекше орамамен бірге оқшаулығыш және транcформаторды салқындатқышболатын трасформарлық маймен толтырылған қаптаманың ішіне отырғызылған. Қуаттылығы > 5МВ·А трансформаторларында майдың сулы салқындатқыш арқылы өткізілетін мәжбүрлік айналуын қолданады. Қуаттылығы 10МВ·А-ге дейінгі кейбір трансформаторларының қаптамасына майымен бірге қосымша дроссель, ал жоғары қуаттылардың көбінде, жүктеме астында істейтін, кернеу сатыларын ауыстырып қосқыштар орналасқан.
...